11 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Байбек: Көпбалалы аналар мәслихатқа сайлануы керек

19 февраль 2020, 10:22
Байбек: Көпбалалы аналар мәслихатқа сайлануы керек
Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің өңірлерге сапары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол Павлодар облысының шалғайдағы бірқатар елді мекендерінің тұрғындарымен кездесіп, көкейкесті мәселелерді сол жерде талқылап, шешімін бірге қарастырды.

Жұмыс сапарының бірінші күні Бауыржан Байбек Новочерноярка ауылының тұрғындарымен кездесті. Мұнда 16 көп қабатты тұрғын үйдің 800-ге жуық тұрғыны орталық жылыту жүйесінсіз тұрып жатыр. Ауыл тұрғындары бұл мәселені осыған дейін бірнеше рет көтерген, тіпті партияның қоғамдық қабылдауы арқылы да қозғаған екен.

Тұрғындармен бірге осының шешу жолдарын талқыладық. Аймақ басшылығы ауылда жылыту қазандығы салынады деп сөз берді. Бұл аталған тұрғын үйлерден бөлек тағы да 5 әлеуметтік нысанды, оның ішінде таяу маңда орналасқан мектепті, бала бақшаны және дәрігерлік амбулаторияны жылытумен қамтамасыз етпек. Оның орындалуын Nur Otan өз бақылауына алды, - деді Бауыржан Байбек өз Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, Павлодар облысына сапарға шығар алдында ол бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер материалдары арқылы өңірдің көкейкесті мәселелерімен мұқият танысқан. Билеуші партия төрағасының Бірінші орынбасары бірнеше жылдан бері облыс орталығында «Екінші Павлодар» ықшам ауданындағы жеке тұрғын үйлерді еріген және жер асты сулары деңгейінің көтерілуі салдарынан су басуы мәселесіне назар аударды.

Мәселенің өзектілігі ескеріле отырып, облыстың жаңа әкімімен тұрғындардың кездесуі ұйымдастырылды. Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, мәселені жүйелі және жан-жақты шешу үшін тиісті мамандар мен сарапшылар тартылатын болады. Сонымен қатар, 8 шақырым кәріз желілерін тарту және тағы 10 шақырым коммуникацияны салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Бұдан бұрын жер асты суларының деңгейін төмендету үшін 5 құдық бұрғыланып, су сақтау шұңқыры салынған, 3 сорғы станциясы орнатылған.

Кездесуде жергілікті тұрғындар монополист компания "Павлодар су каналы" ЖШС-на қарата тарифтердің, суды есептеу аспаптары құнының айқындығына қатысты наразылықтарын да білдірді. Бауыржан Байбек өз кезегінде таяу уақытта партия алаңында барлық мүдделі органдардың қатысуымен ашық партиялық тыңдау өткізуді тапсырды.

Жұмыс сапары барысында партия төрағасының Бірінші орынбасары "Мұнайхим" кәсіпорнының қызметкерлерімен де кездесті. Мұнда әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Бауыржан Байбек Елбасы бастамасымен қолға алынған индустриаландыру бағдарламасының арқасында өңірде мыңдаған жұмыс орнының ашылғанын тілге тиек етті.

Жұмыспен қамтумен қатар жайлы және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау қажет. Бұл үшін бастауыш партия ұйымдары кәсіподақтармен бірлесіп кәсіпорын басшылығына туындаған мәселелер мен қызметкерлердің ұсыныс-тілектерін уақтылы жеткізіп отыруы тиіс. Бұл ретте бірде-бір сұрақты назардан тыс қалдыруға болмайды. Президентіміздің "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының нақты іске асуы дегеніміз осы - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Бауыржан Байбек Павлодар облысындағы партия активімен кездесу өткізіп, онда сәуір-мамыр айларында ашық ішкі партиялық сайлау - праймериз өткізуге дайындық барысы туралы пікір алысты.

Партиямыздың лидері, Елбасының тапсырмасы бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттарға ұсынылатын тізімді түзу кезінде онда әйелдердің 30%-тен, ал 35 жасқа дейінгі жастардың 20%-тен кем болмауына қол жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ мәслихаттарға басқа да әлеуметтік топтар өкілдері ұсынылуы тиіс. Атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар жандар, көпбалалы аналар және тағы басқалары қамтылуы керек. Бұл ретте қоғамдық пікір көшбасшыларын және үкіметтік емес ұйымдардың ел ішінде сөзі өтімді, жұртшылықтың сеніміне ие болған өкілдерін ілгерілетуге баса назар аударылады. Біздің қағидатымыз – "Жігерлі лидерлер – Қуатты партия". Азаматтық қоғаммен қоян-қолтық араласып, өзара бірлесе әрекет ету ғана азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге жол ашатынына сенімдімін! - деп мәлімдеді партия төрағасының Бірінші орынбасары.

Кезектен тыс конференция барысында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Павлодар облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.

Жұмыс сапарының бірінші күнін қорытындылай келе, Бауыржан Байбек партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне павлодарлықтардан келіп түскен өтініштерді сараптау арқылы шешімін күткен бірінші кезектегі міндеттердің ауқымы анықталғанын атап өтті. Бұлар – әлеуметтік қамту, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау сапасы, сондай-ақ, тұрғын үй қорының мардымсыз жағдайы, елді мекендерді абаттандыру және тағы да басқа көптеген мәселелер.

Азаматтарымызды алаңдатып отырған мәселелер бүгінде әзірленіп жатқан аймақты дамытудың 5 жылдық бағдарламасына енгізіледі. Біз әр қаланы, ауданды және ауылды қамтуды жоспарлап отырмыз. Осы бағыттағы жұмыстарды партия орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып бірнеше айдан бері жүргізіп те келеді. Nur Otan түйінді мәселелерге құлақ асып қана қоймай, оларды шешу үшін нақты шараларды қолға алуы керек. Ол үшін бізде қажетті ресурстар бар, ең бастысы, қарапайым халық қолдап отыр - деді ол.
Просмотров материала: 726

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 143 213 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 143 015 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 142 672 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 142 693 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 143 002 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 494 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 650 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 784 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 267 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 468 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 554 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 846 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 850 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 733 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 553 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 688 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 840 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 513 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 872 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 610 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 614 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 458 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 297 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 545 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 488 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 000 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 410 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 331 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 567 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 918 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 327 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 314 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 357 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 300 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 521 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 671 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930