23 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Дариға Назарбаева: Халықтың тамағы тоқ болуы тиіс

19 февраль 2020, 9:53
Дариға Назарбаева: Халықтың тамағы тоқ болуы тиіс
Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаева парламенттік тыңдауларға дайындық аясында еліміздің мемлекеттік органдарының өкілдерінің және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің қатысуымен ет өндірісі саласының қазіргі жағдайына арналған кездесу өткізді, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Жүздесуге сенат депутаттары, ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мен мал шаруашылығы бойынша өнім өндірушілер қатысты.

Алдымен ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Қазақстандағы мал шаруашылығының қазіргі күй-жайымен таныстырды, деп хабарлады сенаттың баспасөз қызметі.

Министрдің бірінші орынбасары ет өндірісі еліміздегі негізгі салалардың бірі екенін айта келіп, өткен жылы 1,1 миллион тонна ет өндірілгенін жеткізді.

"Отандық ет өнімдерінің экспорты айтарлықтай емес. 2019 жылы 372 тонна шұжық және 769 тонна консерві өнімдері экспортталды. Сонымен қатар, Қазақстаннан 156 063 ірі қара және 263 737 ұсақ мал сыртқа жөнелтілді", - дейді Сапаров.

2019 жылдың қазан айында елімізден ірі қара мен саулықтарды сыртқа шығаруға тыйым салынғанына қарамастан 26 781 ірі қара және 22 272 бас ұсақ мал әкетілген.

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева мал шығаруға тыйым салу және оның зардаптары мәселесін көтерді.

"Ет дәмді, сапалы және бағасы қолжетімді болуы тиіс. Бүгін біздің қолымызда не бар? Ет бағасы өте тез өседі. Бізде ет бар, бірақ біздің нарықта неге қымбат? Оның үстіне, біздің еліміз бен халқымыз етті бағдарға алады. Маңыздылығы жағынан наннан кейін екінші өнім – ет", - деді Д.Назарбаева.

Батыс Қазақстан облысындағы "Кублей" серіктестігінің бас директоры Талғат Берекешев қайта өңдеу өнеркәсіп орындарының басты мәселелеріне тоқталды. Оның пікірінше, қайта өңдеу кәсіпорындарының толық іске қосылмауы негізгі проблема болып отыр.

"Ет комбинаттары 40-45% қуатында жұмыс істеп тұр. Бұған ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығы жөніндегі бағдарламасы басты себеп болуда. Оған сәйкес, барлық субсидия өндірістік кәсіпорындарда шикізатты қайта өңдеуге емес, бордақылау алаңдары арқылы жіберіледі. Сондықтан фермерлер малды ет комбинатына емес, бордақылау алаңына тапсырса ғана малға субсидия алады. Яғни, олар бізге ет беруге құштар емес. Ал бордақылаушыларға экспорт тиімді, сондықтан субсидиямен алынған мал сатып алушыларға кетеді", - деп атап өтті Т.Берекешев.

Сенат төрағасы егер әр зауыт ең болмағанда 90% қуатында жұмыс істегенде, өнім көлемі мүлдем басқа әрі нарықтағы бөлшек баға да басқа болатынын және делдалдар азаятынын атап өтті.

"Қазір біз халықтың тамағы тоқ болуын, негізгі азық-түліктің қолжетімді болуын ойластыруымыз керек. Бұл – біздің басты міндетіміз. Ауыл шаруашылығының алдында сала ретінде басымдықтар бар. Қазақстандықтар туралы ұмытпайық. Олардың дастарқанында қолжетімді дәмді ет болуы керек. Алдымен азық-түлік қауіпсіздігін ойлау керек. Өз еліміздің тоқшылықта болуы маңызды", - деді Назарбаева.

Сенат басшысы ет саласының қазіргі жағдайы туралы айта келіп, оның жеңіл өнеркәсіппен байланысын атап өтті.

"Малды сою – бұл да маңызды мәселе. Себебі терінің сапасы бізде жеңіл өнеркәсіптің дамуына әсер етеді. Бұл мәселеге барлық жағынан кешенді түрде қарау керек", - деді ол.

Дариға Назарбаева кездесуді қорытындылай келіп, парламенттік тыңдаудан кейін де жұмыс жалғасатынын атап өтті.

"2020 жылдың соңына, 2021 жылдың басына қарай Агроөнеркәсіпті дамытудың жол картасы дайын болады. Зерделі заңдар мен ережелер қабылдануы керек. Сіздермен мүддеміз ортақ – ауыл шаруашылығымызды көтеру, отандық өндірістің дәмді әрі арзан өнімдері дастарқанда мол болуы үшін бай ел болу керек. Оны қарапайым заттардың экономикасы дейміз", - деді Д.Назарбаева.


***

Құрметті оқырмандар! Біз «Ауыл-Футбол» акциясы аясында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылында футбол алаңының құрылысына қаражат жинауды жалғастырамыз.

Қаражатты Kaspi-Gold 5169 4971 6091 3509 аударуға болады. Немесе + 7-707-621-6808 телефон нөмірін теру арқылы Серік Болатович М. атына жібере аласыз.

Қолдауыңыз үшін алдын ала рахмет!


Дариға Назарбаева: Халықтың тамағы тоқ болуы тиіс
Просмотров материала: 1 439

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 171 877 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 171 707 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 171 332 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 171 380 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 171 665 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 121 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 258 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 481 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 514 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 680 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 389 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 877 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 361 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 211 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 030 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 229 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 305 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 975 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 362 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 081 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 095 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 930 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 764 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 029 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 969 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 484 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 952 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 801 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 078 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 405 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 817 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 775 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 825 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 776 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 002 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 148 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031