27 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанды тек үш қала ғана асырап отыр ма?!

30 январь 2020, 15:19
Қазақстанды тек үш қала ғана асырап отыр ма?!
2019 жылы мемлекеттік бюджетке 9,7 трлн теңге салықтар мен төлемдер түсті. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 18,3 пайызға көп.

Табыстың ең көп көлемін Алматы, Атырау облысы және Астана қамтамасыз етті. Бұл фактор Қазақстанда донор облыстар қанша, реципиент аймақтар қанша деген мәселенің басын ашып алуды қажет етеді. Себебі осыдан 14 жыл бұрын, 2006 жылы Қазақстандағы донор облыстар саны 12 болатын. Ал 2019 жылғы көрсеткіш бойынша бұл дерек 4 облыспен шектелді, - деп жазады adyrna.kz.

Ал соңғы дерек Алматы, Астана және Атырауда көрсетіп тұр.

Демек, 2018 жылдан бері донор аймақтардың саны үшеуге қысқарды.

Қазір Қазақстанда потенциялды донор аймақтардың саны тек үшеу.

Мамандардың пікіріне ден қойсақ, бюджеттің орталықтандырудың кесірінен донор аймақтардың қатары азайып кеткен. Экономист Әсет Наурызбаевтың айтуынша, елдегі жағдай нарық заңына мүлдем кереғар екен. Бюджет төменнен емес, жоғарыда бекітіледі. «Бізде бюджет орталықтан әкімдердің ықпалына, бірінші басшыға жаққандығына байланысты бөлінеді.

Әкімдер өздері басқарып отырған аймақтардың нақты қажеттіліктері бойынша есептелген қаражатты сұрамайды, қайткенде орталықтан ақшаның көбірек бөліп алуды көздейді.

Бұл күресте реформатор әкімнің емес, бірінші басшы алдында сүйкімі бар әкімдердің жолы болады.

Орталықтан бөлінген бюджет әкімдердің жағдайын жақсартып, кейбірінің беделін одан сайын көтереді, – дейді Әсет Наурызбаев.

Ал қаржыгер –экономист Бейсенбек Зиябеков біз таңдап алған экономикалық моделдің ескіргенін айтады. Енді оны жаңғырту керек. Себебі экономикада инновация жоқ. Шенеуніктер экономикалық картинаны жаңғыртып, жетілдірудің орнына популизммен көбірек айналысады. Президент қаттырақ айтса, қозғалыс болады да кейін бәрі таз қалпына қайта түседі. Оның айтуынша, сауатты және біздің реалды өміріміздің шеңберіне лайықтаған бағдарламалардың жоқтығынан ІЖӨ 2-2,5 пайыздың айналасында қалыпты.

« Бағдарламаларды орындау үшін бізге кемінде 5-7 пайыздық өсім керек. Меніңше, Үкімет экономикалық ашығу дегеннің не екенін білмейді.

Қымбат мұнай дәуірінің елесінен әлі шыға алмай жүр. Мұнай заманы қайта оралады деп үміттенеді» дейді Бейсенбек Зиябеков.

Экономика сарапшыларының айтуынша, республикалық маңызы бар қала деңгейіне көтерілген Шымкенттің жеке, тәуелсіз бюджеті болмайды. Себебі, елімізде өзін-өзі басқарудың жергілікті функциясы әлі толығымен енгізілген жоқ. Себебі өзін-өзі басқару жүйесін енгізудің халықаралық тәртіптерін әзірге қолданып отырған жоқ. Сондықтан бюджет тапшылығы бар облыстар донор аймақтарға қаржылай тәуелді.

Болмаса, донорлар шарықтап дамып, ал табысы аз аймақтардың экономикасы одан әрмен құлдырап кетеді екен. Бұл жүйені әлемдік тәжірибеде елдердің социалистік бірлігі деп атайды. Қазір ол қолданыстан шыға бастады. Тіпті Ресейдің өзі бұл жүйеден бас тартып жатыр.

