2 мая 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Кореядан келген аппараттарымыз коронавирусты 100% анықтайды

15 апрель 2020, 9:43
Кореядан келген аппараттарымыз коронавирусты 100% анықтайды
ПЦР аппараты вируспен қаншалықты залалданғанын, қай генмен ауырғанын нақты 100 пайыз дәлдікпен көрсетеді. Ары қарай да осы гендердің бұзылуына қарай зерттеулер жүргізіп, қай генмен ауырған ауыр және жеңіл дегенді анықтауға болады, деп хабарлайды Матрица.kz.

Төлемісова Арай Мағауияқызы, гигиенист-эпидемиолог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, Халықаралық дипломнан кейінгі білім беру институтының (МИПО) ректоры, «LifeMed Holding» компаниясының директоры.

Кореядан келген аппараттарымыз коронавирусты 100% анықтайды


- Арай Мағауияқызы, корейлік компанияның Bioneer аппараттарын Орта Азия және ТМД елдеріне әкелетін жалғыз дистрибьютор екенсіз. Осы аппарттар жөнінде толықтай айтып өтсеңіз. Қандай ауруларды анықтайды?

Дәрігерлердің білімін жетілдіру мақсатында әлемнің 25 мемлекетімен меморандумға отырып, сол елдердегі озық клиникаларға дәрігерлерді апарып тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргіземіз. Медицина саласы жақсы дамыған елдердің бірі ретінде Кореяның Су Чи Нон клиникасына кезекті іс-сапарымызда олардың ауруды емдеудегі айырмашылығы – диагностиканы дұрыс қоятындығы, яғни молекулярлы-генетикалық деңгейде көрсететіндігі. Сондай аппараттар шығаратын үлкен корпорация Green Gross деген халықаралық лаборатория бар, соның диагностикалық аппарат шығаратын Bioneer компаниясымен танысып, аппараттарының жұмыс істеудегі тиімділігі қызықтырды. Солай сол компаниямен келісімге отырып, 2014 жылдан бері «LifeMed Holding» компаниясын құрып, лицензия алып, аппараттарды Қазақстанға әкеліп, оны еліміздегі ауруханаларға орналастырудамыз.

Біз ең алдымен, аппараттарды Алматыдағы туберкулез диспансеріне қойып, 3 жылдай ғылыми зерттеу жүргіздік, нәтижесі өте жоғары екенін дәлелдей отырып, ғылыми мақалалар жарияладық, бүгінде еліміздегі 13 облыстың ауруханаларына орнатып, қазір олар жұмыс істеуде. Мамандарды оқытып, үйретіп, бір жылдан кейін Кореяға апарып тағы оқыттық. Бүгінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, жобалар жасағандықтан Қазақстанға және Орта Азия, ТМД елдеріне сатуға біз ғана эксклюзивті дистрибьютор болып табыламыз. ТМД елдерінің ішінен Өзбекстан, Украина, Грузия, Әзірбайжан елдеріне аппаратымызды қойдырып, қазір бірге жұмыс жасап жатармыз. Ресеймен де келісімге отырдық, осы жылы жұмысты бастамақпыз. Қырғызстан, Тәжікстан да сұраныс білдіріп отыр.

- Бұл аппараттар қандай ауруларға диагностика жасайды?

Бұл бір аппаратпен тек реактивтерін ауыстырып отырып, 120 анализ жасайтын деңгейі бар. Гепатит, СПИД, туберкулез, инфекция, әртүрлі вирустар, пневмония, грипп, тағы сол сияқты жұқпалы ауруларға анализ жасайды. Жабық түрде автоматты нәтижесін тез алатын дәрежесі бар екенін дәлелдедік. СПИД орталығымен де ғылыми жоба жасап, басқа ПЦР аппараттармен салыстырмалы түрде өткізіп, жақсы результаттар көрсетілді, енді биылғы жылы қажетті жерлерге орналастырамыз деген жоспардамыз. Гепатиттік бағыттағы аппаратымыз облыстық денсаулық сақтау бөлімінің қолдауымен Тараздағы инфекциялық ауруханада орнаттық. Ол аппарат гепатиттің бар екенін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге қаншалықты деңгейде екенін, қаншалықты ем жүріп жатқанын да көрсетеді. Бұл дегеніңіз аурудың емделуін де бақылауда ұстауға мүмкіндік береді деген сөз.

- Қазіргі қойып жатқан аппараттарыңыз арнайы коронавирусты анықтауға арналып шығарылған ба?

