29 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Елдегі жағдайға біздің «миллионер» футболшылардың реакциясы қандай?

25 март 2020, 10:43
Елдегі жағдайға біздің «миллионер» футболшылардың реакциясы қандай?
Коронавирус дерті тұтас дүниені табанынан тік тұрғызды. Әлемді алаңдатқан аты жаман ауыру өкіншке орай біздің елді де айналып өткен жоқ. Елде төтенше жағдай жарияланып, Алматы мен Нұр-Сұлтан карантинге жабылды.

Төтенше жағдай кезінде барлық мерекелік-спорттық шаралар уақытша тоқтатылды. Біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде спорттық жарыстар кейінге шегерілді. Әлемнің әр түкпірінде өтіп жататын мыңдаған турнирлер тоқтап, миллиондаған спортшының қолы босап, үйлерінде отыр.

Жай отырған жоқ, дүниені дүрліктірген дертпен хал-қадірінше күресіп жатыр. Бірі адамзатты тазалық сақтауға шақырып, әлемдік челлендж ұсынса, енді бірі қайырымдылық қорын ұйымдастырып, ауырумен күресуге миллиондап ақша бөлуде.

Бір мысал ретінде, германиялық «Бавария» футбол клубының ойыншылары Йосуа Киммих пен Леон Горецканың коронавирустан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қаржы жинап жатқанын айтсақ болады. Қос футболшы өздері ұйымдастырған We We Corona қорына әрқайсысы 500 мың еуродан аударды. Оларға бірден «Манчестер Сити» ойыншысы Лерой Сане қосылды, ол да дәл осы сома мөлшерінде ақша берді.

Елдегі жағдайға біздің «миллионер» футболшылардың реакциясы қандай?


«Бавария» ойыншылары коронавируспен күреске қаржы бөлді
Йосуа Киммих пен Леон Горецка

Дәл осы командада доп тебетін шабуылшы Роберт Левандовски де аурудан зардап шеккендерге көмектесуге білек сыбана кірісті. Поляк футболшысы әйелімен бірге отбасылық бюджеттен медициналық техника сатып алуға 1 миллион еуро бөлді.

Аладоп қуған азаматтардың адамгершілігі жайлы айтылар әңгіме бұл ғана емес. Жылына бірнеше миллионнан бастап, 30-40 млн. еуроға дейін жалақы алатын еуропалық футболшылар осынау қысылтаяң кезде жалақысын қысқартуға да қарсы емес. Атап айтқанда Лионель Месси бастаған «Барселона» футболшылары клуб басшылары ұсынған карантин кезінде жалақыны азайту ұсынысына келісім берді.

Бұл жерде каталониялық клубтың президенті Хосеп Бартомеудің ойыншылармен ортақ тіл табыса білгенін айта кету керек. Бартомеу мырза футболшылармен арнайы кездесіп, командамен ортақ тіл табыса білді. Матчтар тоқтап, клубтың кірісі азайған кезде, шығынды қысқарту керек екенін футболшыларға түсіндіре білді.



«Барселона» президенті Хосеп Бартомеу

Енді өз еліміздегі жағдайға оралайық. Біздің елде де аладоп қуғандардың алатын айлығы аз емес. Еуропадағыдай 10-20 млн. болмаса да, бір жылда бірер млн. еуроны қалтаға басатын «қомағайлар» бізде де бар (әрине, мұндай жалақы легионерлерге төленеді). Халқы қоңыр қалта күн кешетін Қазақстан шетелдік спортшыларға жалақы төлеуде әлемде үздік 20-30 елдің қатарында. Оның үстіне бұл қаржының бәрі мемлекеттік бюджеттен бөлінеді.

Біз бұған дейін де бюджет қаржысының бүйірін сорып отырған кәсіпқой спорт клубтары жайлы жаздық. Атап айтқанда, футболдан премьер-лигада бақ сынайтын 12 командаға ел бюджетінен жыл сайын 30-40 миллиард теңге бөлінетіні, 2018 жылы дәл осы футболшыларға жалақы төлеуге 80 млн. еуро (33,5 млрд. теңге) жұмсалғаны, елордалық «Барыс» хоккей клубына 2019 жылы 3,6 млрд. теңге бөлінгені жайлы...

Ендеше ел бюджетінің майлы жілігін мүжіп отырған қазақ футболының карантин кезіндегі күйі қандай? Әрине, төтенше жағдай жарияланғалы футбол турнирі тоқтатылған. Командалар жекелей жаттығуға көшті.

