3 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Зорлады ма білмеймін, есімде жоқ" - Алматыда жұмыстас жалғызбасты келіншекті қорлады (ВИДЕО)

"Зорлады ма білмеймін, есімде жоқ" - Алматыда жұмыстас жалғызбасты келіншекті қорлады (ВИДЕО)
"Зорлады ма білмеймін, есімде жоқ! Ар-намысымды таптап кетті" деп "Еуразия бірінші" арнасына жалғызбасты келіншек хабарласқан.

Алматы тұрғыны үш баласымен не баспанасы жоқ, не ақшасы жоқ, өлместің күнін көріп жүрген екен. Енді жығылғанға жұдырық болып, жұмыстас жігіт аяусыз соғып, тыр жалаңаш шешіндіріп тастаған. Қорлағаны рас, зорлағанын білмеймін деп отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.  

«Кешке қызыма да бара алмадым. Үші күні тұрып қызыма барып....жылайды....» Жаңа жылды Жайна қыз жайнатып қойып дастарханды, жақындарымен өткізгісі келген еді. Тілегені болмады. Бір күндік жалақысы  5 мың теңгесін алу үшін жұмысына барады. Мерекелік дастарханның үстінен дөп түсіп, арақ ішкен жігіттің біреуінен оңбай таяқ жейді.

Жайна жәбірленуші:

«Омыртқам, қабырғам оң жақ, он саным көгерген,сосын денем неден екенін білмеймін, күйген деп айтады, сырылған, сосын сол жақ көкірегімнің ұшы кесілген. Қан ағып тұрған. Осы жерлерім бұл қайта кішкене неткен түрі ғой.

«Бір жерде, сіз-бізіміз жарасып жүрген соң ол жігіттен мұндайды күтпедім. Аға-қарындастан артық қимылымыз жоқ еді», дейді. Арақтың ақыры  аяусыз тепкі, шағылған ыдыс, шытынаған көңіл. Айтпақшы, көңілсіз көріністің куәгері де бар. Жайна екі ортада, әйтіп-бүйтіп рулас інісіне қоңырау шалып үлгеріпті.

Марат Бижанов, Жайнаның інісі:

«8-51 де інім мені алып кетші, мені ұрып жатыр зорлап жатыр деп. Сонымен мен таксиге отырып асығып барып жеткенше 48 мин уақыт өтті. Мен 27 минут сөзін естіп бардым. Тиіспеші, шалбарымды шешпеші, ұрмаңызшы дейді. Бір минут екі минут тынышталып қалады, қайтадан жылаған дауыстар шығып жатады».

Сорақысы, соққыға жығылған Жайнаны не дәрігер дұрыс емдемеген, не полиция қорғамаған. Алғашқысы ауруханаға жатқызбаса, екіншісі арызды қабылдаудың орнына керісінше, зорлық көрсеткен азаматпен келісімге келуге үгіттеген.

Дина Смаилова, жәбірленушінің сенімді өкілі:

«Ең қорқыныштысы білесіз бе, полиция әр минуттың маңызды екенін біле тұра, қылмысты ашудың орнына Жайнаны түн жарымда нотариустарға апарып, құжаттарға қол қойдыртқан. Қылмыскермен бір бөлмеге тастап кетіп оңаша екеуара келісіңдер депті. Меніңше, мұны - тергеушінің заңға қайшы әрекеті деп бағалау керек. Әрі жемқорлыққа қарсы күрес комитетін іске
қосқан жөн».

Ал қалалық ішкі істер департаменті бүй дейді.

Графика: ҚР Қылмыстық кодексінің 24 және 120 баптары бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды. Жедел тергеу тобы құрылып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сонымен қатар зәбір көрген азаматша сот-медициналық тексерісінен өтеді. Ескеретін жайт, арызданушы полицияға шағым түсірген күні зорлық көрсеткен азаматқа қатысты ешқандай қарсылығым жоқ деген сипатта арыз жазған болатын.

Әлгінде айттық, арызды полицейлер Жайнаның әлі есін жия қоймаған кезде жаздыртып алған. Осыны ескерме керек. Ал зорламақ болған азамат келіншекке 150 мың теңгені 1- мамырға дейін тауып берем деп қолхат жазыпты. Жәбірленушінің сөзінше, ол уақытты созып, болмайтын ақшаның өзін бермей қашып кетпек. Мәселе ақшада емес  арда. Онсыз да еркек атаулыдан көңілі қалған оның, енді ақ халаттыға да, шен таққанға да шер айтса, мәселенің шешімі табыларына күмәні бар.

Марат Бижанов, Жайнаның інісі:

«Әрбір қазақ, өз жерінде өз тілімен сөйлемесе, әр заң өзінің несімен жауап бермесе, біз кімбіз сонда? Ақшасы жоқ біздер өле беруіміз керек пе? Далада қала беруіміз керек пе?»

Просмотров материала: 2 321

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 207 073 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 723 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 211 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 269 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 634 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 021 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 070 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 372 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 012 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 093 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 275 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 728 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 469 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 333 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 093 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 568 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 276 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 682 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 494 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 049 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 378 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 880 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 103 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 339 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 721 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 086 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 029 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 158 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 307 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031