9 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



42 500 теңгелік жәрдемақыны төлеу кешіктірілуі мүмкін

09 апрель 2020, 16:34
42 500 теңгелік жәрдемақыны төлеу кешіктірілуі мүмкін
Төтенше жағдай кезінде азаматтардың кіріссіз қалуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жіберілетін 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемге өтінімдерді қарау уақыты олардың көбісінің бірнеше қайталануына байланысты кешіктірілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қордың баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, бастапқыда бұл өтінімдерді қарап, деректерді тексеру мерзімі 7 жұмыс күні деп белгіленген еді. Осы орайда, төлемдерді тезірек жүргізу үшін, өтінімдерді қарау барысы 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Дегенмен, ескертерлігі, біраз азаматтар аталған қызметке бірнеше рет жүгінгенді жөн көретіні байқалды. Мәселен 8 сәуір түнгі 11-дегі жағдай бойынша 3,1 млн хабарламаның 1,3-і қайталанатын болып шықты.

Барлық өтінім саналуан деректер қорында мұқият сүзгіден өтеді. Оның ішінде адамның аты-жөні, ЖСН мен банк шотының нөмірі, жұмысына қатысты мағлұматтар айрықша екшеледі.

Мәліметтерді тексере келе, 42 500 теңгелік төлемге жұмыс істейтін, талапқа сай келмейтін азаматтардың да иек артып, дұрыс емес банк шоттары немесе бөгде біреудің, жарамсыз банк шоттары жолданатыны анықталды. Сонымен қатар, марқұм болып кеткен немесе шетелде тұратын тұлғалардың атынан да өтінім берілетіні белгілі болып отыр. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне ешқашан қатыспаған, оған қаражат аудармаған азаматтар да өтінім жіберуді құп көрген. Ұқсас деректердің 405 мыңнан астамы айқындалды, - делінген хабарламада.

Оларды тауып, қайталанатындарын алып тастау үшін 3,1 млн өтініштің әрқайсын жан-жақты қаралау қажет екені түсінікті.

Осылайша өтінімді қарау аралығы созылып кетуі ықтимал. Сондықтан, азаматтардан, 3 жұмыс күнінен соң төлемді тағайындау туралы хабарлама алмасаңыздар да алаңдамауларыңызды сұраймыз. Әр өтініш бойынша ақпарат тексерілгеннен кейін міндетті түрде өтінім жолдаушыға қабылданған шешім жайы жеткізіледі.

Төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректерін Мемлекетік әлеуметтік сақтандыру қоры "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жібереді, ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін бағыттайды.

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot мекенжайы бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.

Азаматтардан тағы да өтінімді бір рет жолдауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы ережеге сәйкес, ТЖ кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бір адамға айына 42 500 теңге мөлшерінде берілетін әлеуметтік төлем келесі санаттарға беріледі:

– шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– карантин енгізілген елдімекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– жеке кәсіпкерлерге;

– дара тәжірибемен айналысатын адамдарға (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);

– бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға;

– нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға.
Просмотров материала: 1 318

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 644 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 233 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 193 749 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 193 806 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 155 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 329 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 425 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 719 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 158 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 269 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 613 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 456 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 578 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 388 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 226 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 709 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 472 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 161 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 562 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 339 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 265 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 098 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 241 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 163 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 662 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 472 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 994 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 249 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 626 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 004 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 946 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 033 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 995 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 200 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 357 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930