24 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қол беріп амандасуды тоқтатайық!

25 март 2020, 15:39
Қол беріп амандасуды тоқтатайық!
Қазақта «ауру айтып келмейді» деген бір сөз бар, бұл індет осыдан үш-төрт ай бұрын бас көрсетті, яғни алдын ала айтып келді. Қазір қытайвирусы әлемді жайлады, Еуропаның дамыған Италия, Испания сияқты елдері бұған еш шара жасай алмай, өлген адамдарын крематорий пештеріне тасып үлгере алмай жатыр. Біз болсақ шекараны әзер деп жаптық, мүмкін, әлдебіреулер әлі де саңылау тауып әрлі-берлі саудасын жасап жүр. Оның үстіне күні бүгінге дейін әуе қатынасын жапқан жоқпыз, кеше ғана Президент шектеу туралы айтты. Ендеше біздің арамызда бұл ауруға шалдыққандар толып жүр деген сөз, иммун жүйесі мықтылары жүре береді, вирус үш күнде мемлекет бойынша екі еселеніп шыға келеді. Егер карантин болмаса ауру саны геометриялық прогрессия жолымен бір жарым айда бүкіл халықты қамтиды.

Медицинамыздың жағдайы әркімге де аян, сын көтермейді, жайшылық уақытта дәрігерге бір ай бұрын жазылмасаңыз сізге ем жоқ. Кәдімгі қарапайым тұмша (маскі) қазір емге табылмайды, осыдан екі жұма бұрын айттық, әлі жоқ, жаңа ғана дәріханаларды аралап келдім.

Бұл індет бірнеше жолмен тарайды - соның ішінде көп тарайтын жолдары ауа және қол алысу арқылы. Қазақта біз ескере бермейтін бір сөз бар - ол бой сақтау делінеді, яғни дистанция ұстау. Мен көп уақыт әлеуметтік желіде жаманнан бой сақтау қажеттілігі туралы жазып келдім («Жақсы мен Жаман»), енді аурудан бой сақтауды, қорғануды үйренуіміз керек.

Ерте уақытта біздің ата-бабаларымыз оба шыққан үйді Құдайға тапсырып, жұртта тастап ауыл-ел болып басқа жаққа көшіп кетеді. Этнографиялық әдебиеттен оқысақ оба шыққа үйден бір адам жақындаса саулары садақтарын кезеніп, жақындатпайды, тіпті болмаса атады. Бұл мыңдаған жылдар небір жұқпалы ауруды бастан өткізген, талай рет қара шыбындай қырылған халқымыздың амал жоқтықтан жасайтын шарасы.

Енді қол алысып амандасу туралы. Бұл біздің ежелгі дәстүрлеріміздің ішінде қаншалықты барын айта алмайын, бірақ сәлемдесудің негізгі түрі емес. Ертеде хан-сұлтандарына, төрелеріне қазақ қолын кеудесіне қусырып, алыстан «Алдияр, хан ием» деп сәлемдеседі, олар болса сәлемдескен жақтың жасы үлкенінің иығына алақанын тигізеді, қожаларына «Алдияр, тақсыр» дейді. Қазақтың жасы қатар, сыйлас азаматтары бірін-бірі көптен көрмесе қол беріп емес, кеуде түйістіріп амандасады. Қазіргідей күнде көріп жүрген адамын құшақтап, көрісіп, бір -бірінің қолын сілкілеп жатпайды. Амандасқан уақытта сүйісу ол заманда қазақтың еркегі түгілі әйелдерінде де болмаған, тек бойжеткен қыздар ғана бір-бірін жақсы таныса, жақын туыс болса, көптен көрмесе амандасқанда беттен сүйеді. Қоштасқан уақытта қол беру, немесе адамды жерлеу кезінде қол беру деген тіпті де болмаған, ол үлкен айып болып есптеледі.

Қол беру қазақ арасында үш жағдайда қолданылады:

-Біріншіден, пірге қол беру, яғни діни ғұрып шеңберінде, өзіңнің ұстазыңды таңдап алсаң соған қол беру;

-Екіншіден, сауда, не айырбас жасаған екі адам, алыс-беріс болған соң «мә, береке, бер қолыңды» деп уағдадан таймасқа бір-біріне қол беріседі;

-Үшіншіден, екі жақ бір дау болып, содан кейін не өзара, не би алдында салауат айтылып, қарындас болып, бітімге келетін болса бір -бірімен енді дау шығармасқа уәде етіп қол алысады.

Амандасқанда қол беру бізден тым ерте замандарда бөлініп кеткен жапон халқында жоқ, қандай жағдайда да кеудесіне екі қолын қусырып, басын иіп амандасады. Күнгей қазағының «келін сәлем» деп жүргеніне үқсайды, шындығында бұл сәлем түрі ертеде ер азаматтардың бір- бірімен амандасуынан бүгінгі күнгі сақталған түрі. Күні кешеге, яғни ХХ ғасыр басына дейін Арқа қазағында қайын жұртына келген күйеу қыз жеңгелеріне, ата-енесіне осылай тәжім жасайтын. Нағыз келін сәлем оң тізесін бүгіп, оң білегін тізесінің үстіне қойып, алақанын жоғары қаратып салынады. Бұл байырғы дәстүрді қиыр батыста адай, қиыр шығыста қызай келіндері әлі де қолданып жүр.

Сонымен біз ежелгі дәстүрімізге қайта оралайық, бір-бірімізге қолымызды алып жүгіргенді қояйық. Мен ондаған жылдар қай оқу орнында жұмыс істесем де студенттер мен жас ғалымдардан талап ететінім осы. Алыстан оң қолыңды кеуде тұсыңа апарып «ассалаумағалейкүм» десең болды, айналайын, маған одан басқа ештеңе керек жоқ деймін. Расында да біреуінің алақаны терлеп тұрады, оны былш еткізіп саған жаға салады, біреуінің қолында жарасы болады. Жалпы қол беріп амандасу гигиенаға еш келмейтін, Еуропада ортағасырлық қараңғылық кезінде, рыцарлар ішінде өрістеп кеткен сәлем түрі. Міне, қолымда қаруым жоқ деген белгі. Совет заманында біздің бәріміз теңелдік те қол беріп амандасу қазақ ішінде міндетті болып шыға келді. Қазақ қол беріп амандасуды міндеттемейді, ең бастысы дауыстап, батыл амандасу шарт. Этнографияда дауыстап сәлем беруді вербалды қарым-қатынас түріне жатқызады, біз де соған көшкеніміз дұрыс.

Тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаевтың әлеуметтік желідегі жазбасы

Дереккөз: Abai.kz
Просмотров материала: 820

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 641 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 183 160 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 732 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 785 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 183 102 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 731 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 848 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 094 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 355 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 497 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 039 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 172 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 470 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 298 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 127 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 354 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 380 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 067 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 463 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 197 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 180 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 009 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 852 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 128 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 062 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 569 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 121 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 881 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 159 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 522 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 911 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 859 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 921 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 881 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 102 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 249 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031