2 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Маска жоқ: Қоғам белсендісі экс-әкімнің сотына «противогаз» киіп келді

17 март 2020, 15:03
Маска жоқ: Қоғам белсендісі экс-әкімнің сотына «противогаз» киіп келді
Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі Нұрғали Аппазов 7 жылға сотталды. Ал Аппазовпен бірге 6 ай қамауда отырған оның жүргізушісі Ғани Сманов ақталып, сот залынан босатылды. Экс-әкімнің сотталуына түрткі болған қоғам белсендісі Галина Арзамасованы қолдауға келген жақтастары сотқа «противогаз» киіп келді. Олар улы газдан қорғайтын құралды кию арқылы маска жоқтығына қарсылық білдірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сотқа бірнеше адам қорғаныш құралын ала келгенмен, үкім оқылғанда тек Юрий Маленьких қана 1 сағат 20 минут бойы «противогаз» киіп отырды. Қоғам белсендісі бұл әрекеті арқылы билікке наразылық білдіргісі келгенін айтады. Өйткені, ол коронавирустан қорғанатын масканы дәріханалардан іздеп таппаған.

«Масканы бірнеше күн іздеп таппадым. Әрі ол өте қымбат. Ал противогазды базардан 500 теңгеге сатып алдым. Осы арқылы билікке маска мәселесін шұғыл шешу керек екенін жеткізгім келді. Противогазды жаппай қолдануға кеңес бермеймін, басты қысады, тыныс алу қиын. Бірақ мен амалсыз бір жарым сағаттай шыдап, киіп отырдым», - деді белсенді Юрий Маленьких.

Маска жоқ: Қоғам белсендісі экс-әкімнің сотына «противогаз» киіп келді


Ал Галина Арзамасованы атқызған экс-әкім Нұрғали Аппазов 7 жылға сотталып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Судьяның айтуынша, ауыл әкімі өзіне қарсы шыққандарға 2016 жылдан бері қастандық ұйымдастырып отырған.

«Сот Аппазов Нұрғали Әділбекұлын ҚР ҚК -нің 362-бабы 4-бөлігінің 1 және 3 тармақтары ( Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) бойынша, 107 -бабы 2- бөлігінің 4-тармағы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру), 28- бабының 3-бөлігі (Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлері) бойынша кінәлі деп тауып, түпкілікті 7 жылға бас бостандығынан айырылсын», - деді судья Ілияс Мұхадиұлы.



Қоғам белсендісін оқ атты деп айыпталған Аппазовтың жүргізушісі Ғани Сманов жәбірленушімен татуласына байланысты ақталып, сот залынан босатылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін Нұрғали Аппазовқа тағайындалған үкімге жәбірленуші разы емес екенін жеткізді.

«Аппазов 7 рет маған қастандық жасады. Одан біз 50 миллион теңге өтемақы талап еттік. Әкімнің туыстары делдал арқылы кешірім сұрап, 3 миллион теңге мен үш жер учаскесін ұсынғанда да көнбедік. Ал сот оған моральдық шығын ретінде тек 1 миллион теңге ғана өтеуді міндеттеді. Бұл аз. Біз келіспейміз. Апелляцияға береміз. Мен Мәскеуге барып, денемдегі оқты алдыруым керек. Оқ әлі алынған жоқ», - деді жәбірленуші Галина Арзамасова.
Просмотров материала: 1 024

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 841 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 490 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 205 978 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 035 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 402 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 010 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 060 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 363 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 001 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 082 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 264 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 725 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 468 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 331 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 091 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 567 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 274 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 680 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 492 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 048 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 875 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 338 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 716 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 084 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 157 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 306 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031