22 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ертең Шымкентте карантин басталады

03 апрель 2020, 11:16
Ертең Шымкентте карантин басталады
Шымкент қаласы аумағында 4 сәуір сағат 21:00-де карантин жарияланады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов қала тұрғындарына мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біздің қалада тағы 8 адамнан коронавирус анықталды. Оның барлығы қауіпті індет анықталған үшінші науқастың туыстары мен жақындары. 1 сәуірден бастап барлығы оқшауланған. Орын алған жайтқа байланысты, азаматтарымызды қорғау және инфекцияның ары қарай таралуының алдын алу мақсатында аталған отбасы тұрған Тайманов көшесі мен оған жақын орналасқан Сәрсенбаев және Сүлейменов көшелерін карантинге жабылды. 7 блок-бекет қойылды. Барлық профилактикалық шаралар тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған тұрғындар саны – 11. Зерттеулерге сәйкес, қауіпті індет анықталған әрбір жағдай вирусты жаппай жұқтыруға әкеп соғуы мүмкін. Оның соңы неге әкелетінін біз жақсы түсінеміз. Сондықтан оқшаулаудың қатаң түрі ғана қауіпті індет таралуының алдын алады. Мұндай жағдайда өзін-өзі оқшаулау ғана қала тұрғындарын аман алып қалатындығын тағы да ескертеміз. Өкініштісі, тұрғындардың көпшілігі қауіп қатерді жеткілікті дәрежеде түсінбеуде, себебі қала көшелерінде қозғалыс әлі де көпдеді,-деді Мұрат Әйтенов

Азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау мақсатында және Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның келісімімен 2020 жылғы 4 сәуір сағат 21.00-ден 15 сәуір аралығындағы кезеңде Шымкент қаласы аумағында карантин жарияланады. Карантин мынандай шектеу шараларын қамтиды:

Ертең Шымкентте карантин басталады


Біріншіден, карантин кезінде Шымкент қаласы бас санитарының қаулысында көрсетілген мекемелерден бөлек меншік нысанына қарамастан барлық мекемелердің жұмысы тоқтатылады. Ол мекемелердің тізімін әкімдіктің ресми сайты мен әлеуметтік желілерде жариялаймыз. Қоғамдық демалыс орындары, сонымен қатар саябақтар мен балалар алаңшаларына баруға болмайды.

Екіншіден, тұрғындар мен көліктің барлық түріне Шымкент қаласынан шығуға және қалаға кіруіне тыйым салынады. Бұл шектеудің Қаулыда көрсетілген белгілі азаматтар мен көліктерге қатысы жоқ. Олардың да тізімі жарияланады.

Үшіншіден, қала аумағында шағын микроавтобустардың қозғалысына тыйым салынып, олардың бағыттары бойынша автобус қозғалысы қойылады. Қалаішілік қоғамдық көлік қозғалысы таңғы 7.00-ден 19.00-ге дейін ғана жүзеге асады.

Төртіншіден, қала аумағындағы залалсыздандыру шаралары карантин мерзімі аяқталғанға дейін күшейтілетін болады.



Бесіншіден, азаматтардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Бұл тұрғындардың өзін-өзі оқшаулауы үшін жағдай жасауға бағытталып отыр. Мұндай шектеулер медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне, қала тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуші коммуналдық мекеме қызметкерлеріне қолданылмайды.

Қала тұрғындары толықтай шектеу кезінде үйлерінен азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық көмек, банк және пошта қызметтерін алу үшін ғана шыға алады.

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде тарап жатқан түрлі негізсіз ақпараттар таралуының алдын алу мақсатында, қала аумағында коммендаттық сағат әзірше енгізілмегенін ресми түрде мәлімдеймін. Дегенмен төтенше жағдай кезіндегі талаптарды орындауымыз керек. Карантин режимін бұзған азаматтарды құқық қорғау органдарының патрульдік қызметі анықтайтын болады. Себебі өзінің денсаулығына немқұрайлы қараған азаматтардың әрекетінен тұрғындардың басым бөлігі зардап шекпеуі тиіс деп санаймын.

Алтыншыдан, Шымкент қаласының аумағындағы төтенше жағдай және карантин кезінде 55 жастан асқан тұрғындарға аса бір қажеттіліксіз көшеге шықпауды ұсынамыз.

Жетіншіден, карантин кезінде тізім бойынша жұмысы тоқтамаған барлық мекемелер қызметкерін жұмыс орны туралы анықтамамен қамтамасыз етуі шарт.

Сегізіншіден, азық-түлік базарларының жұмыс уақыты 10:00-ден 18:00-ге дейін, қадамдық қашықтықтағы азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты 10:00-ден 21:00-ге дейін болып қалады.

Тоғызыншыдан, барлық қоғамдық тамақтану орындары жеткізіп беру режиміне көшеді.

Оныншыдан, азаматтардың қала аумағында жеке көлігімен жүруіне тыйым салынады. Бұл талап тізімге кіретін мекеме қызметкерлеріне қолданылмайды және ол азаматтардың қолында жұмыс орны берген анықтама болуы керек. Сондай-ақ, жеке көлікпен үйінің жанында орналасқан азық-түлік пен бірінші кезектегі тауарлар, медициналық құралдар алуға және жедел жағдайларда медицина ұйымдарына көмек алуға баруға болады.

Просмотров материала: 1 142

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 447 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 969 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 543 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 591 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 911 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 715 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 833 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 076 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 333 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 473 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 021 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 170 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 470 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 298 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 125 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 349 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 378 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 066 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 462 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 196 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 178 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 009 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 851 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 127 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 060 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 567 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 117 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 881 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 157 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 519 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 856 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 919 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 878 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 099 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 244 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031