22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қасқыр намыс, қой мінез ҚАЗАҚ үшін ғылымды жинақтап, жаңғыртуымыз керек!

Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.К.Тоқаевқа

Биік мәртебелі Президент мырза!
Ардақты Қасымжомарт Кемелұлы!



Саналы өмірімнің 40 жылын биология ғылымына арнадым. Оның ішінде ботаника ғылымымен кәсіби айналысамын. Ғылымнан ешқайда ауыспадым, оның «ыстық-суығын», «тоқтығы» мен «аштығын» көріп келемін. Осы уақыт ішінде кіші ғылыми қызметкерден бастап институт директорына дейінгі ғылымдағы лауазым баспалдақтарынан өттім; 30-ға жуық оқушы дайындап, 200-ден аса ғылыми еңбек, оның ішінде 21 кітап (монографиялар, жинақтар, оқулық құралдар), жариялаппын.

Менің тәрбиелеген оқушыларымның барлығы дерлік білім және ғылым саласында жұмыс істейді. Сондықтан, бүгінгі күнгі Қазақстан ғылымындағы қалыптасқан жағдайға қанықпын десем де болады. Азамат ретінде, ғалым ретінде өз көзқарасым мен пікірімді білдіруге конституциялық және моральдық құқым бар деп есептеймін. Оны осы хат арқылы өзіңізге баяндауды патриоттық-азаматтық борышым деп санаймын.

Қайраткер ғалым, ҚР ҰҒА-ның академигі Мәмбет-аға Қойгелдінің сөзімен бастасақ – «Алматыдағы ең алғашқы жоғары оқу орны ашылғанда Ахмет Байтұрсынов келіп сөйлеген. Оны шақырған сол кездегі Білім Министрі Ораз Жандосов. Сонда Ахаң: «Мына біз, ҚАЗАҚ деген халық әлсіз болдық. Өйткені техникамыз бен технологиямыз дамымай қалды. Біздің өміріміз табиғатқа тәуелді. Табиғат құбылысқа тәуелді. Он – он бір жылда аққоян жылы сайын жұтқа ұшыраймыз. Біз осы тәуелділіктен арылуымыз керек. Ғылым қуыңдар. Құр сөзге үйір болмаңдар. Жаңа техниканы, технологияны, ғылымды игеріңіздер. Онсыз мына жерімізге ие бола алмаймыз» - дейді. Ахаң дұрыс айтады. Біз тез арада ғылымды, техниканы игерген ұлтқа айналуымыз керек. Басқа жол жоқ... Осы жерге ие болудың бір ғана жолы – ғылым, техника жолы. Жеріміздің бар жоғын өзіміз түсініп алуымыз керек. Мүмкін болғанша өз күшімізбен басымдық беруіміз керек» (Жас Алаш, 30.10.2019).

Қазіргі уақытта қоғам қайраткерлері, үкімет мүшелері, ғалымдар, әлеуметтік желілердегі жай адамдардың еліміздегі ғылым туралы пікірлері мынаған саяды – ғылым бөлшектеніп, шашырап кеткен. Министрліктер мен ведомстволардың мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми жобалары мен бағдарламалары бар.

Бұл жағдайда ғылыми тақырыптар мен «қаржылық ағындардың» қайталанбауына, шашырамайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Оның орнына мүмкіншіліктерді топтастырып, инфрақұрылымның қуаттылығын арттырып, өзекті бағыттарға басымдылық берілсе, сөйтіп жұмсалып жатқан қаржыға бақылау орнатуға болар еді. Сондықтан, ғылымды басқаратын бір мемлекеттік орган болуы керек.

Ал енді ғылымның бөлшектеніп, бытырап, шашыраңқылыққа ұшырауының басты себептеріне келсек, менің түсінуімше олар мыналар:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидасының бірі – унитарлылық, біртұтастық идеясы ғылымда сақталмады. Тұғырнамалық маңызы бар іргелі (фундаменталды) ғылым мен оның инфрақұрылымын әлсірету барлық ғылымның шашыраңқылығы мен жүйесіздігіне алып келді. Ғылымдағы біртұтастық идеясының болмауы, саясат пен идеологияның кенжелеп қалуы кебір ғылыми тұжырымдарды қоғамға жариялауда асығыстыққа, жайсыздыққа алып келгендей. Мысалы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА-ның құрметті академигі Уахит Шәлекенов – ағамыздың пікірінше «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын іске асыру барысында Қазақстан жерін «қасиетті», «қасиетсіз» деп бөлуге болмайды. Біздің Отанымызға қарайтын жерлердің бәрі қасиетті» (Жас Алаш, 17.10.2019).