Алғаш осы коронавирус Қытайда пайда болған кезде Корея жақын орналасқан ел ретінде, лабораториясы жылдам іске қосылып осы ауруды анықтайтын реактивтерді ойлап тапты. Өздерінде зерттеулер жүргізіліп, жақсы нәтиже көрсеткеннен кейін арнайы сертификатын алды. Осы жылдың қаңтар айында бізге ұсынды. Бірақ ол уақытта бізде ол аурудың белгілері болмағандықтан біз қызығушылық танытпадық. Әлемнің көптеген елдері осы аппаратты қолдануда.

Кейін бізде де вирус шығып, соңғы кезде көбеюіне байланысты реактивтерге тапсырыс беріп алғыздық. Ал аппараттар бұрын өзімізде бар. Еліміздегі ауруханаларға, бұрынғы аппараттар қойылған жерлерге де ұсыныстар жібердік. Бірақ алдымен зерттеп көзімізді жеткізейік деген мақсатпен қазір сол аппараттар арқылы өзіміз зерттеулер жүргіздік. Яғни зертханалардан оң және теріс нәтиже көрсеткен анализдерді алып, бірнеше рет сынама жасадық. Нәтижесі де жоғары деңгейде шықты. Алдағы бірнеше күнде тиісті қажет деп тапқан орындарға қоюға дайынбыз. Орал, Ақтау, Маңғыстау жағы сұраныс білдірді. Жақын арада жібереміз деп отырмыз.

- Осы уақытқа дейін сынама жасап келген аппараттардан айырмашылығы неде?

ПЦР аппараттар ашық және жабық түрде деп бөлінеді. Бұл аппарат анализді жабық түрде жүргізеді. Ашық аппараттардың реактивтерін бір-біріне қолдануға болады, ал бұл аппарат жабық болғандықтан әр аурудың өз реактивтері бар.

Жабық дегеніміз біріншіден, жұмыс жасайтын лаборанттың қауіпсіздігін сақтайды яғни ауруды сынама барысында жұқтырып алу қаупі жоқ, ал ашық жасалатын жерде оның қауіптілігі басым.

Екіншіден, анализ жасау үшін генетикалық деңгейде ДНК, РНК алынуы 100 пайыз таза болады. Басқа аппараттарда ол қолмен алынатындықтан қателіктер жіберілетін кездер де кездеседі.

Үшіншіден, бұл аппараттың сезімталдығы аса жоғары. Коронавирус ол бұрыннан бар, бірақ қазіргі мынау covid-19-дың қауіптілігі ол мутантталған, яғни өзгеріске ұшыраған күрделі түрі. Ол бір адамнан екінші адамға жұққанда немесе бір елдегі вирус пен екінші елдегі вирустың бір-біріне ұқсамайтындығы және бір емес бірнеше микробтардан тұратындықтан оның емдеу жолдары, вакцинасы әлі табылмай отыр.

Сондықтан бұл күрделі болып табылады. Яғни осы вирустың құрамында 3 ерекше ген өзгеріп отырады. Сол үш геннің жұқтырылуы әртүрлі. Мысалы, бір адамда геннің бір түрі болуы мүмкін, екінші адамда екі түрі, соған байланысты оның ауыр және жеңіл түрде өтуі содан. Ал мына аппараттың сезімталдығы жоғары дегенім, осы үш геннің қайсысы бар екенін нақты көрсетіп беретіндігі. Және ары қарай емделу барысында да емнің қаншалықты әсерде жүргізіліп жатқандығын да көріп отыруға мүмкіншілік жасайды.



- Қазіргі анализ жасап жатқан тест таяқшаларымен салыстырғанда нәтижесі қаншалықты жоғары және тиімділігі?

Тестпен анықтау мен бұл аппараттың анықтау тәсілі екі түрлі. Тест арқылы адам ағзасында антиденелердің бар-жоғын ғана анықтауға болады. Бұрын ауырып жазылған адамның денесінде де антидене сақталады, яғни оны да оң деп көрсетеді деген сөз. Тест арқылы дәлелдеу оны диагностика деп айта алмаймыз. Өйткені пайыздық көрсеткіші де өте төмен, 30 пайыз шамасында көрсетуі мүмкін. Ал бұл аппарат вируспен қаншалықты залалданғанын, қай генмен ауырғанын нақты 100 пайыз дәлдікпен көрсетеді. Ары қарай да осы гендердің бұзылуына қарай зерттеулер жүргізіп, қай генмен ауырған ауыр және жеңіл дегенді анықтауға болады.

Тиімділігіне келер болсақ, басқа аппаратта ДНК, РНК-ны алған кезде бірнеше лаборант отырып қолмен жұмыс жасайды. Ал бұл аппаратқа 5-7 минутта анализдерді номерлеп құйып, машинаға салып қояды, 2 сағатта 48 анализды өзі автоматты түрде жасап шығарады. Оған дейін лаборант басқа жұмыстарымен айналысуына болады, одан кейін келесі машинаға ауыстырып салады, ол жерде 1 жарым сағат тұрып, нәтижесі компьютерге шығып келеді. Сонда бір ғана лаборант жеткілікті. Дәрігерлерге сапалы да тиімді, уақытын да алмайды, көп адамды да қажет етпейді.

