3 мая 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Берік Уәли карантин талаптарын сақтауға шақырды

03 апрель 2020, 16:20
Берік Уәли карантин талаптарын сақтауға шақырды
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы отандастарын карантин талаптарын сақтауға шақырды. Бқл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Коронавирус пандемиясы жер жүзіндегі пенде біткеннің барлығы бірдей екенін, ешкімнің ешкімнен айырмашылығы жоқтығын көзімізге шұқып көрсетті. Бай мен кедей де, патша мен пақыр да, ақ пен қара да індеттің алдында бірдей. Бөлмейді, жармайды. Кім екеніңе қарамайды. Емі табылмағанымен қоймай, шекара деген түсінікке бағынбайды. Елден елге, жерден жерге еркін көшіп жүре береді. Жолындағысының бәрін жалмап бара жатыр. Індетті жұқтырмаудың, жақындарыңды аман сақтаудың төте жолы тыныш қана үйіңде отыру екенін түсінуіміз керек. Түсініп те келе жатырмыз. Жәй жүрмей ауру тасып, өзіңнің де, өзгенің де басын қатерге тікпейік десек, шаңырағымыздан шықпауымыз қажет. Келін түсіріп, қыз ұзатып, ас беріп жинала берсек, онда мұның алдын алу, жолын бөгеу мүмкін емес. Елімізде Төтенше жағдай бекерден-бекер енгізілген жоқ. Тәртіпке бағыну, сақтау шарт. Сондықтан өзімізге өзіміз жау болмасақ, үйден шықпайық, отбасымызды, халқымызды сақтайық»,- деп жазды журналист.

Берік Уәлидің ойынша, Қазақстан ТМД елдерінің арасында қатаң тәртіпті бірінші боп қолға алды. Төтенше жағдай жарияланды. Қалалар карантинге жабылды. Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантиннің талаптары күшейтілді. Ел бәрінен хабардар.

Бұл шаралардың салдарсыз емес екені де анық. Қаншама адам жұмыстан шығып қалып, кәсіпорындар жұмыстарын тоқтатып жатыр. Жұмыссыз қалмағаны ақысыз демалысқа жіберілді. Экономикалық тұрғыдан өте ауыр кезеңді бастан өткеріп отырмыз. Дағдарыстың салқыны ешкімді айналып өтіп жатқан жоқ. Мұндай сын сағатында мемлекет өз азаматтарына қамқорлық жасауға міндетті. Тарықпауын қамтамасыз етуі керек. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 31 наурыз күні мәлімдеме жасады. Мәлімдемемен жұрт танысты, қандай мәселелердің айтылғанынан хабардар деп ойлаймын. Сонда да болса кейбір тұстарына тоқтала кетейін.

• Төтенше жағдайға байланысты төленетін 42500 теңге көлеміндегі қаражат бұрын тұрақты жұмыс істеп, жалақы алғандарға ғана емес, сондай-ақ өзін өзі жұмыспен қамтыған және ресми тіркелмей еңбек ететін азаматтарымызға да берілетін болды.

• Тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың санаты кеңейеді. Осының арқасында 800 мыңнан астам адамға көмек көрсетіледі.

• Шағын және орта бизнес өкілдері 6 айға (биылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейін) еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан және басқа да төлемдерден босатылады.

Мемлекет басшысы қол қусырып қарап отыратын кез емес екенін біледі. Сондықтан осындай нақты шаралар қабылданып жатыр. Мұның барлығы әлеуметтің әлеуметтік жағдайының әлсіреп кетпеуіне, дағдарыстың салдарын жеңілдетуге, елдегі экономикалық тұрақтылықты сақтауға көмек болады, септігін тигізеді. Яғни, мемлекет өзіне жүктелген міндетті орындап жатыр деуге толық негіз бар.

Әрбір азаматтың міндеті хақында

Төтенше жағдайдың қай кезде енгізілетінен қалың жұрт хабардар ғой деп ойлаймын. Көбіне соғыс жағдайында. Айтқан жерден аулақ, еліміздің шеті бүтін, іші бейбіт. Дегенмен мына індеттің шығыны соғыспен пара-пар болуы мүмкін. Қазір көзіміз көріп, қолымыз ұстамаса да майдандағыдай әрекет жүріп жатыр. Әсіресе, дәрігерлер күнмен, түнмен санаспай әрбір ауру жұқтырған адамның жанын аман алып қалу үшін айқасуда. Бір адам коронавирус жұқтырса, айналасындағы жүздеген кісіге қатер төндіреді. Мылтық кезенбей-ақ, оқ атпай-ақ адамдар өзінің салғырттығынан, жауапсыздығынан қаншама азаматтың басына нәубет әкеледі. Майдан деген де біз осыны да меңзеп отырмыз. Сол себепті әрбір кісі майданда жүргендей жауапкершілікті сезінуі керек. Әйтпесе, немқұрайлылық өкіндіріп тындыруы мүмкін.

Күні кеше бізге көп нәрсе керек еді, көп дүниеге көңіліміз толмайтын. Президенттің Баспасөз хатшысы ретінде емес, штатив арқалап, сюжет жасап елдің арасында жүріп жетілген журналист ретінде қоғамдағы пікірлердің бәрінен хабардар екенімді айтқым келеді. Тіршілікте барлығы қажет, көңіл толмастық болады. Ол қалыпты дүние. Ал қазір ше? Қазір бізге бір ғана нәрсе керек. Ол – амандық. Әрбір қазақстандық пен тұтас халқымыздың, жалғыз Отанымыздың амандығы қажет. Президентіміз де халыққа жасаған әр мәлімдемесінде осыны қайталап айтуда. Амандық болмаса, ауру шалса, ештеңенің керек болмай қалатынын анық түсіндік. Әсіресе, мынадай алмағайып, қысылтаяң, сындарлы шақта бір-бірімізден кемшілік іздемей, мін термей, сүрініп кетсе, табаламай, аяқтан шалмай, арам ойламай, қайта бірімізді біріміз қолдап, қамқорлық танытып, жәрдем жасап, қолтығымыздан демеп, бірлік көрсетейік.

Әдетте біз өзімізге өзгені мысал ретінде келтіруге құмармыз ғой. Америкада торнадо, Жапонияда цунами болып, соның салдарымен бүкіл ел жұмылып күресіп, бір-біріне жәрдемдесіп жатқанда өзімізге үлгі етеміз. «Міне, ел деген осындай болу керек» деп жатамыз. Біз қашанғы өзгені зор санай береміз? Неге қайта басқаға біз үлгі болмаймыз?!

«Елдігімізді, тұтастығымызды танытайық. Алақандай жердегі ат төбеліндей ғана халықпыз ғой. Алатайдай бүлінбей, «сен-мен» деп бөлінбей, мына сынақтан барлығымыз бір үйдің баласындай, бес саусақтың саласындай бірігіп өтейік. Біздің алдымызда тұрған басты міндет осы. Елдің де, ердің де сыналатыны осы шақ. Сыналған сәтте сыр беріп қалмайық, ағайын!,- деп Президенттің баспасөз хатшысы қазақстандықтарды карантин талаптарын сақтауға шақырды.
#БізБіргеміз

Просмотров материала: 821

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 93 266 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 93 075 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 93 045 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 989 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 977 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 542 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 293 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 321 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 803 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 953 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 432 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 339 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 502 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 411 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 167 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 334 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 913 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 144 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 480 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 177 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 153 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 091 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 944 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 154 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 119 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 10 060 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 845 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 986 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 197 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 435 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 926 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 965 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 015 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 916 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 152 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 283 Просмотров





Опрос


«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031