2. Ғылымның шашыраңқылығы ғылымды басқару жүйесінде де, тіпті еліміздің ғылым саясатында да өз көрінісін тапты. Ғылым саласында жұмыс істейтін 17-18 мың қызметкердің үстінен 3 Ұлттық Ғылым академиясы, Ғалымдар Одағы, ондаған қоғамдық салалық ғылым академиялары, ҚР БҒМ Ғылым комитеті, министрліктер мен ведомстволардағы ғылым басқармалары мен департаменттері, Ұлттық Ғылыми-техникалық сараптамалық орталығы, Ұлттық ғылыми кеңестер, Ұлттық ғылыми-техникалық ақпараттар орталығы және т.с.с. қарайды, басшылық етеді. «Ғылымға басшылық өте нашарлап кеткен. Бұрынғы ұлттық академияның қарауындағы ғылыми институттар бөлшектеніп, өз беттерінше бытыраңқылыққа ұшыраған. Қазіргі кезде олардың аттары ғана сақталып, майда шүйде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады» (У. Шәлекенов, Жас Алаш, 17.10.2019).

3. Ғылым – барлық уақытта қайталанбас – дара, өзгеше, эксклюзив. Ғылыми ойлар мен идеяларды табиғи сұрыптау тетіктері мен желісі (механизмдері) жұмыс істемейді. Себебі, ғалымдар пікірсайыстар мен пікірталастарға қатыспайтын болды. Қазақстанда ғылым салалары бойынша ресми ғылыми пікірсайыстар өтетін форумдар жоқтың қасы. Ғылыми басымдықтарды (приоритеттерді) анықтауда субъективизм басым.

4. «Кез-келген халық үшін ең негізгі фактор – жер, ата-мекен. Жері жоқ ел бейшараға айналады. Ал осы ата-мекеніміздің халі қалай?... Халық бір уақыт кезеңінде қандай күйді кешсе, жер де сол тағдырды басынан өткереді екен» (М. Қойгелді, Жас Алаш, 30.10.2019). Осы жерде айтылған халық пен жер тағдырының өзара байланыстылығы жаратылыстану ғылымдары мен гуманитарлық ғылымдардың біртұтастығының көрінісі іспетті.

Қазақстан – үлкен ел. Сондықтан оның ресурстарын түбегейлі және іргелі түрде түптеп-түгендеу қажет. Яғни біздің елімізде жан-жақты үлкен ғылым болу керек. Ал үлкен ғылым дегеніміз тек қана мемлекеттік ғылым.

Үлкен ғылым дегеніміз не, ол қандай? Бұл ең алдымен классикалық, тұғырнамалық-ортодоксты ғылым салаларының теориялық, әдіснамалық мәселері. Одан келіп, осы бағыттарды ұстап тұрған инфрақұрылымдар.

5. Мемлекеттің ресурстарын түбегейлі түптеп-түгендеу – бұл іргелі ғылымның басты міндеті. Бұ жерде мәселе тек биологиялық және минералдық ресурстар ғана емес, сонымен қатар гуманитарлық-әлеуметтік, адам ресурстары, тарих, мәдениет, экология, экономика және т.б. ресурстарда. Мемлекет өз азаматтары өмірінің барлық салалары мен қырлары бойынша шешім шығарып, жоспар құрып, оны іске асыруға міндетті.

Сондықтан да мемлекет іргелі ғылымға негізгі тапсырыс беруші болуы шарт, яғни мемлекет ғылымдағы монополист болуы керек. Тек осы монополия ғана бізді көпшілікке түсініксіз, қаптап кеткен халықаралық стандарттардан қорғап, мемлекеттік мүддеге сай өзіміздің ұлттық стандарттарымызды қалыптастырудың негізі болмақ.

Іргелі, келелі түптеп-түгендеудің нәтижесінде академик А.Жаңғалиев жабайы алманың 1253 қыл-пішінін (формасын) анықтап, сипаттаған. Осының арқасында Қазақстан алманың нәсілдік-генетикалық отаны деп танылды. Еліміздің абыройын асқақтатып отырған қызғалдақтың 35 түрі де осындай іргелі түптеп-түгендеудің нәтижесі. Ресурстарды түбегейлі түптеп-түгендеу еліміздің жарқын болашағының кепілі, мемлекеттік құпиялардың да негізі болмақ.

6. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары біз ғылымды коммерцияға айналдыру туралы асығыс және жаңсақ тұжырым жасап, қателікке бой алдырдық. Ғылымның нәтижесі тауар дедік те, оның рухани-идеологиялық маңызына «крест» қойдық. Содан бері ақша санап жүрміз. Ғылым бизнеске қызмет ету керек деген жаңсақ ұстаным орнығып та үлгірді. Бұл ғылымдағы «Кері нәтиже де, нәтиже болып саналады (Отрицательный результат, тоже результат)» деген қағидаға мүлдем келмейді.

Сондықтан, бүгінгі күні ғылымды басқару міндетін «Ата мекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасы өз мойнына алғандай. Ғылым мен технологияның ара-жігін ажырата алмайтындай жағдайдамыз, шатастырып алғандаймыз. Екеуі теңгенің екі жағы десек, онда келелі-іргелі ғылым – «Бүркіт жағы» (Орел) да, қолданбалы ғылым мен технология – «Құйрық жағы» (Решка).

Ғылымды теңгемен салыстыру – бұл ғылымның біртұтастығы мен тепе-теңдігінің символы. Бүгінгі күні біздің қоғамда «ғылым теңгесінің» «бүркіт жағы» көлеңкеде қалып отыр. Оның үстіне «ғылым теңгесі» ортасынан тілініп, бөлінген, оның «Құйрық жағы» (Решка) «Бүркіт жағынан» (Орел) бірнеше есе үлкен. Бұл диспропорция мемлекеттің мүддесін қорғайтын ғылыми саясаттың анық емес екеніне меңзейтіндей.

7. Ғылыми зерттеудің қорытындылары нақты ғылыми фактілермен негізделуі керек. Ал ғылыми фактілер нақты ғылыми әдістер мен әдістемеліктер негізінде жинақталуы қажет. Яғни жалпыламалықтарға жол бермей, бәрі де нақты болуы керек. Бұл ретте, ғылыми мамандықтарды батыл түрде біріктіріп-ірілендіру үлкен қателік болды.

Мысалы, биология ғылымында ондаған мамандық болатын. Олардың басым көпшілігі – ботаника, зоология, микробиология, физиология, цитология, генетика, биохимия, биофизика сияқты тұғырнамалық ортодоксты мамандықтар еді. Ғылымның басқа да саларында осылай болды.

Қазіргі уақытта бір кездері ондаған мамандықтарға тән қағидалар, әдістер мен әдістемеліктер биология, химия, физика сияқты бір ғана мамандықтарға біріктірілген. Мамандықтарды ірілендіріп-біріктіру барысында Қазақстан ғылымы нақтылықты жоғалтып, ғылыми қағидалар мен әдіснамалықтардың ерекшеліктері және қырлары көмескіленіп, жойыла бастады десе де болады. Өз кезегінде бұл іргелі ғылымды ұстап тұрған инфрақұрылымның жұтаңдануына алып келді.

Мысалы, оңтайландыру деген ұранмен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі кафедраларды батыл біріктіру осының нәтижесі. Бір кездері толыққанды жұмыс істеген, жүздеген мамандықтар бойынша кадрлар дайындаған 90 кафедрадан 60 кафедра қалдырылып, ғылыми қағидалар мен ерекшеліктерінің қырлары жойылды, жұтаңданды. Ең өкініштісі – ғылыми мәліметтерді жинау әдістері, зерттеу жұмыстары және оларды тұжырымдау, қорытындылау жолдары әр түрлі ғылымның классикалық бағыттары біріктірілді.

ҚР БҒМ-нің Ғылым комитетінде салалық басқармалар мен департаменттер жоқ. Яғни, онда ғылымның жеке бір саласында мемелекеттік саясат жүргізетін, жауап беретін нақты тұлға жоқ деген сөз. Сондықтан Ғылым комитеті әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, химия-технологиялық, жер туралы және т.с.с. ғылым салалары бойынша саяси ұстанымы бар мемлекеттік орган бола алмай отыр.