- Аппарат қойылған соң оқыту, үйрету, мамандарды дайындау қалай жүргізіледі?

Егер сұраныс болып жатса, оқытылған инженерлеріміз дайын. Олар аппаратты қойып, техникалық жағын бақылауда ұстап отырамыз. Бір жақсысы интернет арқылы бағдарламасы жаңартылып отырады. Қашықтықтан инженер бақылауда ұстайды. Мамандарды оқытамыз өзіміз, кейін анализдер дұрыс емес болып жатқан жағдайда бізге жібереді, қай жерде қандай қателіктер болды түсіндіріп береміз.

Бұл аппаратты бұл пандемия аяқталған соң да ары қарай, реактивтерін ауыстыру арқылы басқа инфекцияларды анықтауға пайдалана береді. Яғни бұл бір реттік емес, көптеген ауруларды анықтауда тиімді болып табылады.

P.S.

- Қазір көптеген дәрігерлеріміз де жұқтырып, ауырып жатыр. Соған не айтасыз?


Бұл әрине жүректі ауыртатын жағдай. Олар тікелей аурумен байланыста болғандықтан оның болуы әбден мүмкін. Дәрігерлер адам өмірінің арашасы болғандықтан, көп жағдайда пациенттің жағдайын ойлап тұрып, өз қауіпсіздіктерін ұмытып немесе ойламай қалуы мүмкін. Сосын қауіпсіздік киімдерінің де сапасы нормаға сай келмей жатыр. Әртүрлі жекелей кәсіпкерлердің тігіп сатып жатқан сапасы сай келмейтін халаттар мен маскалар да бұл көрсеткішке әсер етіп жатыр деуге болады. Қауіпті аймақта жүрген дәрігерлерден басқа, қабылдауда отырған немесе басқа бөлімдегі дәрігерлердің ауырғандығы әрине, тіптен көңіл түсірерлік жағдай. Оның себебі дұрыс қорғалмағандығы, олардың бәріне ерекше қорғанысы бар костюмдер кигізу керек. Посттарда тұрған дәрігерлер де жай халат пен маскаға киіп тұр. Ол жердегі қауіп тіптен жоғары болуы мүмкін. Сондықтан адам жанының арашасы дәрігерлерге ерекше көңіл бөліп, қауіпсіздігіне баса назар аудару керек.

- Ауылды жерлерде де көбейіп жатыр. Ауыл халқына қандай кеңес бересіз?

Басында екі қаланы жапқан кезде дұрыс шешім болды, тез арада аурудың алдын алармыз деп ойладым. Бірақ қонақжай, тойшыл халықпыз, соның кесірі де тиіп кеткендей болды. Адамдар бейғам жүрді, алыпқашпа әңгімелерге көбірек сеніп, үкіметтің тыйымдарына мән бермей, тәртіпке бағынбай, соның кесірінен ауылдық жерлерге тарап кетті, өкінішке орай. Сондықтан, мынау карантинге бойсұнып, сабырлық сақтап, тек үйде жатып елімізді осы сырқаттан сақтап қала аламыз.

Күн-түн демей күзетте тұрған тәртіп сақшыларының, бастарын қатерге тігіп ұйқысыз аурумен алысып жүрген дәрігерлердің жұмысына құрметпен қарап, басымызды иейік. Жанжал шығармай, солардың жұмысына кедергі келтірмей, отбасымыздың қасында, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», ауызбіршілікте, ұйымшылдықта болсақ қана осы індетті жоя аламыз. Бекерден бекер тыйым салынып, бүкіл әлем дүрлігіп жатқан жоқ. Түсіністікпен қарап, бірлесіп күресу керек. Қытайдың бұл вирусты тез жеңіп, қазір қалыпты өміріне оралуы, тәртіпке бірауыздан бағынғаны, өзгелердің ісіне құрмет білдіргендігінен. Біз де сол күнге жету үшін тек шыдамдылық танытайық.
Просмотров материала: 1 943

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 93 145 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 959 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 930 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 873 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 861 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 535 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 288 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 315 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 795 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 941 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 388 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 338 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 500 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 409 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 167 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 332 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 874 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 144 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 478 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 177 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 152 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 091 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 944 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 154 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 119 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 10 021 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 844 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 986 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 197 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 435 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 926 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 965 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 015 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 916 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 152 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 283 Просмотров





Опрос


«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031