1 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Министрліктің бұйрығын дұрыс түсінбеген». Біртанов Зайсандағы ахуалға пікір білдірді

20 февраль 2020, 16:13
«Министрліктің бұйрығын дұрыс түсінбеген». Біртанов Зайсандағы ахуалға пікір білдірді
Денсаулық сақтау министрі «Зайсанға коронавирус жұқтырған Қытай азаматтары келіп жатыр» деген ақпарат жалған екенін айтты, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытайдан келетін 6 отандасымыздан коронавирус анықталған жағдайда Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына жеткізілетінін айтты. Алайда, көрші елде жүрген қазақстандықтар елге келісімен, алдымен Өскемен қаласы мен Зайсан ауданындағы ауруханалардың жұқпалы аурулар бөліміне карантинге жатқылады.

«Негізгі міндет - изоляция. Ол азаматтар 100 пайыз медициналық мекемеде болуы міндетті емес. Басқа мемлекеттерде әскери базаларда ұстайды. Себебі, изоляция керек. Осындай жағдай болып қалса (коронавирус анықталса - авт.), бізде инфекциямен күресетін қажетті ауруханалар бар. Тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ», - деді министр.

Сондай-ақ, Елжан Біртанов шекараны жабу мәселесі жайында пікір білдірді.

«Пойыз арқылы ауыр жүк көлігі әлі тоқтатылмаған. Оны қалай тоқтатамыз? Ол күнделікті жүріп жатқан тауарлар. Оның арасында елімізге келіп жатқан транзиттік тауарлар да бар. Сол көліктер арқылы шекараны кесіп өткен жүргізушілер ШҚО-дағы Бақты және Майқапшағай бекеті арқылы келеді. Одан бөлек, теміржол арқылы өтетін пунктер бар. Біз күнделікті мониторинг жасаймыз. Біздің санитарлық дәрігерлер сол жерде тұрады. Тепловизорлар бізде бар. Резервтен алынған ақша бойынша қосымша тепловизор алуға тырысып жатырмыз», - деді Елжан Біртанов.

Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау министрі Зайсанда «Коронавирус жұқтырған Қытай азаматтары келіп жатыр» деген жалған ақпарат тарап кеткенін айтты. Министрдің сөзінше, шекараға жақын ауылда карантиндік станция ашу туралы бұйрық болған. Ал, ауыл тұрғындары бұл жағдайды дұрыс түсінбеген.

«Өткен тәулік бойынша, мәселен, Майқапшағайдан ешкім өткен жоқ. Шығыс Қазақстан бойынша күнделікті көп болса 10-15 адам өтеді. Олардың бәрі – біздің азаматтар. Алматы облысы бойынша 20-30 адам өтеді. Олар елге келгеннен кейін, әлбетте, ары қарай инфекцияны тарату қаупін болдырмас үшін алдын алуымыз керек. Осыған орай сол жерде арнайы карантиндік станция ашуымыз керек. Сондай бұйрығымыз болған. Азаматтар түсінбеген. «Сол ауылдың амбулаториясына жатқызады» деп.. Біздің шешім бойынша, арнайы стационар – Зайсан ауданының орталық ауруханасындағы арнайы бөлек инфекциялық ауруға арналған корпусына жатқызылатын болады. Әрине, егер болса», - деді Елжан Біртанов.

Министр Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында инвестициялық жоба аясында жұмыс істеп жатқан Қытай азаматтарының барын жасырмады. Шетелдік азаматтар дәрігерлердің бақылауында екенін жеткізді.

«Олардың арасында да жақында Қытайдан келген азаматтар бар. Олар біздің бақылауымызда. Әзірге тіркелген ауру адамдар жоқ. Олардың денсаулығы дұрыс болса, ары қарай жұмыс істеуге мүмкіндік беруіміз керек. Себебі олардың келісімшар бойынша өз жауапкершіліктері бар», - деді Біртанов.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Шығыс Қазақстан облысының қиыр шығысындағы Зайсан ауданына қарасты Сарытерек ауылының тұрғындары ауыл амбулаториясының алдына жиналып, наразылық білдірді. Олар әлеуметтік желілерде тараған «Зайсан ауданында бір топ адам коронавирус жұқтырды. Қытаймен шекарада инфекция жұқтырған адамдарды ауыл амбулаториясында емдеу үшін алып келеді» деген ақпаратты естіп, мән-жайды білу үшін жиналған. Сондай-ақ мұндай шешімге үзілді-кесілді қарсы екендерін айтқан.

Бүгін таңертең облыс басшысы Даниал Ахметов Зайсан ауданына келіп, наразы топпен кездесіп, дүрліккен жұртты сабырға шақырды.
Просмотров материала: 1 313

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 224 889 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 224 594 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 224 087 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 224 124 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 224 489 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 979 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 007 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 347 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 038 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 061 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 259 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 931 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 058 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 682 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 564 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 604 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 794 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 554 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 962 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 745 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 556 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 406 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 251 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 625 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 497 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 983 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 421 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 310 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 544 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 943 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 288 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 226 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 371 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 307 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 558 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 682 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30