3 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаевтың 1 жыл атқарған жұмысы 4 томдық кітап болып жарық көрді

20 март 2020, 10:36
Тоқаевтың 1 жыл атқарған жұмысы 4 томдық кітап болып жарық көрді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 жылдық жұмыстың қорытындысы ретінде "Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" деген атпен 4 томдық жинақ шықты, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елді басқару тізгінін қолына алып, президенттік қызметіне кіріскеніне бүгін тура 1 жыл толды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы жуырда твит-парақшасында: "Бір жыл бұрын аса көрнекті мемлекет қайраткері, жаһандық деңгейдегі саясаткер Н.Назарбаевтан ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырды. Мемлекетіміздің негізін қалаушы – Елбасы стратегиясының сабақтастығын жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқарылды..." деп жазды. Расында сол тарихи кезеңдегі Елбасының таңдауынан кейін, көп ұзамай өткен сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан халқының басым бөлігі (70,96%) Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасына қолдау білдіріп, дауыс берді, - деп жазды ол.

Тоқаевтың 1 жыл атқарған жұмысы 4 томдық кітап болып жарық көрді

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Кемелұлының сол 2019 жылдың 20 наурызынан бері қабылдаған шешімдері, өткізген кездесулері мен қабылдаулары, жалпы атқарған жұмыстары түгелдей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отырды.

Естеріңізде болса, Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің сайлауалды бағдарламасын "САБАҚТАСТЫҚ. ӘДІЛДІК. ӨРЛЕУ" деп атап, өзінің негізгі үш ұстанымын жариялаған болатын. Осы басты қағидаттарды ұстанған ҚР президентінің баспасөз қызметі мемлекет басшысының осы уақыт аралығында әртүрлі деңгейдегі мінберлерден сөйлеген сөздерін жинақтап, 1 жылдық жұмыстың қорытындысы ретінде "САБАҚТАСТЫҚ. ӘДІЛДІК. ӨРЛЕУ" деген атпен 4 томдық жинақ шығарып отыр, - деп атап өтті Берік Уәли.


Берік Уәлидің сөзінше, бұл кітаптарда мемлекет басшысының әртүрлі іс-шараларда сөйлеген 76 сөзінің толық мәтіні жинақталды. Ол әр кітапта қандай мәліметтер жинақталғанын айтып өтті.

Бірінші кітапқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді дамыған елдердің қатарына қосу мақсатымен қолға алған бастамалары және халықтың жарқын болашағы үшін жүзеге асырылатын жобалар туралы ой-пікірлері, мемлекеттің алдында тұрған басым бағыттары мен міндеттерін айқындауға арналған жалпыұлттық іс-шараларда сөйлеген сөздері енгізілді.

Екінші кітапқа мемлекет басшысының өңірлердегі жұртшылықпен кездесу өткізіп, ел мен жердің тағдыры, саяси өзгерістер, экономикадағы серпін, әлеуметтік жауапкершілік және басқа да қоғам өмірі туралы ой-толғамдары, еліміздің алдында тұрған басым бағыттар мен міндеттер жөнінде сөйлеген сөздері топтастырылды.

Үшінші кітапқа Қазақстан президентінің шет мемлекеттердің басшыларымен кездесулерде, әлемдік саммиттер мен халықаралық форумдарда сөйлеген сөздері жүйеленіп топтастырылды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеннен кейін бірнеше айдың ішінде Ресей, Қытай, АҚШ және Еуразияның басқа да көптеген елінің көшбасшыларымен байланыс орнатып, шет елдерге бірнеше мемлекеттік, ресми және жұмыс сапарын жасады. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының саммиттеріне қатысты. Аталған жиындарда халықаралық саясаттағы Қазақстанның орны, ұстанымы туралы мәлімдемелер жасады.


Төртінші кітапқа Қазақстан президентінің бір жыл ішіндегі отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалары мен сұхбаттарында, БАҚ өкілдері үшін өткізген брифингтерде еліміздің шет мемлекеттермен арасындағы байланыстарға, халықаралық және ішкі саяси мәселелерге қатысты айтқан ой-толғамдары енді. Сондай-ақ, кітаптың соңында 8 сұхбат пен 2 деректі фильмнің видеонұсқасы флеш-картаға жүктеліп, қоса беріліп отыр.

Міне, ҚР президентінің баспасөз қызметі мемлекет басшысының бір жылғы атқарған жұмыстарының жалпы қорытындысы ретінде осы 4 томдықты қалың бұқараға ұсынып отыр. Кітап саясаттанушылардың, журналистердің, зерттеушілердің және жалпы, кез келген ізденуші азаматтың талғамына сай келеді деген үміттеміз, - деп жазды Берік Уәли.
Просмотров материала: 1 099

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 150 959 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 150 768 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 150 424 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 150 451 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 150 751 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 894 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 043 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 210 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 850 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 047 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 982 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 097 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 942 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 814 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 639 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 784 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 927 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 593 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 962 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 691 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 697 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 540 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 382 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 638 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 581 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 092 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 516 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 421 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 664 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 010 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 422 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 400 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 440 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 382 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 617 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 760 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30