19 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Азаматтық қоғамды барынша ояту қажет

13 апрель 2020, 10:58
Азаматтық қоғамды барынша ояту қажет
Жүйедегі ақау тозығы жетіп шіріген киім секілді әр жерден жыртылып жатыр. Бір жерін жамаса, екінші жері тесіліп шығады. Жемқорлық әбден жайлағаны соншалық кейбір ірі шенеуніктер Арыстағы апатқа бөлінген қаржыға дейін қол сұқты. Күнде бір шенеуніңтің парамен ұсталғаны жайлы хабарға таңқалмайтын болдық. Әрине азғантай айлығымен мемлекеттік қызметтің отымен кіріп, күлімен шығып, жанын салып жұмыс істеп жүрген көптеген ары таза мемлекетшіл, білікті қызметкерлер де жеткілікті. Олардың бәрін бірдей парақор деп кінәлаған әділетсіздік деп ойлаймын.

Экономика толықтай мұнай мен шикізатқа тәуелді. Мұнайдың бағасы түскен сайын ыстығы көтерілген науқас адамдай доллардың да бағасы шарықтап кетеді. Соттың жағдайы да мәлім. Миллион доллар пара алып ұсталған Нилер көзді бақырайтып қойып сот залынан босатылып, тауық ұрлағандар көпекөрнеу қамалып жатыр. Халық сот жүйесіне мүлде сенбейді.

Миллион теңгеге "тағайындалған" депутаттар да рұқсат шеңберінде ғана сөз алып, бірдеңкені міңгірлегені болмаса, елдік мәселені көтеріп, биік мінбеден биліктің қателігін көрсетіп қатты сөйлегенін көргеніміз жоқ. Жарымайтын айлыққа жұмыс істеп жүрген мұғалімге де, дәрігерге де ренжи алмайсың. Қадірі кеткен мұғалімдердің сайлауда қандай сайқымазаққа айналғанын көрдік. Көрдік те түңілдік. Түңілдік те оларды сондай жағдайға дейін түсірген жүйеге лағынет айттық.

Демография күйреп тұр. 30 жылда жағдайы жоқ өзбек 59%, қырғыз 43%, азербайжан 37% өссе, қазақ небәрі 12% ғана өскен. Шаңырақ құрған жастардың 40% бір жылға жетпей ажырасып отыр.

30 жылда азғантай халықтың баспана мәселесі толық шешілген жоқ. Елорда халқы әлі күнге дейін көмір жағып отырса да әлемге жасыл энергияны үйретпек болған EXPO, LRT секілді еш пайдасы жоқ ірі жобаларға, мәнсіз жиындарға, той-томалаққа шашылған миллиярдттаған ысырапты қысқартып, орнына халықымыздың, көпбалалы отбасылардың, мұғалім, дәрігерлеріміздің жағдайын жасап тастауға болар еді.

Ұлттық идеология мүлдем жоқ. Қазақ тілінің мүшкіл жағдайы тағы белгілі. Мәжіліс пен сенат, өкіметіміз, барлық мемлекеттік мекемелер, көпшілік қала халқы әлі күнге дейін орысша шүлдірлейді. Дін саласы да оңып тұрғаны шамалы. Қазақты жік-жікке бөлген түрлі теріс ағымдар орнығып алды.
Жалпы ахуалымыз осы. Осындай мүшкіл жағдайда билік Қасым-Жомарт Тоқаевқа тиді. Онда да қол-аяғы маталған билік. 30 жылдық сірескен жүйе, биліктің айналасына шоғырланған олигархтар әлі де билікті уысынан шығарғысы келмейді.

Отыз жылда қордаланған бүкіл мүшкіл мәселе, күрмелген күрделі проблемалардың барлығы Тоқаевтың мойнына артылды. Бұл аздай әлемдік пандемияға айналған коронавирус індеті де елімізге өз салмағын салып, бұрын-соңды болмаған ауыр жағдайға, экономикалық дағдарысқа тіреді.
Бірақ осындай әлсіз позицияға қарамастан мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың өзгеріске, реформаға деген талпынысын көріп отырмыз.

Президенттің Елбасыға жиі жалтақтауы көп адамға ұнамаса да, оған мәжбүр екенін, толыққанды биліктің әлі қолына тимегенін халық түсініп те, көріп те отыр.

Қазақстанда көтеріліс болған жағдайда, елде хаус орын алатынын болжау қиын емес. Өйткені бұған сыртқы факторлар араласады. Мұндай кезде қазаққа әлі сіңіспеген, әсіресе көрші елмен қатысы бар өзге ұлттардың қандай роль ойнайтындығын да топшылау қиын емес. Тіпті Ресейден әскер кіргізілуі де мүмкін. Революция бола қалған жағдайда, билік тізгіні халықтың қолына қан төгіссіз өтпейді. Аяғында билікке кім келетіндігі де белгісіз. Нағыз лайық тұлға отыратындығына да кепілдік жоқ. Өйткені елді ұйыстырып, артына ертіп алып кететін халық қолдауына ие сауатты оппозиция жоқ.

Біз Қырғызстан да, Украина да емеспіз. Асты да, үсті де байлыққа толы байтақ жер, аз ғана халықпыз. Түрлі елдердің мүдделері тоғысып жатыр. Сондықтан бізге революция мүлдем тиімді емес. Керісінше зиян. Тәуелсіздігімізге қауіп.

Енді не істейміз? Меніңше азаматтық қоғамды барынша оятуымыз қажет. Арзан күлкі, қысыр әңгіме емес, халықтың саяси санасын жетілдіріп, өз құқықтарын талап етуді үйретуіміз керек.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтан уәде еткен реформасын табанды талап етуге тиіспіз. Сондай-ақ, оның оң қадамдарын қолдау арқылы билігін күшейтуіміз ләзім. Президент халықтың қолдауын сезініп, билігі күшейген сайын ескі жүйе де әлсіреп, ықпалы азая береді. Билік бірнеше жылда эволюциялық жолмен толыққанды қолына өтеді. Ары қарай жаңа жүйе қалыптасады. Біздің қазіргі таңда "бай талғайтын" жағдайымыз да, басқа таңдаумыз да жоқ!

Президенттің жылдар бойы осы жүйенің ішінде жүрсе де ешбір кланға кірмеуі, жемқорлыққа, есепсіз байлыққа батпай өзін таза ұстай білуі, оқыған зиялылғы, саясаткерде болуы тиіс салқынқандылығы Қазақ елін жақсы өзгеріске жетелейді деп үміттенемін.

ТәуелсІздІгімізді, тыныштығымызды сақтай отырып, бейбіт жолмен жүйені өзгертудің басқа жолын көріп тұрғаным жоқ. Алла елімізге жар болсын!

Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлының әлеуметтік желідегі жазбасы.

Дереккөз: Abai.kz[/size]
Просмотров материала: 560

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 218 548 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 218 230 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 217 735 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 217 774 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 218 147 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 622 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 655 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 980 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 649 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 697 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 893 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 821 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 929 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 583 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 458 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 410 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 694 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 443 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 851 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 647 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 464 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 305 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 159 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 508 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 397 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 885 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 240 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 212 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 453 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 845 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 196 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 143 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 279 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 216 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 451 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 593 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930