4 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда жер беруге 5 жылдық тыйым енгізіледі

14 февраль 2020, 17:47
Қазақстанда жер беруге 5 жылдық тыйым енгізіледі
Бұған дейін жерді әкімдіктер жанындағы жер қатынастары басқармалары таратып келген. Енді ел басшылығы жерді пайдалану мен қорғауды бақылау функцияларын Үкіметке алып қою туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл өкілеттік жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тапсырылады. Осы мақсатта болашақта тіпті жеке агенттік құрылуы да мүмкін. Мысалы, 2005-2013 жылдары елімізде Жер ресурстарын басқару агенттігі қызмет атқарғаны мәлім. Әзірге функциялар Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі.

Әкімдердің жерге қатысты қарекеті орталық биліктің көңілінен шықпай тұр. Егер оқиғаның өрбуін осы бетімен жібере берсе, 2016 жылғы жерге қатысты наразылық шаралары қайта туындауы ықтимал.

Бас прокуратураның Премьер-министр Кеңсесіне жолдаған ақпаратына жүгінсек, жерге қатысты 35 мың 403 бұзушылық әшкереленді. Прокуратура пайдаланылмайтын 9,6 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін тапқан. Оның қожайындары жерді не өзі іске жаратпайды, не басқа аграршыға бермейді. Нағыз "шөп қорыған иттің" кебі.

Алайда осы іске тікелей жауапты әкімдіктер ел басшылығын мүлдем басқа ақпаратпен "қоректендіріп" келген. Облыстар мен қалалардың жауапты органдарының дерегінше, 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде жалпы алғанда, небәрі 2,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жерінің пайдаланылмайтыны анықталыпты.

Коммерциялық мақсаттағы жер учаскелері бойынша ұқсас жағдай қалыптасуда. Бас прокуратура 39,7 мың гектар жер мақсатына жұмсалмай бос жатқанын айтса, әкімдіктер ондай жер көлемі бар-жоғы 16,8 мың гектар деп отыр. Бірақ шынында, бір ғана елорданың өзінде бес жүзге жуық жер телімі сыртынан қоршалғанымен, ішінде құрылыс жұмыстары басталмай жатқаны белгілі.

Бас прокуратура пайдаланылмайтын жерлердің көлемі жыл сайын ұлғайып келе жатқанын айтып, дабыл қақты. Ал жергілікті биліктің есебіне сенсек, "ондай жерлерді анықтау және алып қою жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілуде" және "пайдаланылмайтын жерлердің көлемі керісінше, жыл сайын азаюда".

Биліктің қос құрылымы осылай бір-бірінің мәліметін жоққа шығарумен шұғылдануда. Осыған орай Нұр-Сұлтаннан жіберілген тексерушілер әкімдердің көркем есептері қалай пайда болатынын білді. Осыдан төрт жыл бұрынғы жерге қатысты шерулер басылғасын, жергілікті әкімқаралар жағасы жайлауда күйіне қайта түссе керек, бақылауды босаңсытқан. Мәселен, 2013 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2019 жылы жерді пайдалану мен қорғау саласында әкімдіктер жүргізген тексерулер саны 2,6 есеге азайып кетіпті. Анықталған жөнсіздіктерді жою, яғни нәтиже 4,5 есеге төмендеді. Жер алғандарды іріктеп тексеру де қысқартылған. Ол тек 4 облыста ғана жүргізіліпті. Бұл, әрине, үлкен жөнсіздік. Өйткені жер дауына орай көшеге шыққан халыққа билік енді жер мықты бақылауда болатынына уәде еткен болатын.

Бірақ қазірге дейін көптеген ауданда ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын тиісті мамандар штатқа қабылданбапты.

Ал жер мәселелеріне қатысты шағым көлемі еселеп артуда: 2018 жылы АШМ-ге 1613 шағым түссе, 2019 жылы бұл көрсеткіш 3614- ке жетті.

"Ел Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы жарлығымен жерді пайдалануды бақылау және қорғау функциялары жергілікті атқарушы органдарға берілген еді. Бүгінде сол қадам тиімсіз болғанын тәжірибе көрсетті. Осы мәселе Парламент депутаттарының, "Атамекен" палатасының қатысуымен өткен Жоғарғы сот жанындағы жұмыс тобында көтерілді. Осыған байланысты Жоғарғы сот 2019 жылғы 27 мамырда Үкімет басшысының орынбасары атына хат жазып, онда жер заңнамасына өзгерістер енгізуді, аталған функцияларды әкімдіктерден алып, орталық уәкілетті органға беруді ұсынды", – деп түсіндіреді АШМ.

Бұдан бөлек, 2019 жылғы шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хатында Бас прокуратура да дәл осындай ұсыныспен шықты.

Әкімдер үмітті ақтамады. Өкілеттікті олардан орталыққа кері қайтару биыл қабылдануға тиіс "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жаңа заң жобасы арқылы жүзеге аспақ.

Салаға қатысты басқа да жаңалықтар сонда көзделген. Мысалға, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын салықтың базалық ставкасы 20 есеге дейін ұлғайтылады.

Президент Қ.Тоқаевтың жарлығымен 2020 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік нысандарын тексеруге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге тыйым салынды. Құрылыс компанияларының кейбірі жұмысшыларын аутстаффингке беріп, өздері шағын кәсіпкерлік ретінде тіркелген. Демек, олардың қоршалған жерін барып тексеруге болмайды. Бұл тығырықтан спутник құтқармақ. Заң жобасына сәйкес, әкімдіктер мен бақылаушы органдар енді ешқайда бармай, ғарышта жүрген Жерді қашықтықтан зондтау жер серігінің түсірілімдері негізінде-ақ пайдаланылмаған жерге қатысты жалдау шартын бұзып, кері тартып алатын болады.

Жерлерін мемлекет алып қойған кәсіпкерлер мен құрылыс компанияларына қатысты өзіндік бір мораторий енгізіледі. Оларға бес жыл бойы ешқандай жер берілмейді. Бұл жер пайдаланушылардың жауапкершілігін арттыру үшін жасалып отыр. Осы мақсатта "жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілім-реестрі" кеңейтіледі. Ол "қара тізімге" жер учаскелерін жалдау шарттары бұзылған тұлғалар да қосылады және 5 жыл бойы сонда тұрады. Нәтижесінде, тізілімдегі жеке және заңды тұлғаларға осы 5 жыл ішінде жер учаскелерін беруге тыйым салынады.

Жерді бақылау және қорғау функцияларымен бірге әкімдіктерден АШМ-ге 280 штаттық бірлік те қоса беріледі. Бұл министрлік өз құрылымына және аумақтық бөлімшелеріне сонша маманды жұмысқа алу үшін керек. Осы шара 2020 жылғы сәуірге жоспарланып отыр.

Министрліктің мәліметінше, жерді қорғауға жауапты 280 маманның жалақысына 2020-2022 жылдары 3 миллиард 457,3 миллион теңге қажет болады. Яғни, бір жылда 1 млрд 152,4 млн теңге жұмсалады.
Просмотров материала: 1 157

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 168 970 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 168 802 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 168 426 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 168 475 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 168 757 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 976 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 116 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 340 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 308 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 471 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 216 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 799 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 333 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 186 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 008 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 192 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 284 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 954 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 340 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 059 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 069 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 906 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 743 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 007 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 948 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 460 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 922 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 782 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 049 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 382 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 796 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 752 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 801 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 752 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 982 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 126 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031