30 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Маңғыстау облысында пара алу дерегі әкімдіктерде жиі кездеседі

Маңғыстау облысында пара алу дерегі әкімдіктерде жиі кездеседі
Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен баспасөз мәжілісінде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аймақтық департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.

Департамент басшысының орынбасары Серік Қаныбековтың сөзінше, өткен жылы әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінде 66 сыбайлас жемқорлық дерегі жасалғаны анықталып отыр.

Бұдан кейінгі орында денсаулық сақтау саласы (8 дерек) тұр, ішкі істер саласының құрылымдық бөлімдерінде жеті, ауылшаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері төрт рет қылмысқа барған.

Біз Маңғыстау өңірде іске асып жатқан мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыруды да бақыладық. Осы салада 19 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп отыр. Атап айтсақ, "Өңірлерді дамыту - 2020" бағдарламасы бойынша - 9, "Нұрлы Жол" бағдарламасы бойынша - 7, "Білім және ғылымды дамыту", "Денсаулық сақтауды дамыту" мен "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламалары аясындағы жобаларды іске асыру кезінде бір-бір деректен сыбайлас жемқорлыққа бару фактілерін анықтадық, - деді ол.

Ведомствоның тергеу басқармасының басшысы Бауыржан Баймырзаның бүгінгі брифингте келтірген мәліметтерге сүйенсек, осы аталған сыбайлас жемқорлық деректерінен мемлекетке келген залалдың жалпы сомасы 558 млн 600 мың теңгегі құраған. Бұл, 2018 жылға қарағанда 187,9 млн теңгеге, яғни үш есеге артық көрсеткіш.

Бір қуантарлығы, жемқорлар қолды еткен 558 млннан астам мемлекет қаржысының 554 млн 400 мың теңгесі бүгінде өндіріліп алынды.

Маңғыстау облысында пара алу дерегі әкімдіктерде жиі кездеседі


Біз жер қатынастары саласында 54 қылмыстың, денсаулық сақтау бағытында 12, құрылыс саласында 11, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері барған төрт қылмыстың жолын кестік. Мәселен, Түпқараған
ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы И.Науханов пен Ақшұқыр ауылының әкімі М.Ізтұр 263 жеке және заңды тұлғаға заңсыз жер телімдерін берген. Осы ретте мемлекетке 1,5 млрд теңге көлемінде залал келтірілді. Сот үкімімен әлгі тұлғалар сотталды, - деді Бауыржан Серікұлы.

Жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа үшінші билік - сот органдарының өкілдері де баруы да көңіл қынжылтады.
Мысалға айтсақ, Жаңаөзен қалалық соттың судьясы А.Сейлханова 500 мың теңге парамен ұсталып, оған 25 млн теңге айыппұл салынды. Ол бұл ақшаны қалалық жер қатынастары бөлімінің талап арызын қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығару үшін екі азаматтан талап еткен.

Былтыр сыбайлас жемқорлықтық жолын кесуде көмек көрсеткені үшін 13 азамат марапатталды

Оларға жалпы сомасы 2,5 млн теңге болатын сыйақы берілген. Ал 2018 жылы пара алу дерегінің жария болуына атсалысқан алты адам 914 мың теңге көлемінде сыйақы алып отыр.

Жалпы айтсақ, 2019 жылы 137 қылмыс тіркелді. Күдік ретінде 55 адам жауапқа тартылып, 114 қылмыстық іс сотқа жіберілген. Анықталған және өндірілген материалдық залал сомасы 2,1 млрд теңгені құрап отыр. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 641 млн 600 мың теңгеге артық сома.

Осы текстес қылмыстық істерді тергеу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 115 ұсыныс енгізілді, (2018 жылы 69 ұсыныс берілген еді). Осы аталған ұсыныстардың негізінде былтыр 43, екі жыл бұрын 59 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деді брифингтегі сөзінде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтық департаментінің штаб басшысы Қайрат Зұлпықаров.

Қайрат Амантайұлының айтуынша, былтырғы жылы алдын ала сөз байласу арқылы пара алу және бюджет қаражатын тұрақты жымқыру жөнінен бес дерек белгілі болған. Олар бойынша анықталған және өндірілген залал сомасы 1,2 млрд теңгені құрайды.




"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ облыстық филиалының басшылары ұйымдастырған қылмыстың жолы кесілді. Олар "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асатын республикалық маңыздағы жол салушы мердігер компаниядардан бірнеше рет заңсыз сыйақы алған. Осындай күдікпен қылмыстық іс сотқа жолданды. Нәтижесінде, мемлекет пайдасына 552 млн 200 мың теңге өндірілді, - деді ол.

Шағын және орта бизнес субъектілеріне жергілікті шенеуніктер 16 рет заңсыз араласқан.

Ең сорақысы, облыстық туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Г. Сүйеуова жеке бас пайдасын көздеп, жергілікті ұйымның "Өңірлерді дамыту" және "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясындағы ақпараттық турларда мемлекеттік сатып алулар бойынша заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтірген. Осы әрекеметімен 20 млн теңге залал келтірді.

Бұл дерек дәлелденіп, айыпталушы қылмыстық Кодекстің екі бірдей бабымен кінәлі деп танылды. Оған 2,5 млн теңге айыппұл салынған. 18 инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу шаралары жүргізілуде.

Бұл жұмыстарды ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облыстық департаменті "Бизнес пен инвестицияларды қорғау" жобасы аясында жүргізіп келеді. Айта кетейік, жоғарыда аталған инвестициялық жобалар 1 трлн теңгеден астам қаражатқа жүзеге асып жатыр.

Брифингте айтылған тағы бір маңызды ақпар - өңірімізде жүзеге асып жатқан "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" жобасы болды.

Қазіргі уақытта бұл картаға 476 мемлекеттік және өзге ұйымның бюджеті туралы ақпарат салынған. Әлгі ұйымдар қатарында 27 колледж, 139 мектеп, 102 балабақша, 30 медициналық нысан, 51 мәдениет және спорт мекемелері бар.
Просмотров материала: 1 604

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 224 637 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 224 344 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 223 835 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 223 874 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 224 234 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 966 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 994 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 330 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 024 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 048 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 248 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 929 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 054 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 680 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 560 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 598 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 788 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 548 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 960 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 741 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 555 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 402 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 248 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 620 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 493 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 978 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 419 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 306 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 542 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 940 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 283 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 223 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 368 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 305 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 555 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 679 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031