23 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Депутатпын ба, емеспін бе, бәрібір депутат-модель деп шығарып жіберген де интернет"

11 ноябрь 2019, 10:39
"Депутатпын ба, емеспін бе, бәрібір депутат-модель деп шығарып жіберген де интернет"
Динагүл Тасова - интернет арқылы танымал болған модель. Өзбекстанда туған, Павлодарда өскен. Негізгі мамандығы - журналист, ақпарат саласында қызмет етеді. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірген.

Дереккөз: arshat.kz

- Дина, сені жұрт «депутат» модель ретінде таныды. Модельдік қосымша жұмысың ба, негізгі жұмысың ба? Бұл салаға қашан келдің?

- Модельдік негізгі жұмысым емес, қосымша жұмыс. Модель болам деген ойым жоқ еді. Бір күні көшеде құрбыммен кетіп бара жатқан кезімде, бір агенттіктің өкілі қайта-қайта кастингке шақырды. Мен оған ойланып, әзер дегенде кастингке барғам. Кастингте мені Қазақстанның Топ-5 әдемі моделіне таңдап алып, бірден сол агенттіктің «лицос ы» атандым. Осылайша қосымша жұмысым модельдік болып кетті. Одан кейін «Miss Astana» конкурсына қатысып, «Miss Әдемі-ай» номинациясын алдым, «Russian World Beauty» конкурсында «Vice-Miss Russia» атағын алдым, Бакуде өткен халықаралық конкурсте министрдің алғысхатын алдым, былтыр Арменияда «Top Model СНГ» конкурсында «Үздік Медиа Модель» атағын жеңіп алдым.

- Сол оқиғадан кейін танымал болдың ба? Біреулер қолдан жасалған пиар әрекет дейді. Әлде шынымен интернет бір күнде танымалдық әкелді ме?

- Негізі шығармашыл ортада мені танитындар көп болатын. Бірақ мүмкін қатты танымалдыққа себепкер интернет болған болар. Себебі барлығы тез тарайды, ақпарат жедел жетеді. Хайп деген дүние бар, айтпағанды айтты деп, демегенді деді деп хайп жасайтындар бар. Депутатпын ба, емеспін бе, бәрібір депутат-модель деп шығарып жіберген де интернет.

- Модельдік негізгі жұмысыңа кедергі болмай ма?

- Жоқ, менің жұмысымның модельдікке кедергісі жоқ. Өйткені «показдардың» уақыты көбіне демалыс күндері болады. Және мен қазір бағалы модель болғандығымнан кей түсірілімдердің уақытын өз графигіме қарай белгілеймін.

- Желіде саған неше түрлі негатив комент жазылады. Кейде соларға жауап беріп отырасың. Игнор жасауды үйренбедің бе?

- Желіде жазылған коменттердің көбіне қазір мән бермеймін. Тек сырттай қарап күліп отырамын «басқа істейтін ештеңелері жоқ па екен?» деп. Таныстарым тек комент оқуға кіреді екен, сосын маған скрин жасап жіберіп отырады. Мен туралы кім айтпады? Жұлдыздар да бар. Айтпағанды айтты, жазбағанды жазды деп шығара береді. Эфирлеріме кіріп, неше түрліні жазады. Бірақ мен өзім біреудің парақшасына барып жазбайды екенмін. Түсінгенім: көре алмайтындар көп екен. Қолдайтындар да көп. Бірінші шыққан кезде негатив көп болатын. Қазір басылды. Қазақстанда модельдік дүниені таныту оңай болмады. Қазір бағалы модель болып қалыптастым. Модельдікке адамдардың да көзі үйрене бастады, мен де жабайы коменттерге бетім үйренді. Қазір көп нәрсеге мән бермеймін. Маған ұнамайтыны – әке-шешем, туысқандарым туралы жазатындары. Ол енді жеке өмір. Оған араласуға болмайды. Мен ешкімнің жеке өміріне араласпаймын. Басқа біреумен шаруам жоқ адаммын.

- Жақсы пікірлер де көп болар, модель ретінде тапсырыс беріп шақыратындар көп пе, әлде қыз ретінде тиісетіндер көп пе?

- Модель ретінде шақыратындар көп. Қыз ретінде тиісетін фанаттарым көп қой. Түсінем енді, жас жігіттер, ер азаматтар ғой көбіне. Жақында қызық болды. Бір барға қонақ ретінде шақырылғам. Сонда есік алдында таксилететін бір үлкен кісі «Қолыңызды алсам бола ма? Сізді көрсем деп армандаушы едім» дейді. Сөйлестік, рахметін айтып, ризашылығын білдірді. «Сіз молодецсіз, құрметтеймін» деді.

