5 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ең бір жалынды сәтімді туған жерге арнаған дұрыс деп шештім – резерв мүшесі

Ең бір жалынды сәтімді туған жерге арнаған дұрыс деп шештім – резерв мүшесі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылған Президенттік жастар кадрлық резервінің қорытындысы жарияланып, 300 маман іріктеліп алынған болатын. Бүгінде осы құрамнан табылған жастар мемлекеттік басқару жүйесіндегі жауапты қызметтерге тағайындалуда, -деп жазады BAQ.KZ.


Солардың бірі, жақында ғана Жамбыл облысы әкімдігі жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болып бекітілген Әбілхайыр Тамабекпен аз-кем пікірлескен едік.

– Әбілхайыр Ғалымұлы, білім-білігіне сенген кез келген маман Президенттік жастар кадрлық резервіне өткісі келеді. Алайда, аталған жобаның талаптарынан шығу тағы оңай шаруа емес. Ал сіз, сол құрамға енуге өтініш білдірген мыңдаған замандастарыңыздың ішінен қара үзіп шыққан жастың қатарындасыз. Қиын болмады ма?

– Алғашқы легте алдыңғы шептен табылғанымыз рас. Көп жас бұл жобаға тек жас мемлекеттік қызметкерлер ғана қатысты деп ойлады. Бірақ мүлдем олай емес, оған еліміздегі 35 жасқа дейінгі бес жыл еңбек өтілі бар кез келген азаматтың қатысуына мүмкіндік бар. Қателеспесем, байқау жарияланған мезетте 13 мыңнан аса азамат өтінім берген. Алайда, 7 мыңның үстінде жас толық тіркеліп, алғашқы кезеңде бақтарын сынады. Онда үміткерлер тестілеуден өтіп, мәтіні мен сандары күрделі ақпаратпен жұмыс істей алу қабілеттерін сарапқа салды. Бұдан сүрінбей өткен 904 үміткердің келесі кезеңде көшбасшылық қасиеттері, стратегиялық болжау деңгейлері бағаланды. Мұнда біз эссе жазып, әлеуметтік бағыттағы жобаларымызды таныстырдық. Ал келесі сынақ сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімеге
арналды. Бұл кезеңге балл жиынтығы бойынша алдыңғы сынақтарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген қатысушылар өтті. Әңгімелесуден соң, комиссия мүшелері дауыс беру арқылы 330 үміткердің тізімін жасап, оны Ұлттық комиссияға жолдады. Содан кейін Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылдау туралы шешім шықты. Ал осынша кезеңдерді қамтыған байқаудан үш жүздіктің ішіне іліну оңай болды деп айта алмаймын.

– Резервке өткеннен қандай да бір ұсыныстар болды ма?

– Иә, еліміздің түкпір-түкпірінен, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан және Алматы, Ақмола, Қызылорда облыстарынан алпысқа тарта ұсыныс түсті. Басқарма басшысы, аудан әкімінің орынбасары, бірнеше министрліктен департамент директоры секілді лауазымдарға шақырту болды. Алайда, ойлана келе туған жерімнен түскен ұсыныстан бас тарта алмадым, осында келіп қызмет етуді жөн санадым. Бұл басқа аймақтардан ұсынылған қызметтерді олқы көргендігімнен емес. Осы өңірге кіндігім байланғандығынан деп білемін. Ең бір жалынды сәтімді туған жерге арнаған дұрыс деп шештім.

– Ал Жамбыл облысынан өзіңізден басқа резервке енген жастар бар ма?

– Өңірде қызмет етіп жүрген жастарды көре алмадым. Алайда, жалпы статистикаға көз жүгірттік, Әулиеатада туып, бүгінде басқа облыс, қалаларда тер төгіп жүрген 24 жерлесіміз бар екен. Олардың бірқатары өзге аймақтарда қызметке тағайындалып үлгерді.

– Сіз әзірге Қазақстандағы ең жас басқарма басшысы болып тұрсыз. Еңбек жолыңызға үңілген көпшіліктің ішінде сізді тамыр-таныстықпен басшылық лауазымға орнықты деп санайтындар да бар сыңайлы...

– Әрине, әркімнің пікірі әртүрлі. Десе де, осындай әңгімеге ерік бергендер бір сәт ойланса екен. Өйткені, мен ешқандай да бай-бағланның баласы емеспін. Жамбыл өңіріндегі Талас ауданында тумып, өстім. Кәдімгі ауыл балаларындай май топыраққа аунап жетілдік, Ақкөл деген ауылдағы Ы.Алтынсарин атындағы қарапайым орта мектепте білім алып, есейдік.
Ұстаздарымның сындарлы тәрбиесі, сапалы оқытуының арқасында білім ошағын алтын белгімен бітірдім. Ата-анам әлі сол ауылдың тұрғындары, қарапайым ғана еңбек адамдары. Ал өзім шамам келгенше халқыма қызмет етуді басты міндетім деп санаймын. Олқы тұсымды түзеуге, орынды айтылған сынды қабылдауға, ашықтық принципін ұстанып, аға буыннан үлгі алуға әркез дайынмын.

– Әбілхайыр Ғалымұлы, басқарма басшысының да жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Қорқыныш, қобалжу болмады ма?

– Дана халқымыз "Тәуекел түбі – жел қайық, өтесің де кетесің" деген ғой, білім мен білік сай келіп тұрса, алмайтын қамалы да қалмайды. Ал қазіргі уақыт бәсекелестіктің, тәуекелдің уақыты. Онсыз бітетін ісіңнің берекесі кем. Қорқақтап, жауапкершіліктен қаша беретін болсақ, елдікке тән шаруаның шалқаюы екіталай. Жалпы мемқызметті таңдаған соң, Абайша айтсақ, халықтың қажетіне жарар бір кірпіш болып қалануды басты мақсат санаймын. Мемлекет басшысының өзі біздерге сенім білдіріп, жауапкершілік жүктеді. Енді соны ақтау жолында күш-жігерімізді, маңдай терімізді сарқамыз.

Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың "Хан баласында қазақтың хақы бар еді, тірі болсам қазаққа қызмет етпей қоймаймын" дегені есте. Ол дәурен өтті, кетті дегенімізбен, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметкерлерде халықтың хақысы бар. Сондықтан жұрттың қажетін қамтуға қызмет етуге тиіспіз.
Просмотров материала: 817

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 155 544 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 155 355 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 155 001 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 155 035 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 155 330 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 170 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 315 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 500 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 213 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 406 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 276 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 277 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 041 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 908 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 735 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 884 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 021 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 688 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 058 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 787 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 795 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 636 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 476 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 736 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 680 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 188 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 617 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 511 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 767 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 105 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 516 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 492 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 534 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 473 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 713 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 856 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031