Донор облыстардың қатары көбею үшін аймақтар өзін-өзі асырау керек. Солай болуы тиіс екені бәрімізге белгілі. Саясаттанушы Замир Қаражанов Қазақстанда таңдаулы төрттіктен өзге аймақтардың донорлық деңгейге көтеріле алмауы экономикалық саясат үшін жақсы емес дейді. Бұған мемлекеттік саясат, оны жүзеге асыратын шенеуніктер де кінәлі. Оның айтуынша, аймақтардың басым көпшілігінің дотацияда отыруы ел дамуын тежейді. Әрбір аймақ, әрбір елді мекен өз арбасын өзі сүйресе, көш түзелер еді. «Ауылға немесе аудандарға барған әкімдерге өздері бастаған істі соңына дейін жеткізуге мүмкіндік берілмейді.

Екіншіден, бизнес климаттың тартымдылығы да көп мәселені шешеді. Бізде Алматы мен Астананың бизнес климатының тартымдылығына мемлекеттік деңгейде мән беріліп, өзге аймақтар ескерілмейді. Бұл реципиент қалалардың қатарының көбеюіне себеп болып отыр», – дейді ол.

Замир Қаражанов орталықтан алыс орналасқан аймақтардың инвестициялық климаты тартымсыз деген пікірге сенбейтінін айтады. Зауыты, кәсіпорындары бар шағын қалалардың біразының атауларының инвестициялық картадан түсіп қалуына КСРО-ның күйреуі себеп болған. Сол уақыттан бері бұл аймақтарды Үкімет ұмытты деуге болады. «Дағдарыстан ес жиған және кәсіпорындарының табысты жұмыс істей бастағалы Кентау қала үлгісіндегі елді мекенге айналды. Қазақстанның кәсіпорындарында жұмыс істеп тұрған трансформаторлардың 90 пайызы қазір Кентауда жасалады», – дейді ол.

2018 жылы Испанияда Каталония референдум өткізіп,"Неге біз өзге аймақтарды асырауымыз керек?" деп талап қойды. Бұл фактор әлемдегі назар аударарлық құбылысқа айналды. Алдағы бірер жылда бізде де мәселеге айналуы мүмкін. « Қазақстан бұл жағдайдан сабақ алуы тиіс. Үкіметіміз бен депутаттарымыз әлемдік тәжірибеге үңіліп, жіберген қателіктеріне неге талдау жасамайды? Барлық дамыған елдер кезінде соның бәрін бастан кешкен. АҚШ-тағы Детройтты еске түсірейік. Көп салықтары мен зейнетақының жоғары аударымдарымен "өз көрін өзі қазған" қала. Бизнес ол қаладан қашып кетті, ал Детройт банкрот болды, – дейді Замир Қаражанов.

Көршіміз Ресейде де донор аймақтар көтеретін жүктің ауыртпалығы еселеніп кетіпті. 2018 жылдың қаңтар айында "Реальное время" порталы көрші елде салықты тек 3 аймақ қамтамасыз етіп отырғанын қайталап жазыпты. Қалған 72 аймақ реципиенттер қатарына қосылған. 2016 жылы олардың саны 60 болатын. Демек, донор аймақтар көтеретін жүктің ауыртпалығы еселеніп кеткен. Порталда жазылғандай, 2017 жылы Ресейде 9 трлн рубль салық түскен. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 32 пайызға көп. Бірақ соған қарамай 12 аймақтың жағдайы мүлде нашарлап кеткен.

Ресей Федерациясындағы аймақтық мәселелермен айналысатын институттың сарапшысы Дмитрий Журавлев өткен жылы журналистермен кездескен кезде донор және рециепиент облыстардың жағдайы 2017 жылдан бастап мемлекеттік деңгейде бақыланатынын айтыпты. «2018 жылдан бастап кез-келген аймақтың федералды орталықпен байланысы бірнеше бағытты қамтиды. . Әрбір аймақтың бюджетінің қалыптасуына басымдық беріледі. Бұл фактор аймақтың дамуы және қаржылық тәуелсіздігінің деңгейін көрсетеді» дейді ол.

