2 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматыдағы ұшақ апаты: екінші пилоттың қайтыс болар алдында не айтқаны белгілі болды

11 февраль 2020, 9:48
Алматыдағы ұшақ апаты: екінші пилоттың қайтыс болар алдында не айтқаны белгілі болды
Bek Air әуе компаниясы Fokker-100 ұшағының апаты кезінде алған жарақаты салдарынан 28 қаңтар күні көз жұмған екінші ұшқыш Миржан Молдақұловпен болған соңғы әңгіменің аудиожазбасын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy т әуе тасымалдаушысының сайтына сілтеме жасап.

Жазбада Молдақұловтың ұшақ оқиғасын тексеру комиссиясының мүшелерімен сөйлескені айтылады.

Ұшқыш ұшар алдындағы дайындық жайлы, ұшқан сәттегі жағдай мен апаттың алғашқы минуттарында не болғанын айтып берген.



«Ауа температурасы -12 болып тұрды, аяздан темір суық әрі құрғақ болды. Жалғас қанатшаны сипап көрдім. Жиегінің алдыңғы жағы жалтырап тұрды. Бұлт тым төмен болғандықтан, көру мүмкіндігі де аз, 1200-1400 метрден аспады. Бізге ұшуға рұқсат берді. Біз ұша бастадық. Кенет ұшақ қатты дірілдеп кетті. Бірден сол жаққа қисайып кетті. Ұшақтың тұмсығы төмен тартып бара жатты...

Мен штурвалды тартып едім, ол істемей қалыпты. Кері итеріп көргенімде, аздап істей бастады. Тұрақтандырғыш дұрыс жұмыс істемей тұрған сияқты болды. Ұшу алабына қарай кері қайттық. Ұшақ сол кезде жап-жақсы ұша бастады да, кенет тұмсығы бірден төмен тартып кетті! Қанша ұстауға тырыссам да, төмен құлдилай бастады. Артынша сәл қалпына келе бергенде, мен жылдамдықты арттырдым. Сол сәтте «Gear up» (компьютердің «доңғалақты жинау» деген ескертпесі - ред. еск) естілді – мен жинайын деп тартып қалып едім, орнымыздан ұшып кеттік... Мен оңға қарай тартып, иінтіректі (рычаг) жұлқып үлгердім... Сол сәтте тағы төменге құлдилай бастады, біз тартып көріп едік, тағы да артқа ұшырып жіберді. Неден олай болғанын сол күйі түсіне алмадық», – дейді жазбада.

«Ұшып шықтық. Әуеге көтерілдік. Сол сәтте тағы төмен тарта бастады! Жерге жақындап қалдық. Ұшақ жантайған қалпы жерге тиіп, сырғи жылжып келеді. Есіме Шереметьево әуежайындағы апат түсіп кетті, тек бетонға емес, топыраққа тірелсек екен деп ойлап келемін. Бір кезде ұшақ тіптен жантайып кетті. Жолақтың шетінен асып барамыз. Сол сәтте біз ұшақты жайлап бауырымен жатқызып үлгердік, сонда бауырымен сырғи жөнелді. Ол кезде басқаруға көнбей кеткен еді», – делінген жазбада.

Ұшу өлшемдерін тексеру деректерінде қозғалтқыштың жұмыс режимі алынып тасталғаны анықталған. Комиссия мүшелері ұшқыштан «Қозғалтқыш жұмысының режимін бәсеңдеттіңіздер ме?» деп сұрайды.

«Жоқ. Мен ол іске араласқан жоқпын, өйткені экипаж жұмысының технологиясы бойынша олай етуге тыйым салынған. Барлық әрекет тиісінше орындалды», – деп жауап берді екінші ұшқыш.

«Сонда ұшақты тек әуе кемесінің командирі ғана басқарды ма?» деп сұрайды сарапшылар.

«Иә, мен тек бақылау жасап, байланыста отырдым», – дейді Молдақұлов.

«Ұшып шыққан соң ұшақ сол жаққа қарай күрт жантайып кетті. Ұшақтың тұмсығы жоғары көтеріліп кетті. Сол сәтте ұшақтың қисайғаны туралы белгі берілді. Артынша тұмсығы өздігінен төмен түсіп кетті. Ұшақты туралай алдық. Содан соң ұшақ тұмсығы тағы жоғары көтеріліп, оң жаққа қарай сілкіп жіберді. Стаблизатор өздігінен әрекет жасап жатқандай әсерде қалдық», - дейді пилот.

Комиссия мүшелері экипаж мүшелерінің қанаттардың беткі жағын қандай әдіспен тексергенін сұрайды.

«Қалай тексермедік? Үш жерін қолмен тексеріп шықтық. Жалғас қанатшаға екеуіміздің де қолымыз жетті. Менің бойым әуе кемесі командирінен ұзындау, сондықтан қанаттардың алдыңғы бөлігін тексеріп, темірді сипап көрдім. Ол құрғақ әрі таза болды», - деп түсіндіреді Молдақұлов.

Еске сала кетейік, Bek Air әуе компаниясына тиесілі ұшақ 27 қаңтар күні Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан сәтте апатқа ұшыраған болатын. Алматы әуежайының маңына құлаған әуе кемесінің бортында 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза болған еді.


Алматыдағы ұшақ апаты: екінші пилоттың қайтыс болар алдында не айтқаны белгілі болды
Просмотров материала: 874

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 886 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 535 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 024 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 080 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 447 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 011 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 061 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 364 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 002 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 083 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 265 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 725 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 468 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 331 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 091 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 567 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 275 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 681 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 493 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 048 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 875 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 338 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 716 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 084 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 157 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 306 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031