22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда жыл сайын 38,71 миллиард теңгені инфекциялық емес ауруларды азайтуға жұмсауға болады

18 ноябрь 2019, 20:37
Қазақстандық қоғам белсенділері мемлекеттік бюджеттен қазақстандықтардың еміне қаншалықты үнемдеуге болатынын айтты.

«Аман-саулық» ҚҚ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы ЖЕА (жұқпалы емес ауруларының) қауіп факторларын төмендету бойынша жұмыс тобы сарапшыларының жүргізген инфекциялық емес аурулардан келген экономикалық залалды зерттеу нәтижелерін талқылауға арналған іс-шара өткізді.

Іс-шара аясында «Аман-саулық» ҚҚ президенті Бақыт Түменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Айгүл Соловьева және ҚР Үкіметі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның сараптамалық тобы жетекшісінің орынбасары Гүлнар Құрбанбаева қазақстандағы ЖЕА байланысты экономикалық шығынды бағалау мақсатында жүргізілген зерттеу нәтижелерін ұсынды.

Зерттеу Қазақстанда 2018 жылы қабылданған инфекциялық емес аурулар көздерінен зиянды азайту тұжырымдамасының қолданбалы бөлігі болып табылады. ЖЕА негізгі көздері болып алкоголь, темекі шегу, тамақтану, физикалық инерттілік, нашақорлық және репродуктивті денсаулық анықталған.

«Қазақстанда инфекциялық емес аурулар өлім-жітімнің 98,9% себебі болып табылады, ал жұқпалы аурулардан болатын өлім-жітім үлесі небәрі 1,05% құрайды. Әлемнің кез-келген басқа мемлекеттеріндегі сияқты, Қазақстан Үкіметі инфекциялық емес ауруларға қарсы күрес бойынша шаралар қабылдауда. Денсаулық сақтау бюджетінің шамамен 11% - ы инфекциялық емес аурулар санатына жататын ауруларды емдеуге жұмсалады. Тұжырымдама тұтынушыларға қоғаммен бірігіп, зиянды азайтуға, өмір сүру сапасын жақсартып деннің саулығын сақтауға бағытталған шығынды азайтуға қабілетті.», - деп атап өтті Гүлнар Құрбанбаева.

2019-2030 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасында 4 негізгі дереккөзге қатысты инфекциялық емес аурулардан (ЖЕА) келетін зиянды азайту тұжырымдамасын іске асырудан болатын жалпы экономикалық тиімділік: жыл сайын 387,1 млрд.теңгені немесе 38,71 млрд. теңгені құрайды.

Дұрыс тамақтанбау- бүкіл әлемдегі аурулардың пайда болатын маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Құрамында қаныққан майлар мен энергияны көп қажет ететін тамақ өнімдері бар тамақтану рационы семіздіктің, қатерлі ісіктің және жүрек-қантамыр ауруларының себепшісі болып келеді. 2018 жылдың мәліметтері бойынша Қазақстанда тамақтану проблемаларына байланысты 25 000 ерте өлім жағдайы тіркелген.

Дұрыс тамақтанбау факторларының өлім статистикасына үлесі зерттеуде 20%-ға бағаланады.Дұрыс тамақтанбаудан экономикалық шығындарды бағалау кезіндегі негізгі болжам дұрыс тамақтану зиянды елу пайызға қысқартуға себепші болуы мүмкін. Дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырудан және тұтынушыларды неғұрлым дені сау азық-түлікке немесе одан аз тұтынушыларды зиянды тамақтардың баламасына ауыстырудан болатын жалпы экономикалық тиімділік 2019-2030 жылдар аралығында 218,7 млрд.теңгеге деин оңтайлы нәтиже әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты, дұрыс тамақтану бойынша жалпы ұсыныстар мыналар болып табылады: әртүрлі тамақты тұтыну; дене салмағын қалыпты ұстап тұру; қаныққан майлар мен холестериннің төмен тұтынылуы; рациондарда витаминдердің (көкөністер, жемістер, дәнді дақылдар) жеткілікті болуы; қант, тұз және натрий қабылдауды шектеу.

Темекіні пайдалану адам денсаулығына әкелетін қауіп-қатердің бірі болып табылады. Қазақстанда 2 478 544 темекі шегушілер бар. 2018 жылдың мәліметтері бойынша темекі шегу 20 900 адамның ерте қайтыс болуына себеп болды, олардың ішінде 16 533 ер және 4 367 әйел.

Есептеулер 2019 жылдан 2030 жылға дейінгі кезеңде темекі шегушілерді темекінің балама түрлеріне жыл сайынғы ауыстыру 85,7 млрд.теңгені құрап, оң экономикалық тиімділікті көрсетпек. Темекі шегуге қарсы күрес мақсатындағы тұжырымдама дәстүрлі темекілердің барлық тұтынушыларын темекінің жану процесі жоқ никотинді жеткізудің балама түрлеріне және зиянды, канцерогендік компоненттердің едәуір аз мөлшеріне ауыстырып қосу бойынша тәсілді ұсынады.