8. Ғылымның инфрақұрылымында маңызды орын алатын – ғалымдар. Ғылыми қауымдастық, қоғам мойындаған әр ғалым жүйелі ғылыми ақпараттың қоржыны, қайнар көзі. Ғалымның әлеуметтік маңыздылығы да осында. Көп жағдайда олар ойшыл, ішкі дүниесі терең, бай, көп нәрсеге айғай қоспайтын біртоға адамдар. Ең бастысы – олар ұлттың намысын көтеріп жүрген азаматтар. Сондықтан, ғалымдарға инвестиция салу өте маңызды, әрі өзекті дер едім.

Ерекше атап өтетіні – бүгінгі қазақ ғалымы «қарнының ашқанына жылап жүрген жоқ»...! Қазіргі уақытта біздің қоғамда шетелдік ғылымға жалтақтау басым, тіпті табыну орын алып отыр деуге болады. «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасының маңызын да асыра сілтеп, жарнамалап жібергендейміз. Тіпті осы бағдарламаның аты айтып тұрғандай, еліміздің, тәуелсіздігіміздің келешегін де шетелдік білім-ғылым жүйесінде қалыптасып, тәрбиеленген мамандарға тапсыратындаймыз.

Бірақ, «Болашақ» бағдарламасымен ҚАЗАҚТЫҢ 100%-ын қамту мүмкін емес. Сондықтан, ғалым-мамандарды дайындауда оған бір жақты айқын басымдық берудің де реті жоқ сияқты. Бүгінгі күні «Болашақ» бағдарламасына басымдық берудің ғылыми-кадрларды дайындаудағы диспропорцияға алып келгені – ащы да болса, шындық. Оны мойындауымыз керек.

Осы айтылғандардың негізінде ҚАЗАҚ ғылымын болашақта дамыту үшін мынадай үш қағида тезиске арқа сүйеу керек сияқты:
1) Ғылымды біріктіріп жинақтау идеясын тұжырымдап, оны басқаратын мемлекеттік орган кұру;
2) «Ғылым – ұлттың рухани иммунитеті және намысы» ұстаным-идеясының концепциясын дайындау;
3) Ғылым – идеологиялық, ақпараттық, экономикалық, экологиялық, азық-түліктік, биологиялық қауіпсіздік сияқты ұлттық қауіпсіздік ұстанымының ғылыми-теориялық, философиялық-әдіснамалық тұжырымдамасы.

Аса құрметті, Қасымжомарт Кемелұлы!

Өзіңіздің инаугурациялық баяндамаңызда және халыққа жолдауыңызда мемлекеттік – қазақ тілі біздің қоғамымызды біріктіретін, жұмылдыратын негізгі фактор деп белгіледіңіз. Бұл ретте, еліміздегі ғылымның басты біріктіруші күші ҚАЗАҚ ТІЛІ екені – көзге ұрып тұрған ақиқат.

Қазақ ғылымының екінші біріктіруші күші – «цифрлы экономика» ұстаным – идеясы. Ал ғылымды жинақтау идеясының өмірдегі шынайы көрінісі оның барлық саласында қазақ тіліндегі стратегиялық және имидждік ғылыми бағдарламалар мен жобалар болмағы түсінікті жайт.

Қазақ тіліндегі осындай жобалар мен бағдарламаларға басымдық берілсе, қазақша салалық лингвистика дамып, мемлекеттік тілдегі ғылыми номенклатура жүйелі түрде орнығатыны сөзсіз. Түптеп келгенде, бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының тұғырнамалық қағидаларын, әсіресі оның 7 және 93 баптарын мүлтіксіз орындау болып шығады.

«Ғылымы жоқ елдің данасы жоқ, данасы жоқ елдің панасы жоқ» деген пікір бар. Шүкіршілік бүгінгі күні елімізде ғылым да, дана да бар. Елге пана болар өзіңіз барсыз! Өлеңде айтылғандай – «Қасқыр намыс қой мінез қайран ҚАЗАҚ» үшін, тәуелсіз еліміздің болашағы мен келешегі үшін Ғылымды жинақтап жаңғыртуымыз керек. Оған сіздің қамқорлығыңыз бен басшылығыңыз ауадай қажет. Бұл салауатты да, сауапты іс орасан үлкен қолдауға ие болатыны күмәнсіз. Өз оқушыларым мен әріптестерімнің атынан «Бұл жолда қызмет етуге әзірміз» - дегім келеді.

Шексіз құрметпен, және үмітпен, биология ғылымдарының докторы, профессор Нұғман Аралбай
Просмотров материала: 3 492

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 135 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 122 967 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 609 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 635 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 940 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 467 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 646 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 713 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 899 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 046 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 424 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 647 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 115 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 481 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930