11 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мамин елімізде балық шаруашылығын дамыту мәселесі жөнінде кеңес өткізді

27 февраль 2020, 16:06
Мамин елімізде балық шаруашылығын дамыту мәселесі жөнінде кеңес өткізді
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР балық шаруашылығын дамытудың жай-күйі мен перспективалары туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев пен "Балық шаруашылығы қауымдастығы – BD" ЗТБ атқарушы директоры Н. Жұмағалиұлы, өңірлердегі балық шаруашылығының проблемалық мәселелері туралы Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстарының балық бизнесінің өкілдері, ҚР-да балық шаруашылығын дамыту туралы ресейлік профессор А. Литвиненко мен ҚР Парламенті Сенатының депутаты С. Еңсегенов баяндады.

Мамин елімізде балық шаруашылығын дамыту мәселесі жөнінде кеңес өткізді

Қазақстанның балық және балық өнімдері нарығының жалпы көлемі шамамен 66 мың тоннаны құрайды, оның 45 мың тоннасы балық аулау кәсібіне, 7,4 мың тоннасы балық шаруашылығына тиесілі. Сонымен қатар 30 мың тоннасы экспортқа шығарылса, 43,5 мың тонна өнім импортталады.

Орта мерзімді перспективада отандық нарық көлемін 120 мың тоннаға дейін ұлғайту әлеуеті бар, бұл алабалық пен Атлант ақсеркесін өсуінің арқасында импорт көлемін төмендетуге мүмкіндік береді, сонымен қоса әлемдік нарықтарға, атап айтқанда, Қытайға, Ресейге және Еуропаға экспорт көлемін арттырады.

ҚР-да кәсіпшілік балық аулаумен балық шаруашылығының 1 мыңнан астам субъектісі айналысады, оларға 1646 балық шаруашылығы су айдындары мен олардың учаскелері бекітілген. Аталған салада 11 мың адам жұмыс істейді.

Балық аулау негізінен Каспий және Арал теңіздерінде, Балқаш және Зайсан көлдерінде, Бұқтырма, Қапшағай және Шардара су қоймаларында, Алакөл көлдер жүйесінде, Жайық және Қиғаш өзендерінде қолға алынған. Негізгі кәсіптік өңірлер — Атырау – 13,1 мың тонна (29,2%), Шығыс Қазақстан – 8,2 мың тонна (18,3%), Қызылорда – 7,4 мың тонна (16,4%), Алматы – 6,6 мың тонна (14,6%), Маңғыстау – 2,3 мың тонна (5,2%) және Түркістан облыстары – 2 мың тонна (4,5%).

Қазақстанда балық шаруашылығы қарқынды дамуда — соңғы 7 жылда өсірілген балық көлемі 9 есе 800 тоннадан 7 мың тоннаға дейін артты. Елімізде балық өсірумен 180 балық шаруашылығы айналысады, оларда 1 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған.

Үкімет басшысы елімізде балық шаруашылығын дамыту үшін жүйелі шаралары қабылдау қажеттігін атап өтіп, биыл 1 сәуірге қарай ҚР Балық шаруашылығын дамыту тұжырымдамасының жобасын дайындауды тапсырды.

Өзендердің суы қорғалатын аймақтарында жұмыс істеуге балық шаруашылықтарына тыйым салуды алып тастау, сондай-ақ балық шаруашылығы субъектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін жасайтын төлемдерін қысқартып, тек нақты су шығындары үшін төлемдерді қалдыру мәселесін қарастыру қажет. Төлем мөлшерлемесін азайтуды қоса алғанда, балық ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем жасау тетігін жетілдіру керек, — деді А. Мамин.

Премьер-министр балық өнімдерін бақылау ақпараттық жүйесін әзірлеуді және енгізуді тапсырды.

Бір ай ішінде Каспий теңізінде және Жайық өзенінде балық аулау мерзімдерін ұзарту, сондай-ақ түнгі уақытта балық аулауға рұқсат ету бойынша ұсыныстарды әзірлеу қажет. Балық шаруашылығы субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын арттыру және балық шаруашылығын экономиканың басымдықты салаларының қатарына жатқызу керек, — деді А. Мамин.


Үкімет басшысы балық шаруашылығы мелиорациясын тұрақты жүргізу мақсатында су түбін тереңдету техникасын сатып алу мәселесін қарастыруды, сондай-ақ балық өсіру зауыттары мен балық шаруашылығының аумақтық инспекцияларын материалдық-техникалық жарақтандыруды қаржыландыру туралы ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

А. Мамин жұмыс сапары аясында Атырау бекіре балық өсіру зауыты мен өңірдегі басқа да бірқатар салалық кәсіпорындарды аралады, сондай-ақ Қазақстанның балық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесін аралап көрді.
Просмотров материала: 1 181

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 297 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 969 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 472 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 515 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 889 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 556 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 594 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 916 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 584 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 633 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 829 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 807 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 911 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 574 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 446 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 395 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 685 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 426 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 834 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 626 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 450 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 298 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 149 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 496 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 383 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 868 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 223 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 197 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 443 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 829 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 183 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 131 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 266 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 207 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 437 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 584 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930