12 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Түркістан әкімі 2019 жылғы атқарылған жұмыс қорытындысы туралы есеп берді

Түркістан әкімі 2019 жылғы атқарылған жұмыс қорытындысы туралы есеп берді
Биыл қаланы түтінмен ластайтын барлық жылу қазандықтары табиғи газға қосылады, деп хабарлайды 24.kz.

Жерасты құбырлары ауыстырылып, көп қабатты үйлерді жылыту нормасы сақталады. Сондай-ақ ұзындығы 128 шақырым болатын қалаішілік 100 көшеге асфальт төселеді. Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов 2019 жылғы атқарылған жұмыстың қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттері туралы халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Жандос Жұмабек, тілші:

- Бұл – Түркістан қаласы әкімі Рашид Аюповтың халық алдындағы алғашқы есеп беру жиыны. Жас әрі креативті ойлайтын басшы ел алдындағы есебін қағаз бен санға сүйенбей, еркін форматта өткізді. Қаладағы ең өзекті мәселенің бірі – қоғамдық көлік тасымалы. Жұрттың айта-айта ауызы талған саласы осы. Автобустардың қызмет көрсету сапасы сын көтермейтінін біз де талай көтергенбіз. Қаладағы жалғыз тасымалдаушы компания өткен жылы әкімдікке билет құнын көтеру туралы ұсыныспен шыққан болатын. Жаңа жылдан бастап жолақы 50 теңгеден 70 теңгеге көтерілді. Алайда, қала әкімдігі тасымалдаушы компанияға өз шарттарын қойып отыр.

Рашид Аюпов, қала әкімі:

- Ол – JPS орнату, жүру уақытын созу, билет беру, камера қою, кондуктор қою және іштегі тазалықты сақтау деген сияқты шарт қойдық. Бұл компания өткен жылы 26 автобус алды және қазір 100 автобус алу бойынша бірге жұмыс істеп жатырмыз. Бұдан бөлек, Түркістан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Хайр компаниясымен келісімшарт жасап, осы күзден бастап жаңа электробустар келе бастайды. Көше жарығы қауіпсіздік үшін аса маңызды. Қазір қаладағы көшелердің 18%-інде ғана жарық бар. Қазір биыл күрделі жөндеуден өткен 30 көше жарық тартылуда. Айта кетейік, өткен жылы Түркістан қаласында 1200 қылмыс тіркелген. Оның 90%-і ұрлық-қарлықпен байланысты. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 36%-ке төмендеген. Қазір Рашид Аюповтың алдында «Түркістанды қауіпсіз қалаға» айналдыру міндеті тұр. Қауіпсіздікті күшейту үшін шаһар басшысы камераларды көбейтпек. Қазір қалада 230 камера жұмыс істеп тұр. Тағы да 270-ін орнатылмақ.

Рашид Аюпов, қала әкімі:

- Бұл камералардың өзгешелігі – барлық дүниені фиксацияға алып отырады. Қанша пакет бар, қанша шатыр бар, қылмыскер болатын болса, табуға оңай болады. Осындай жұмыс істейтін жаңа технологияға көшетін боламыз. Әкім есебін тыңдап болған соң тұрғындар мен белсенділер өз сауалдарын жолдады. Кейбір өзекті мәселердің қашан, қалай шешілетінін сұрады.

Рашид Аюпов, қала әкімі:

- Жергілікті бюджеттен 152 млн теңге бөлінді. Қаладағы мектептердің қоршаусыз қалған жерін толықтыру, сырттағы дәретхананы ішке кіргізу, бейнекамераларды орнату. Көптеген мектептерде іште әжетхана бар, бірақ көбінде су болмағандықтан жауып тастаған. Күзгі оқу жылына дейін бәрін жасаймыз. Қаладағы тағы бір ел күткен дүние – газбен қамту. Бүгінде бұл көрсеткіш 65%-ті құрап отыр. Әкімнің айтуынша, жыл соңына дейін толықтай қамтылады. Көрсеткіші ең төмен сала – сарқынды су мен автокөлік жолдары. Бірі – 29%, екіншісі – 30%-ті құрап отыр. Биыл 128 шақырым болатын 100 көшеге асфальт төселмек. Алайда, өз ісіне жауапсыз қарайтын кейбір мердігерлердің салғырттығынан тұрғындар жапа шегуде. Қалада инфрақұрылым, құрылыс қарқынды жүруде. Алайда, көшелердегі газ, канализация құбырының орындары дұрыс жабылмағандықтан, балаларымыз батпаққа батып, мектептің алды, үйдің аулалары ластанып кетті. Жасаған жұмыстарының соңын тазалап кетпеген.

Жәмила Жұмабекова, қала тұрғыны:

- Жұмыс бар жерде міндетті түрде кемшіліктер болады ғой. «Көш жүре түзеледі», дейді кемшіліктер жойылады деген ойдамыз. Қаламыз ақырындап көркейіп келе жатыр. Заманауи қала болуына қала тұрғындарының бәрі атсалысуымыз керек. Сондықтан қала әкімінің есебі қанағаттанарлық деп баға қойып шығып отырмыз.

Жиын соңында шаһар басшысы халықтың қалауын тыңдап, бірлесіп, жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Кездесу жергілікті каналдар мен Facebook және Instagram әлеуметтік желілері арқылы тікелей таратылды.


Просмотров материала: 1 145

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 010 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 700 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 198 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 231 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 604 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 816 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 849 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 181 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 861 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 891 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 099 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 874 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 006 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 638 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 516 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 533 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 756 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 509 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 906 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 700 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 516 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 359 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 202 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 572 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 446 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 936 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 364 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 264 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 502 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 899 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 241 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 189 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 333 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 263 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 506 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 642 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031