16 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Bek Air қызметкерлері билікке үндеу жариялады

15 январь 2020, 11:33
Bek Air қызметкерлері билікке үндеу жариялады
Bek Air әуе тасымалдаушы ұйымының қызметкерлері тексеру жұмыстарын тездетіп, тергеу қорытындыларын шығарса екен дейді. Олар Қазақстанның авиациялық билігіне үндеу жариялады. Қызметкерлер алдағы уақытта не боларын асыға күтуде. Мамандар Алматы маңында болған ұшақ апатының тексеру жұмыстарын бастаған кезде Bek Air-дің лицензиясы тоқтатылып, рейстердің барлығына шектеу қойылған. Бұған қоса 300-ден астам қызметкер ақысыз жұмыс демалысына жіберіліпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Bek Air ұйымының қызметкері Қазақстанның авиациялық билігіне үндеу жариялау үшін әуекомпаниясының кеңсесіне жиналыпты. Апат орын алғанына үш апта болған, осы уақытқа дейін қызметкерлер төленбейтін еңбек демалысында жатыр екен. Әуе тасымалдаушы ұйымының лицензиясына шектеу қойылған, сол себепті мекемеде жұмыс атқарып келген әуесеріктер, инженер мен есепшілер не істерін білмей дал болып жүрген көрінеді. Амалдары таусылған олар биліктегілерден көмек сұраудан басқа шарамыз қалмады дейді.

"Барлығымыздың табыс көзі тоқтаулы, не істерімізді білмей, басымыз қатып кетті. Ұйымның лицензиясы тоқтаулы болғандықтан, жұмыс та жоқ, жалақы да жоқ. Тергеу жұмыстары қашан бітетіндігін бір Құдай біледі. Ал бізге үйдегі отбасымызды асырап, баспанамыздың төлемақыларын жүргізуіміз қажет", - дейді бортсерік-нұсқаушы Тұрсын Ахметов.

Мұрат Сахов бұл мекемеде қызметкер болып жүргеніне 3 жылдан асыпты. Қазір ер азамат Fokker-100 ұшағының апатына куәгер болғандардың қатарында. Ол құлаған әуе кемесінінен басқа да жолаушылардың шығуына көмектескен. Дегенмен істің анық-қанығын ашып айтпады. Алдағы уақытта бәрі де белгілі болады дейді ол.

"Жалақымыз тоқтаулы күйде. Басқа мамандыққа барғымыз да келмейді, өзіміздің жұмысымызға үйреніп қалған едік. Барлығының да бала-шағасы бар, кейбіреулері тіпті көпбалалы. Олардың несиелерін айтпасақ та түсінікті. Мен тезірек тергеу жұмыстарын біткенін қалаймын", - деді бортсерік Мұрат Сахов.

27 желтоқсанда Алматы маңында Bek Air компаниясына тиесілі «Фоккер-100» ұшағы құлап, 12 адам қаза тапқан еді. Қайғылы оқиғадан кейін әуе компаниясының лицензиясы уақытша тоқтатылған болатын. Ал премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр сол уақытта Bek Air-дің әртүрлі лоббистердің көмегімен IOSA сертификатынан бас тартуға тырысып келгенін де мәлімдеген. Тіпті еліміздің Азаматтық авиация комитеті халықаралық стандартқа сай қауіпсіздік сертификатын алуды міндеттеген кезде «Бек Эйр» басшылары қарсылық танытып, сотқа бергені де белгілі болды.

"Мен ешкім де, ешқашан бірін-бірі қорғап, сөзін сөйлемейді деп сендіргім келеді. Өйткені кеткен кемшілік көп. Халықаралық әуе рейстеріне шығуды жоспарлаған Bek Air компаниясы әртүрлі деңгейдегі лоббистердің көмегімен IOSA сертификатын осы жылдар бойы алмай келген. Бірақ министрлік өрескел заң бұзушылықтарға жол берген жоқ", - деп мәлімдеді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр.

Bek Air қызметі белгісіз уақытқа тоқтатылды. Осы кезге дейін ұйым ішінде не болғанын, ұшақтардың қандай жағдайда, қашан жөндеуден өткенін, қандай ережелер сақталып, олардың қайсысы бұзылғанын сарапшылар анықтайтын болады. Дегенмен олар да тексерістің қашан бітетіндігін әзірге білмейді. Мәскеулік мамандар борттық жазбаларды шифрлеуден өткізген. Сонымен қатар ұшақты құрастырып шығарған Нидерландыдағы өндіріс орны тексеріледі.
Просмотров материала: 833

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 800 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 631 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 259 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 307 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 589 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 065 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 200 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 425 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 427 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 592 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 319 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 841 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 343 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 197 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 016 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 209 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 294 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 960 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 348 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 067 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 084 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 917 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 750 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 015 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 956 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 469 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 935 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 789 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 062 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 389 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 803 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 760 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 813 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 763 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 989 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 136 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031