Біздің елде донор аймақтардың жағдайы 2017 жылдан сыр бере бастады. Экономист-қаржыгер Бейсенбек Зиябеков бюджет теңгерімсіздігін жою үшін кейбір жергілікті аймақтардағы бизнес-субьектілерді бағдарлама бойынша қаржыландыруды азайтқанын айтты. Бұл жолғы өзгерістердің бенефициары – экономикасы әлсіз аймақтар болып қала бермек.

«Нәтижесінде салықтан түскен табыс барлық аймақтарға тең бөлінеді. Бұл жолы тағы да дотациялық аймақтарды бюджет трансферті арқылы қосымша қоректендіреді. Облыс әкімдеріне экономикалық көрсеткіш маңызды емес. Облыстың көшін сүйреуден гөрі утопия жобаларды қаржыландыру жеңілірек, – дейді Бейсенбек Зиябеков.

Бейсенбек Зиябеков осы кезге дейін реципиент аймақтардың қатарының көбейіп кетпеуі үшін біраз тірліктің басы қайырылғанын айтады. Болашағы жоқ ауылдарды анықтайды. Болашағы барын сақтап қалып, жоғын жауып тастайды. «Моно қалаларды дамыту үшін бағдарлама қабылданды. Ол бойынша 27 шағын қаланы қамту керек еді. Бірақ оны жүзеге асыратын нақты тетік болмады. Мүмкіндікті шашыратып алдық. Қаржы анда кетті, мұнда кетті. Нәтижесі аз болды, – дейді Бейсенбек Зиябеков.

Осы тұста, экономист Ресейде де шағын қалаларды дамытуға арналған бағдарлама болғанын айтты. Олар бұл бағытқа 1,5 млрд рубль бөлген. Біздің теңгемен есептегенде 7-8 млрд теңге. Ал Қазақстанда 1 жылға 34 млрд теңге, 3 жылға 120 млрд теңге бөлінді. Бізде тіркелген моно қала – 27 болса, Ресейде – 300.

– Үкімет бөлген қаржы мақсатты түрде жұмсалса, 27 қаланың инфрақұрылымы 90 пайызға жаңаруы тиіс еді. Ресей осы бағдарлама негізінде реципиент аймақтардың донорлық мәртебе алуын сатыға бөліп, кезең-кезеңге жүйелеп жатыр. Ал біздің елде донор аймақтардың реципиенттер қатарына қосылуының өзі проблема. Бұл әкімдердің рейтингіне әсер етеді, – дейді Бейсенбек Зиябеков.

Экономист-қаржыгер Бейсенбек Зиябеков біздегі кемшілік бағдарламалар арасындағы сабақтастық байланыстың жоқтығында деген ойға басымдық береді. Осы құжатқа дейін ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010, шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға, елді аумақтық дамытудың 2015 жылға дейінгі бағдарламалары қабылданған. Бірақ нәтиже аз болды.

«Қазақта "ауруын жасырған – өледі "деген сөз бар. Донор аймақтардың қатары азайып, олардың мүмкіндігі барларының өздері шаршай бастады. ШОБ-тың жабылуы немесе көлеңкеге кетуі барлық аймақта байқалып жүр. Үкімет реципиент аймақтардың жағдайын жеке талдап, оларға қолдау беру арқылы донор қалаларды шаршатпауға болады, – дейді Бейсенбек Зиябеков.
Просмотров материала: 1 373

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 895 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 712 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 127 369 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 127 386 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 695 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 696 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 867 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 944 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 188 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 336 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 701 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 413 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 685 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 576 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 387 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 510 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 686 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 358 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 698 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 461 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 459 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 295 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 144 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 388 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 325 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 849 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 212 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 174 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 396 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 739 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 152 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 160 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 200 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 136 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 362 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 512 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031