23 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Әр балаға 20 мың теңгеден төлеу дұрыс емес" - Б. Сапарбаев

08 январь 2020, 17:06
"Әр балаға 20 мың теңгеден төлеу дұрыс емес" - Б. Сапарбаев
8 қаңтарда премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев жәрдемақының жаңаша төленуіне байланысты наразылық білдірген аналардың шағымына байланысты жауап берді, деп Азаттық Радиосы хабарлайды.

Осы апта басында Нұр-Сұлтанда бір топ әйел жаңа жылдан бастап, көп балалы отбасындағы әр балаға былтырғыдай - 21 мың емес, 10,5 мың теңгеден төленіп жатқанына наразылық білдіріп, мұндай жәрдемақының қазіргідей қымбатшылық жағдайда ештеңеге жетпейтінін айтқан.

- Біздің негізгі ұстанымымыз - біріншіден, көп балалы отбасыларды қолдау. Бес балаға қанша шығын кететінін, бір-екі балаға қанша шығын кететінін өздеріңіз білесіздер. Барлығына 20 мың теңгеден төлеу деген дұрыс емес. Себебі, біріншіден, оған кететін қаржыны есептеуіміз керек. Екіншісін, жаңа айтып кеттім, ең негізгі мәселе мұқтаж адамдарға беруіміз керек, - деді Бердібек Сапарбаев.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "масылдық пен мұқтаждықты ажырата білуіміз керек" деген сөзін еске салған Сапарбаев "қазақстандықтарды жұмысқа үйретуіміз керек, әркім өз отбасын өзі асырауы керек" деді.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап кәмелетке толмаған 4 және одан да көп балалары бар отбасыларға жәрдемақы тағайындалғанда отбасының табысына қарамайды деп мәлімдеген. Министрліктің айтуынша, 4 балаға - 42 496 теңге, 5 балаға - 53127 теңге, 6 балаға - 63 757 теңге, 7 және одан көп балаға - 74 388 теңге беріледі. Сонымен қатар жаңа жылдан бастап "кепілдендірілген әлеуметтік топтама" беріле бастайды деген.

6 қаңтар күнгі жағдай бойынша, 367 мың отбасына жәрдемақы тағайындалған және 17 миллиард теңге төленген.

6 қаңтарда жәрдемақының жаңаша төленуіне наразылық білдірген бір топ әйел жәрдемақының мүлде азайып кеткеніне шағымданып, әрең күн көріп жатқандарын айтқан. Әйелдердің айтуынша, мысалы былтыр 131 мың теңге алған көп балалы аналар қаңтар айында 63 мың теңге ғана жәрдемақы алған.
Просмотров материала: 1 546

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 227 836 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 227 538 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 227 042 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 227 085 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 227 445 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 139 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 149 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 512 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 214 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 224 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 430 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 981 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 123 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 726 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 605 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 685 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 845 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 603 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 8 015 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 787 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 599 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 464 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 298 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 663 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 529 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 030 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 490 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 347 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 577 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 987 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 328 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 263 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 411 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 346 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 604 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 717 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30