15 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстандық бизнес немқұрайлық танытпай, мұқтаж жандарға қол ұшын созды

06 апрель 2020, 11:00
Қазақстандық бизнес немқұрайлық танытпай, мұқтаж жандарға қол ұшын созды
Әлемді жаулаған COVID-19 пандемиясы мен соның нәтижесінде орын алған өзгерістер Қазақстанға да келді. Халықтың аса осал топтарына қолдау көрсету туралы бастаманы отандық бизнес өкілдері де қолдады, деп хбарлайды Матрица.kz.

Қауіпті аурудың таралуының жоғары темпі Қазақстан үкіметі 16 наурыздан бастап Төтенше жағдай режимін жариялап, Нұр-Сұлтан мен Алматы қ. карантин енгізу туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта ситуация әлі жақсарудан алыс, ұқсас іс-шаралар, оның ішінде карантинді енгізу басқа өңірлерге де таралды. Бұған қоса ТЖ режимінің мерзімі ұзартылуы да ықтимал. Ағымдағы ситуация қарапайым адамдар үшін үлкен өзгерістер алып келді. Тіпті жұмыс пен жеке өмірде елеулі өзгерістердің бастамасы болды. Алайда егер жастар үшін өзін-өзі оқшаулау кезінде ең күрделі міндет қалаға шығу болса, егде адамдар, сонымен бірге «инфекция ошақтарында» қалған тұрғындар үшін «аман қалу» негізгі мақсатқа айналды.

Көптеген адамдар оқиғалардың дәл осылай өрбуіне және проблеманың масштабына дайын болмады, ал жергілікті әкімдіктерде жеткілікті қор жоқ, тиісінше кез келген көмек талап етілетіні анық. Алайда көмек өзін көп күткізбей, жеке бастама бойынша бизнес тарапынан келді. Әрине бұл ретте бірінші президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың белсенді түрде материалдық көмекті көрсету туралы үндеуінен кейін де ары қарай өрбіді. Оның ішінде Halyk Bank құрған birgemiz.kz арнайы қайырымдылық платформасының негізінде жұмыс істейтін Bizgirgemiz ұлттық акциясы үлкен танымалдыққа ие болды.

Барлық отандық бизнесмендер коронавируспен күресу үшін 1,5 млрд. теңгеден асатын сома бөлді. Осы сомаға медициналық тесттер, қорғаныс маскалары сатып алынды, көшелерде тікелей тесттерді жасауға арналған мобильді пункттер орнатылды. Вируспен күресудің эпицентрінде қалған медицина саласының қызметкерлеріне қолдау көрсету үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың қоры медициналық қызметкерлерге сыйақы беру үшін, сонымен қатар маскалар мен зарарсыздандырғыш құралдарды сатып алу үшін 200 млн. теңге бөлген. Болат Өтемұратовтың қоры Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавируспен күресуге 200 млн. теңге бөлген.

«Верный Капитал» компаниялар тобы коронавируспен күресу мақсатында құрылған республикалық қорға бір миллион доллар берген.
Бұл бастамаға банктер де қосылды. Мысалы, Halyk Bank коронавируспен күресетін медициналық қызметкерлерге қаржылық қолдау көрсету үшін 100 млн. теңге бөлсе, Сбербанк Қазақстан 50 млн. теңге бөлген. Сонымен бірге BI Group тобының басшысы Айдын Рахимбаев 100 млн. теңге, ал Astana Group басшысы Нұрлан Смағұлов қосымша 60 млн. теңге бөлген.

Халқымыз үшін маңызды осы бастамаға ірі компаниялардың, корпорациялардың және банктердің басшылары болып табылатын танымал бизнесмендерден басқа әрбір көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын беруге дайын адамдар да қосылды. Осылайша Атырау облысы бойынша ҚР Фермерлер одағы филиалының төрағасы, кәсіпкер Мұрат Сарманов Bizbirgemiz қорына бір миллион теңге аударды. Қарағанды қаласының ірі кәсіпкері Ғабдолла Дюсенбаев жергілікті емхана үшін экспресс-тесттерді сатып алуға 5 млн. теңге аударған, ал Ақтоғай ауданының кәсіпкері Дарын Досмахов өз қаражаты есебінен бірнеше материалдық жағдайы нашар отбасыларға бірінші қажеттілік заттарын, гигиена құралдарын және азық-түлік сатып алып берді.

Ұқсас белсенді қызмет Алматы қаласында да кеңінен таралды. Карантинде қалған егде адамдарға көмек көрсетіле басталды. Біріншіден, егде адамдар коронавирус бойынша аса қауіпті топты құрайды, екіншіден, олар азық-түлікке жеке өзі барып келе алмайтын күрделі ситуацияда қалған.

«Алма-Ата» Әйелдер клубының» еріктілерінің күшімен көмекке мұқтаж жандардың есігіне дейін азық-түлік жеткізілді.

Міне, осындай немқұрайлы емес адамдардың көмегімен, үкіметтің жергілікті органдарының, оның ішінде прокуратура, әкімдік пен полиция қызметкерлерінің қолдауымен үйінен шыға алмайтын адамдарға оңай жеткізілді.

Азық-түліктің көлеміне қарамастан оларды сатып алуға елеулі қаражатты Әйелдер клубы мен Solva бөле отырып, көмекті қажет ететін егде адамдарға 16 азық-түліктен тұратын жиынтықты сатып алып жеткізуді өз қолына алған.

«Қазір зейнеткерлерге, егде адамдарға өте қиын, себебі олар қауіп аймағында, екіншіден, өздеріне қажетті азық-түлікті сатып ала алмайды. Жүрегі кең, пейілі таза адамдардың болуы әлемде жақсылықтың бар екендігіне сенуге мүмкіндік береді» - деп акция ұйымдастырушысы Ғалия Қоянбаева пікір білдіре отырып, Solva МҚҰ көмегімен біраз мұқтаж жандарға көмек көрсете алғандығын қуанышпен бөлісті.

Просмотров материала: 863

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 639 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 471 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 098 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 147 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 429 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 058 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 193 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 418 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 417 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 583 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 310 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 838 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 343 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 197 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 016 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 207 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 294 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 960 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 348 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 067 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 084 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 916 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 750 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 015 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 956 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 469 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 935 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 789 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 062 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 389 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 803 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 760 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 812 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 761 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 988 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 136 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031