26 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Bek Air ұшағының апаты: зардап шеккендерге 94 млн теңге берілді

04 март 2020, 9:35
Bek Air ұшағының апаты: зардап шеккендерге 94 млн теңге берілді
Ұшақ апаты салдарынан зардап шеккен жолаушылар мен қаза болғандардың отбасына 94 миллион теңге шамасында өтемақы төленді. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

"Бүгінге дейін жергілікті атқарушы органдар тарапынан материалдық көмек көрсету жұмысы жүргізілді. Зардап шеккен 46 жолаушыға бір миллион теңгеден, ал жақынынан айырылған 12 отбасы төрт миллион теңгеден алды", - делінген Маминнің депутат сауалға берген жауабында.

Апат себебі

Премьердің айтуынша, қазіргі кезде Bek Air әуе компаниясының сертификаты тоқтатылған. Мемлекетаралық авиация комитеті әуе кемесінің өздігінен жазатын екі борттық құрылғысын жүктеді. Мамандар қорытынды дайындап жатыр.

Ал апат салдарын тергеу ісін ішкі істер министрлігінің жедел-тергеу тобы жүргізіп, бас көлік прокуратурасы бақылайды.

"Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, оның екі негізгі нұсқасы қарастырылып жатыр. Біріншісі – ұшақтың қанаттарына мұз қатқан болуы мүмкін. Бұл нұсқаны халықаралық сарапшылар көмегімен тексеру үшін ұшуға дейінгі дайындық кезінде әуе кемесін мұздан тазарту процедурасы тексеріліп жатыр. Екіншісі – ұшақтың техникалық ақауы және ұшқыштың қателігі", – деді үкімет басшы.

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезіндегі экипаждың іс-әрекетін бағалауға бағытталған тергеу амалдары да жалғасады.

Bek Air не істеуі керек

Қайғылы оқиғада жұмыс берушілердің кінәсі де бар.

"Жұмыс берушілерге қайтыс болған жұмысшылардың (асырауындағы) отбасына сақтандыру төлемдерін төлеу қажеттігі туралы сақтандыру компанияларына хабарлау тапсырылды. Арнайы тергеу материалдары тпроцедуралық шешім қабылдау үшін ішкі істер органдарына жіберілді", – делінген құжатта.

Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті оқиға салдарынан тоқтатылған рейс жолаушыларына ақшаны қайтарып алу туралы Нұр-Сұлтан қаласының экономикалық сотына шағым түсірді.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін жолаушыларды тұрақты рейспен тасымалдайтын елдегі барлық әуе компаниялары тексеруден өткізіледі.


Просмотров материала: 755

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 197 236 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 196 842 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 196 348 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 196 399 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 196 764 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 484 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 567 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 866 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 383 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 475 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 744 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 530 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 610 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 404 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 254 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 757 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 492 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 187 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 584 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 383 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 283 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 117 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 967 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 276 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 185 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 684 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 531 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 035 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 271 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 648 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 025 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 967 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 065 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 027 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 224 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 381 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930