«Көп жылдық тәжірибесі бар дәрігер ретінде мен шылым шегуге қарсымын, себебі бүгінгі күні темекі шегу бірқатар ауруларды тудырып өлімге әкеліп жатқандығы дәлелденді. Менің ойымша, бұл мәселемен күресу керек. Сауал басқада, қалай күресеміз? Шылым шегуден болатын зиянды азайтудың ең тиімді жолы одан түбегейлі бас тарту. Бірақ, темекі шегу мәселесі маскүнемдік пен нашақорлық сияқты тыйымдармен шешілмейді. Менің ойымша, басқа да, зияны аз балама ұсыну қажет. Оның үстіне, нарық жаңа инновациялық өнімдерді ұсынады, онда жану процесі жоқ. Адамдар никотинге үйреніп, оған тәуелділікті сезінеді, ал негізгі зиян жану өнімдерінен яғни,дәстүрлі темекі шегуге ілесе жүретін үрдістен басталады. Никотинді жеткізудің инновациялық балама жүйесі дәстүрлі темекілермен салыстырғанда 95% - ға аз зиян келтіреді», - деп атап өтті Бақыт Түменова.

Алкоголизм - қоғамның әлеуметтік-экономикалық тіршілігін елеулі түрде бұзатын ауқымды әлеуметтік проблема. Сонымен қатар, алкогольды шамадан тыс пайдалану түрлі аурулардың үдеп өлім мен қылмыстың белең алуына әкеліп соқтырады.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша 2018 жылы алкоголь өнімін өткізу көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 4% - ға артты (2017 жылы 467 256 761-ден 2018 жылы 486 585 797-ге дейін).):

- сыра 2% (2017 ж. 402 021 073-тен 2017 ж. 411 183 746-ге дейін 2018 ж.);

- арақ 7% (2017ж.);

- шарап 17% - ға (2017 ж. 22 383 068 - ден 2018 ж. 26 923 876-ға дейін);

- ликер-арақ 16% - ға (2017ж. );

- коньяк 23% - ға (2017 жылы 7 785 902-ден 2018 жылы 10 127 601-ге дейін).

Тұжырымдама алкогольді ішімдіктерді тұтыну мәдениетін өзгертуді және этил спиртінің аз мөлшері бар күшті ішімдіктерден әсері төмен ішімдіктерге көшуді қамтитын алкогольді тұтыну моделін пысықтауды ұсынады. Фискалдық саясатты қолданып, мысалы, ақпараттық-ағартушылық сипаттағы шаралармен күшті және әлсіз алкогольді ішімдіктерге акциз мөлшерін саралау орынды болмақ. Осындай алкоголь саясатын іске асыру 2019-2030 жылдар кезеңінде 25,9 млрд. теңге мөлшерінде таза экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Есірткіге тәуелділік мемлекет, қоғам және жалпы әлем үшін, жеке адамдар үшін зор ауыртпалық болып табылады. Опиоидты пайдалану салдарынан психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары бар наркологиялық есепте тұрған адамдардың ең көп саны 11453, каннабиноидтарды 8483 құрайды. Есірткі заттарын біріктіріп тұтынушы (көп тәуелділік) 4618 адам. Ал Қазақстанда нашақордың орташа жасы 32 .

Тұжырымдамаға сәйкес, демеуші алмастыру терапиясы (ДАТ) есірткіні тұтынудың теріс салдарынан келетін зиянды төмендетудің халықаралық медициналық қоғамдастығы ұсынған құралы болып табылады. Есептеулер 2019-2030 жылдар аралығындағы кезеңде әдістемелік терапия бюджетке әлеуетті табыс түрінде 56,8 млрд. теңге мөлшерінде экономикалық үлес қосуға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Қазақстанда 2008 жылдан бастап сироп түріндегі «Метадон гидрохлорид» препараты қолданылады. Қазақстанда (ДАТ) опиоидты тәуелділікті емдеудің тиімді әдістерінің бірі ретінде қарастырылып, ол психоәлеуметтік кеңес беруді, жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді, кәсіби дағдыларды алуда, психологтың көмегін қамтиды. (ДАТ) ұсынумен нарколог дәрігерлерінен, психологтерден, әлеуметтік қызметкерлерден, медбикелерден тұратын мультидисциплинарлық командалар айналысады. Қазіргі уақытта Қазақстанның 9 облысында және Алматы қаласында 13 демеуші алмастыру терапиясын ұсыну пункті жұмыс істейді.

«Қорытынды жасай отырып, тұжырымдамада қарастырылған негізгі тәсіл- бұл мінез-құлықты түзету арқылы адамның өмір сүру салтына әсер ету, сондай-ақ зиянды затқа баламаны саналы таңдау үшін ақпарат ұсыну болмақ. Мұндай тәсіл индивидуумның ой- пікірін, орныққан мінез-құлық моделін қозғамай және индивидуумның өмір сүру салтына дөрекі араласуды жүзеге асырмай, ЖЕА даму тәуекелдерін төмендету бойынша ұсынылған шешімдерді қабылдауы тұрғысынан қисынды негізделген», - деп атап өтті Айгүл Соловьева.

Өмір сапасы мен оның ұзақтығы денсаулық жағдайына тікелей байланысты. Деннің саулығы біздің не ішіп, не жейтімізге, ұстанған өмір салтына, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігіне байланысты.

Зерттеудің толық мәтіні «Аман-саулық» ҚҚ сайтында жарияланады.
Просмотров материала: 1 642

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 214 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 046 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 687 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 711 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 019 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 471 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 650 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 717 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 904 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 051 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 430 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930