Елдегі төтенше жағдайға біздің «миллионер» футболшылардың реакциясы қандай? Еуропадағыдай қор құрып, қаржы жинау, медициналық техника сатып алуға ақша бөлу деген секілді адамгершіліктің үлгісін біздің футболшылардан күтпей-ақ қойыңыз. Қалтасынан қаржы шығарғанды қойып, жалақыны қысқартуға қарсы болып, шу шығарып жатыр.

Мәселен, Премьер лигада бақ сынайтын «Ертіс» пен «Каспий» футбол клубы ойыншылар мен қызметкерлерге төтенше жағдай кезде жалақы елдегі ең төменгі есептік көрсеткішке теңестірілетінін хабарлаған. Бұл хабарды ести сала ыңыршағын бауырына ала тулаған футболшылар жоғары-төмен арыз жаза бастады.

«Ертіс» футбол клубының жаттықтырушылары, әкімшілік құрамы және клубтың футболшылары Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовқа ресми хат жолдап, клуб басшылығының жалақыны төмендету шешіміне үзілді-кесілді қарсы екенін мәлімдеді.


«Ертіс» ойыншылары әкімге ашық хат жазды

Ал «Қызыл-Жар» футбол клубында доп тебетін Литва құрамасының қорғаушысы Витаутас Андрюшкявичюс чемпионат тоқтаған кезде де жалақы төленуі міндетті деп есептейді.

«Спортпен айналысып жүрген адамдар қазіргідей кезде спорттық бабын қалай сақтауды біледі. Кейде мұндай демалыстар спортшының жарақатынан айығуына пайдасын тигізеді.

Матчтар өту-өтпеуіне қарамастан, клуб біздің Қазақстанда жүрген әрбір күнімізге жалақы төлеуге міндетті».

Біздің елде өнер көрсететін шетелдік футболшының төтенше жағдай кезіндегі ұстанымы осындай екен. Легионерлерге мемлекеттік бюджеттің миллиондарын санап беруден шаршамайтын шенділердің назарына ұсынып отырымыз мұны.


Витаутас Андрюшкявичюс

Әділ болу үшін «Барселона» футболшыларымен «Ертіс» пен «Каспий» ойыншыларының табысын салыстыруға келмейтінін айта кетейік. Испаниялық команданың ойыншылары біздің елмен салыстырғанда әлдеқайда мол жалақы алады. Оның белгілі мөлшерін қысқартқанымен, бәрібір тәп-тәуір табыс табары сөзсіз. Ал біздің клубтар бірден ең төменгі есептік көрсеткіш (42 мың тг.) бойынша төлегелі отыр. Елдегі орташа айлық мөлшерінен 100 есе жоғары жалақы алып үйренген футболшылар мұндай аз ақшаға әрине қарсы болады.

Тағы бір мәселе, біздің елдегі басшы қызметкерлердің өзімбілермендігі, КСРО кезіндегідей баса билеп, шешім шығаруы болып отыр. Біз жоғарыда «Барселона» президенті Хосеп Бартомеудің ойыншылармен арнайы кездесу өткізіп, келісімге келгенін ерекшелеп айттық. Біздің басшыларға осы қадам жетіскен жоқ. Мүмкін біліксіздіктен, мүмкін жауапкерсіздіктен болар. футболшылармен еш келіспей, сырттай шешім шығарған.



Футболшылар жазған ашық хаттар әлеуметтік желіде жарияланды. Бұл берісі қазақ футболын әлемдік қауымдастықтың алдында күлкіге қалдырып, футбол әлеміндегі абыройынан айырды. Әрісін айтсақ, мұндай арыз-шағымдар халықаралық қауымдастыққа жетсе, клубқа айыппұл салу, Еурокубоктардан шеттету және чемпионаттағы ұпайын кеміту сынды жаза қолданылады (Қазақстан футболында мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған).

Басшылар ақылды болып, сәтті келіссөз жүргізе білсе бәрі басқаша болар ма еді?! Біздің футболшылар да шетелдегідей жалақысының бір бөлігінен бас тартып, тіпті Еуропадағыдай вируспен күресуге қаржы бөлер ме еді? Бұлай болмаған күннің өзінде «жау жағадан алғанда, етектен тартар бөрі» болып, арыз жазбас еді ғой...

Қуаныш Қаппас

Дереккөз: Abai.kz
Просмотров материала: 1 704

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 159 180 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 159 000 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 158 638 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 158 674 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 158 968 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 355 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 500 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 695 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 483 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 659 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 487 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 390 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 083 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 949 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 776 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 934 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 062 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 726 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 099 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 828 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 836 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 675 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 518 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 779 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 720 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 231 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 669 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 554 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 812 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 146 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 552 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 533 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 574 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 517 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 754 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 897 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031