4 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Коронавирус - адамзат үшін жасалған жаңа ереже

03 апрель 2020, 15:30
Коронавирус - адамзат үшін жасалған жаңа ереже
Коронавирус деген ол вирус та емес, ауру да емес, соғыс та емес. Ол адамзат үшін жасалған жаңа ереже. Ондай ереже неге бізге дәл қазір қажет болды?

Өйткені біз ата-ана ретінде баламызға көңіл бөлмейтін болдық. Ақша табамыз, бала-шағаны асыраймыз деп үй бетін көрмейтін болдық.

Өйткені біз үйден шыға алмайтын мүгедек жандарды ұмыттық. Оларға әйтеуір жәрдемақы төленсе болды деп оларға назар аударып, олардың көңілдеріне қарауды қойдық.

Өйткені біз жетім-жесірлерді ұмыттық. Олардың жейтін наны мен тұратын баспанасы бар ма жоқ па, оған бас ауыртпайтын болдық.

Өйткені біз ата-ана мен туған-туысты ұмыттық. Олармен хабарласып, қал-жағдайын сұрасуды, оларға керек болса, көмектесуді ұмыттық.

Өйткені біз денсаулығы дімкәс адамдарды ұмыттық. Қаржылай көмек сұраса, ондайлар көп қой, қайсібіріне көмектесе береміз дейтін болдық.

Өйткені біз тазалықты ұмыттық. Көрінген жерге түкіріп, темекі мен қоқысты лақтырып кететін болдық.

Өйткені біз мейірімді ұмыттық. Көшеде адам құлап жатса, мас шығар деп өте шығатын болдық.

Өйткені біз әділетсіз болдық. Бастық екенмін деп адамдарды жұмыстан себепсіз қуатын болдық.

Өйткені біз қатігез болдық. Жазықсыз адамды соттаса да оған селт етпейтін болдық

Өйткені біз немқұрайлы болдық. Бала зорлаған педофилдер түрмеге отырып шығып, қайтадан сол ісін жалғастырса селт етпейтін болдық.

Өйткені біз білімнен қашатын болдық. Кітап оқымайтын, рухани дүниеге мән бермейтін болдық.

Өйткені біз атаққұмар болдық. Атақ алмаған, орден-медал тақпаған адам таба алмайтын болдық.

Өйткені біз өтірік ғалым болдық. Бірақ технологиясы жоқ дамымаған мешеу ел болдық.

Өйткені біз елімізді дәріптеуді ұмыттық. Шетел андай, Батыс мұндай деп тамсанатын болдық.

Өйткені біз салт-дәстүрді ұмыттық. Тіпті оған жиіркене қарайтын ұрпақ тәрбиелейтін болдық.

Өйткені біз сабырды ұмыттық. Ашушаң болып ұрыс-керіске тез кірігісетін болдық.

Өйткені біз жалақор және өсекші болдық. Біреу туралы жаман сөз естісек, ол адамды жер-жебіріне жетіп "жерлеп" тастайтын болдық.

Өйткені біз қанағатты ұмыттық. Артық тамақ пен дүниеге қызығатын болдық.

Өйткені біз ысырапшыл болдық. Қатқан нанды қоқысқа лақтыра салатын болдық.

Өйткені біз тыйымды ұмыттық. Етегі ашылған қыз бен тәртіпсіз ұлға сөз айта алмайтын болдық.

Өйткені біз көрсеқызар болдық. Қажеті шамалы болса да удай қымбат смартфон ұстайтын болдық.

Өйткені біз аңқау елге арам молда болдық. Тренинг өткізіп, лотерея ойнатқыш болдық.

Өйткені біз шырылдауық шегіртке болдық. Әншісымақ болып, теріс өнеге көрсететін болдық.

Өйткені біз жалқау болдық. Әнші, прокурор, сот немесе әкім болып, қалай тез оңай ақша тапсақ дейтін болдық.

Өйткені біз Құдайды ұмыттық. Аузымызда Құдай болғанмен, ол жоқ сияқты өмір сүретін болдық.

Пысы. Неге деп ойлансаңыз, сіз де талай нәрсені тізіп шығасыз.

Ұлттық интернет ассоцациясының президенті Көкенайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Дереккөз: Abai.kz
Просмотров материала: 1 042

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 185 222 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 184 746 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 184 321 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 184 371 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 184 686 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 812 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 932 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 182 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 444 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 588 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 118 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 196 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 489 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 315 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 146 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 394 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 082 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 484 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 218 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 197 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 028 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 867 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 080 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 579 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 220 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 900 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 540 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 926 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 875 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 941 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 902 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 121 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 265 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728