22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сапарбаев Жамбыл облысының аудандарын аралауды бастады

21 февраль 2020, 9:39
Сапарбаев Жамбыл облысының аудандарын аралауды бастады
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық ахуалын барлау мақсатындағы жұмыс сапарын облыс орталығына жақын орналасқан Жамбыл ауданынан бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

10 мыңнан астам тұрғыны бар Жалпақтөбе ауылында өз ісін ілгерілетіп отырған тұрғындар аз емес десек, солардың бірі "Шәріпов" шаруа қожалығының басшысы Фахриддин Шәріпов. Ол 270 гектарға пияз, картоп, сәбіз, қант қызылшасын өсірумен айналысуда, деп хабарлайды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы шаруақожалықтың сыйымдылығы 1200 тонна болатын көкөніс сақтау қоймасымен танысты. Сондай-ақ шаруақожалықтың 16 тракторы, басқа да қосалқы техникалары мен лизингке сатып алынған қызылша жинау кешендері бар. Алайда, егіліп, өткізілген тәтті түбірінің берешек мәселесі қайта өңдеушілер тарапынан шешілмей отырғанына алаңдаушылық танытқан фермер бүгінде қант зауыттарының бірі өзіне 25 миллион теңге қарыз екендігін жеткізді. Диқан үшін айналым қаражаты көктемгі егістік алдында қаншалықты маңыздылығын айтпасақ та белгілі.

Облыс әкімі бұл мәселеден хабардар екендігін, қызылша егумен айналысып отырған шаруалармен кездесіп, қалыптасқан жағдайды және одан шығу жолдарын талқылайтынын баса айтты. Бұл мәселеден ауыл шаруашылығы министрлігі де сырт қалмайды. Сондай-ақ, аймақ басшысы жергілікті нарықты барынша өз азық-түлігімізбен толықтыру керектігін айтты.

Бұдан соң Бердібек Сапарбаев В.Чкалов атындағы мектепке ат басын бұрып, оқушылар мен ұстаздардың жай-күйін барлап, білім ордасына жиналған бірқатар жалпақтөбеліктермен кездесті. Кездесуде тұрғындар ауылдағы шаруашылықты дамыту, жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін туындап отырған жер тапшылығы мәселесін көтерді. Жиында ауылдықтар Мәдениет үйі керек деген тілектерін де білдірді.

Жер қорына талдау жүргіземіз, пайдаланылмай отырған жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, нақты жұмыс істегісі келетіндерге беретін боламыз. Жалпы облыс бойынша ағымдағы жылы осындай 70 мың гектар жерді мемлекетке қайтаруды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті Б. Сапарбаев.
Тұрғындармен өткен кездесуде облыс әкімі еліміздің басты игілігі – халық бірлігін көздің қарашығындай сақтау керектігіне көңіл бөлді. Сонымен қатар, өскелең ұрпақты ұлттық дәстүрлерге, үлкендерді құрметтеуге, сабырлылыққа тәрбиелеудің маңыздылығын жеткізді.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәифей Әбдіхалиль аймақ басышысының орамды ойларын қуаттаса, облыстық ҚХА мүшесі Руслан Исмазов ауыл тұрғындарын мемлекеттік тілді белсенді меңгеруге шақырып, "Мен қазақ тілін меңгеруге қатысты бірнеше курсты аяқтадым. Нәтижесінде жергілікті халықпен еркін араласып, қарым-қатынасым тереңдей түсті. Мемлекеттік тілге деген ынтам да күн сайын артып келеді, - деп өз ойын ортаға салды.

Бердібек Сапарбаевтың аудандағы жұмыс сапары "Super-pharm" ЖШС-нің бір реттік медициналық бұйымдарды өндіру зауытында жалғасты. Жалпы 300-ге жуық өнім түрлерін, оның ішінде медициналық халат, бинт, бір реттік бахилдер, медициналық бетперделер, төсеніш және басқа да өнімдер шығаратын зауыттың бүгінде екінші кезеңі аяқталған. Қазіргі таңда бір реттік қолданылатын үш компонентті шприц өндіретін зауыттың үшінші кезеңі жаңғыртылуда. Алайда, "Super-pharm" ЖШС директоры Қайрат Қаймолдаев доллар бағамы мен инфляцияның өсуін ескере отырып, өнімнің бағасын көтеру, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның зауыт өніміне шекті бағаны бекітуге қатысты қолдауға зәру екендігін білдірді.

Бұдан соң облыс әкімі Айша бибі ауылдық Мәдениет үйінде орналасқан коворкинг орталығының жұмысымен танысып, ондағы мәжіліс залында ардагерлермен және зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Б. Сапарбаев аудандық орталық ауруханасына барып, МӘМС енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысына қанықты. Бүгінгі таңда аудан бойынша 324 адам сақтандырылмаған десек, балаларды вакцинациялау деңгейі 98 пайыз және медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейі 86 пайызға орындалған. Аймақ басшысы аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қол ұшын беретінін тілге тиек етіп, уақыт созбай жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік сараптамадан өту керектігін баса айтты.

Аса ауылында орналасқан "Амангелді ГӨЗ" ЖШС Тараз филиалының мұнай өндеу зауытының директоры Оралбай Исақаев кәсіпорын 18 өнім түрін, оның ішінде үш маркалы бензин мен мазут, төрт дизель отыны мен авиакеросин шығаратынын атап өтті. Алайда, шикізат тапшылығынан зауыт қолда бар қуаттың 10 пайызымен ғана жұмыс істеуге мәжбүр болып отыр. Зауытқа айына 15 мың тонна мұнай қажет, бірақ газ өңдеу кәсіпорны шикізатты жеңілдетілген бағамен сатып ала алатындар тізіміне енгізілмеген. Сондай-ақ, экспортқа рұқсаттың болмауы да зауыттың жұмысына кедергі келтіруде.

Бердібек Сапарбаев зауыттың аудандағы тұрақты әлеуметтік жағдайын арттырудағы маңыздылығын атап өтіп, қалыптасқан жағдайды шешу жолдарын қарастыру үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Бердібек Машбекұлының аудандағы жұмыс сапары М. Төлебаев атындағы өнер мектебінде қорытындыланды. Онда Жамбыл ауданының активімен кездесу өтті. Кездесуде алдағы жоспарлар туралы аудан әкімі Сәкен Арубаев баяндады. Аймақ басшысы ауданның әлеуеті, адами капитал мен табиғи ресурстары облыс бойынша алдыңғы қатардан көрінуге зор мүмкіндік беретінін атап өтті. Ең бастысы – қоғамдағы бірлікті сақтау керектігін жеткізіп, ынтымақсыз дамыған экономикаға да, азаматтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға да мүмкін еместігін баса айтты. Сондай-ақ, ел қамы мен өз отбасының игілігі үшін жұмыла еңбек ету – өмірлік табыстың басты қағидасы екендігін тілге тиек етті.

Просмотров материала: 730

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 233 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 065 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 706 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 730 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 038 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 472 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 650 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 717 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 905 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 051 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 430 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930