2 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сапарбаевтың Қордайдағы жағдайға байланысты Үкіметке берген есебі жарияланды

11 февраль 2020, 11:02
Сапарбаевтың Қордайдағы жағдайға байланысты Үкіметке берген есебі жарияланды
Бүгін, 11 ақпанда Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Қордай ауданындағы оқиға туралы мәселе және оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясының атқарған жұмысы қаралды, деп хабарлайды zakon.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Күн тәртібінен тыс жиында Премьер-министр Асқар Мамин облысқа әкім болып кетсе, Бердібек Сапарбаевтың Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссия құрамындағы жұмысын жалғастыратынын жеткізді.

"Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. Бердібек Машбекұлы Үкімет комиссиясын басқаруды жалғастырады", — деді Асқар Мамин.
Сонымен қатар Үкімет басшысы Үкімет комиссиясының жұмысын жалғастыруды тапсырды. Үкімет тарапынан барлық қажетті қолдау шаралары көрсетілетін болады.

Бердібек Сапарбаев атап өткендей, бүгінде Жамбыл облысының Қордай ауданында жағдай тұрақты. Жергілікті атқарушы органдар барлық құқық қорғау органдарының қолдауымен жұмыстар жүргізуде. Соңғы 5 күнде 141 адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде 19 — полиция қызметкері. 10 адам қаза тапты. Қазақ тапқандардың отбасыларына әкімдік пен жергілікті демеушілердің есебінен көмек көрсетілді. Комиссия мүшелері Мемлекет басшысының атынан әр отбасыға көңіл айтты.

Бүгінде медициналық көмекпен Қордай аудандық ауруханасында - 13 адам, Алматы қаласында - 25 адам қамтылды. Алматыдан Қордай ауданына 10 жоғары білікті дәрігер келді.

"Қырғызстанға кеткен барлық 9 адамды (ауруханадағы) біз алдымен Алматыға әкелдік, сосын Таразға жеткіздік. Қазір ол жақта адам жоқ. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде", — деді Сапарбаев.

Бүгінде Үкімет комиссиясы жергілікті тұрғындардың көмегімен өртенген үйлер мен коммерциялық нысандарды қарап, тексеріп жатыр. Алдағы бір-екі күнде Комиссия олардың нақты саны туралы және зардап шеккендердің қандай көмекке мұқтаж екені жайлы ақпарат береді.

"Бұл үш күнде біз 5 ауылдың тұрғындарымен кездестік, оларға қандай көмек көрсетілетінін нақтыладық. Жалпы, тұрғындар жағдайды дұрыс түсініп отыр. Кеше біз ақсақалдармен кездестік, олармен сөйлестік", — деді Сапарбаев.

Үш күн ішінде кейбір азаматтар Қырғызстанға кетіп қалған. Сапарбаевтың айтуынша, екі күн ішінде 8 мыңға жуық азамат қайтарылды.

Кешеден бері барлық мектептер, балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, барлық дүкендерде де жұмыс басталды.

"Қазір тұрғын үйлер мен сауда нысандарын салуға жергілікті құрылыс компаниялары мен жергілікті тұрғындар тартылатын болады. Біз бизнесмендермен - Қордай ауданының тумаларымен жұмыс істейміз, олар көмектесуге әзір. Олардың мүмкіндіктерін пайдаланатын боламыз. Барлық жағдай бақылауда. Барлығы қалпына келеді деп ойлаймын. Әрине, кейбір мәселелер бар, оларды жақын арада шешетін боламыз", — деп түйіндеді сөзін ол.


Құрметті оқырмандар! Біз «Ауыл-Футбол» акциясы аясында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылында футбол алаңының құрылысына қаражат жинауды жалғастырамыз.

Қаражатты Kaspi-Gold 5169 4971 6091 3509 аударуға болады. Немесе + 7-707-621-6808 телефон нөмірін теру арқылы Серік Болатович М. атына жібере аласыз.

Қолдауыңыз үшін алдын ала рахмет!


Сапарбаевтың Қордайдағы жағдайға байланысты Үкіметке берген есебі жарияланды
Просмотров материала: 916

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 198 058 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 197 662 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 197 169 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 197 220 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 197 588 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 533 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 611 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 915 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 461 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 546 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 789 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 561 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 623 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 413 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 263 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 769 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 502 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 195 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 593 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 392 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 293 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 125 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 971 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 283 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 191 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 690 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 544 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 043 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 276 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 653 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 030 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 970 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 074 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 036 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 233 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 387 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031