2 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Су тасқыны: төтенше жағдайдың алдын алудың барлық жағдайы жасалды

30 март 2020, 17:43
Су тасқыны: төтенше жағдайдың алдын алудың барлық жағдайы жасалды
Жамбыл облысы аумағымен өтетін Шу, Талас және Аса өзендерінің арналарында су деңгейінің көтерілу, сондай-ақ тау бөктеріндегі еріген қар мен жаңбырдан су басу қаупі бар. Сондықтан да тасқынынға қарсы іс-шаралар жоспары аясында 142 километр дренаж және суару каналдары тазартылды. Бұл туралы өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бағдат Данилов айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен қатар, ол 185 километр арық желісі, теміржол және автомобиль жолдарындағы 430 көпір және 1 790 су өткізу құрылғылары ретке келтіріліп, 5 гидротехникалық құрылыс пен 19 реттеуші құрылғы жөнделгенін жеткізді. 380,1 млн теңгеге 38 каналдың 380 километріне механикалық тазарту жұмыстары жүргізілген, 35,15 километр таулы арықтар мен 158,3 километр қашықтықта теміржол бойындағы су айналымы магистралдары қоқыстан аршылған.

Сөз орайы келгенде облыс аумағында республика меншігіндегі 5 су қоймасы, 2 бөгет, 11 су торабы, 18 магистралдық арна, ал коммуналдық меншікте 5 су қоймасы, 2 бөгет, 11 су торабы, 18 магистралдық арна орналасқанын айта кеткенім жөн. Ал жекеменшікте 5 тоған, 2 су қоймасы, 2 магистралдық арна, барлығы 156 гидротехникалық құрылғы бар. Төтенше жағдайларға облыстағы жергілікті атқарушы органдардың корынан 363,8 млн теңге, шұғыл шығындарға 489,6 милион теңге қаржы бөлінді. Су тасқыны салдарын жоюға қажетті 143 тонна жанар-жағармай, 11 мың тонна инертті материалдар, 40 мың қап дайындалды, - деп атап өтті Бағдат Данилов.

Департаменті басшысы биылғы 11-15 ақпан аралығында 121 гидротехникалық құрылысқа комиссиялық тексеру жүргізілгенін де айтты. Нысандардың техникалық жағдайы қанағаттанарлық дегенімен, "Жамбыл су қоймалары" КММ-нің 32 су қоймасының, "Казсушар" РМК-ның 3 су қоймасының – "Ынталы", "Бүркітті", "Жартас" және 6 жеке су қоймасының су өлшеу бекеттерін қалпына келтіріп, су реттегіш құрылғылары мен шлюздерін ауыстыру сынды ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Шу-Талас бассейндік инспекциясы мен «Қазсушар» РМК филиалы Қырғыз Республикасының Су шаруашылығы және мелиорация департаментімен бірлесіп, су қоймаларында күн сайын су жинау және ағызу мониторингін жүргізіп, ақпараттарын тиісті органдарға беріп жатыр екен.

Су тасқынына қарсы іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін, басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау мақсатында 25-26 ақпан аралығында су тасқыны қаупі бар 26 учаскеде "Көктем" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіліп, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдары көктемгі төтенше жағдайларға әрекет етуге дайындыққа келтірілді, - деді Бағдат Данилов.

Оның сөзінше, жаттығу барысында халықты құлақтандыру, қауіпсіз орынға көшіру, апат аумағын тікұшақпен құтқару, ұшқышсыз ұшу аппаратымен барлау жасау, апат аумағынан адамдарды іздеу мен құтқару, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету, су басу аумағынан алып шығу, материалдық құндылықтарды құтқару жұмыстарына дайындығы пысықталған. Су тасу салдарының алдын алу және жою үшін жұмылдырылатын облыстың азаматтық қорғау аумақтық құралымдарының күштері 4 971 адамды құраса, 697 бірлік техника, 22 жүзу құралы және 112 мотопомпан сақадай сай тұрған көрінеді. Зардап шеккендерді эвакуациялау және барлау жасау үшін "Қазәуеқұтқару" акционерлік қоғамының бір тікұшағы Тараз қаласындағы әуежайда кезекшілік режимінде тұр.

Көктемгі орын алуы мүмкін төтенше жағдай кезінде көшірілген тұрғындарды уақытша орналастыруға мәдениет және білім ошақтарында 41 қабылдау пункттері, 70 палатка, 200 жататын қап, 200 жиналмалы кереует, 10 жылыту қондырғысы дайындалып, департаменттің жедел әрекет ететін құрылымдары толық дайындыққа келтірілді. Пайдаланатын су қоймаларының облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар ірі су қоймаларының жұмыс режимін бақылауды да жүзеге асырып жатырмыз. Мәселен, Киров су қоймасына тасқын суларды қабылдау мақсатында 27 наурыздан бастап су тастау көлемі секундына 10 текше метрге көбейтілетін болды, - деді жауапты маман.
Просмотров материала: 1 147

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 879 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 528 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 017 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 073 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 440 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 011 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 061 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 364 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 002 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 083 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 265 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 725 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 468 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 331 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 091 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 567 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 275 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 681 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 493 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 048 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 875 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 338 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 716 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 084 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 157 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 306 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031