Елемеген болып өтіп кетуіме болар еді. Бірақ мен әр назарды құрметтеймін. Әрбір маған деген жеке ойды бейжай қалдырмаймын, бағалаймын, құрметтеймін. «Қызым болшы, бір түнге шақыртсам бола ма?» деп жазатындар болатын. Мұндайлардың ешқайсысына мән бермеймін. Біріншіден, бұндайлар менің деңгейіме сәйкес келмейді. Екіншіден, бұл мүлдем дұрыс емес нәрсе. Шешінгеннің бәрі жеңіл жүрісті қыз емес. Мен бұған таза жұмыс ретінде қараймын. Әрі қарай мұны жеке өміріме араластыра алмаймын. Өзімнің табиғатымды бұзу немесе жүрегіме қарсы жасанды тірлік жасай алмаймын. Қанша миллион ақша берсе де.

- Тоқалдық немесе күйеуге шығу туралы ұсыныстар болды ма?

- Тоқалдық ұсыныс өте көп болады. Қазір енді айтпайтын болды. Менің мінезімді біледі. Бұл тақырыпта сөйлеспейтінімді, жақтырмайтынымды көп адам біледі, қас қабағымнан.

- Денеңнің қай жерлерін жасаттың? Немесе ашық сұрайыншы, емшек өзіңдікі ме? ????

- Кеудемді жасаттым, 1 жыл бұрын. Кредит алып жасаттым. Бұрыннан ойымда болатын жасату. Өзімді іштей дайындадым, мамандардан кеңес алдым. Ақылмен келдім бұл дүниеге. Бұрын комплексім болған жоқ. Кеудем кішкентай кезде де «прозрачный показдарға» шығып жүретінмін. Өз қалауым осылай болды.

"Депутатпын ба, емеспін бе, бәрібір депутат-модель деп шығарып жіберген де интернет"


- Бос уақытыңда немен айналысасың? Не ұнайды?


- Менің бос уақытым мүлдем жоқ. Ұйықтауға да уақыт болмайды кейде. Жұмыста қонып қалатын кездерім болады, кейде тамақ та ішіп үлгермеймін. 3-4 жерде жұмыс істеймін. Біреудің тоқалы болмаған соң, жігітің болмаған соң, жаман ұсыныстардан бас тартқан соң, былайша айтқанда жағдайыңды жасап беретін адам болмаған соң, күн көру үшін бір жерде жұмыс істеп, ақша табу мынандай үлкен қалада мүмкін емес. Мен де ел қатарлы жұмыс істеп, нанымды адал тауып, кредитімді жауып жүрген адаммын.

- Қандай ішімдік ұнайды? Кальян шегесің бе?

- Кальян мүлдем тартпаймын. Маған ұнамады. Табиғатыма жат екен. Ішімдікті ішетін жер болады, ішпейтін жер болады. Көңіл күйім болса, қасымда сенімді адамдар болса ішуге болады. Маған шарап ұнайды. Виски-кола, коньяк дегендер ұнамайды. Одан да 100гр арақ ішкен жақсы. Ол таза спирт, микроп өлтіреді. Ал жалпы ішімдікке онша жақын адам емеспін.

- ЛГБТ қауымдастыққа көзқарасың қалай?

- Жалпы жүрген ортам осы дүниеге жақын. Гример жігіттер бар, еркекшора қыздар бар. Олар не себеппен ондай болғанын, психологиялық жағдайын білмейміз. Ештеңе айта алмайды екенмін бұл тақырыпта.

- Ертең сайлау болса, қай партияға дауыс берер едің?

- Президент сайлауында Тоқаевқа дауыс бердім, бірақ оны жария қылған жоқпын. Жалпы бүгінге дейін сайлауларды жіберіп көрмедім, міндетті түрде барамын. Осы жолы да құпия болсын, айтпай-ақ қояйын. Алдын ала айтуды ұнатпаймын. Уақыты келсін, көре жатарсыздар.

- Оқырмандарың көп болар? Модельдіктен бөлек, блогер ретінде ақылы посттар шығарып көрдің бе?

- Модельдіктен бөлек блогерлік пост жазып көрмеппін. Болад кейде жарнамалық пост. Өзімді блогермін деп санамаймын. Қазір екінің бірі блогер ғой. Мамандығына келсе, өз саласы бойынша болса түсінер едім. Қазір иттің итақайы блогер болып кетті ғой. Мен ондай блогер болғым келмейді. Өзімнің жұмысым мың есе артық.

- Модель болғысы келетіндерге қандай кеңес бересің?

- Модель болғысы келетін қыздар да, жігіттер де хабарласады. Бір жаңалық айта кетейін: мен қазір ешқандай агенттікте жоқпын. «Өзіңіздікін ашасыз ба?» деп сұрайтындар көп. Ата-аналар жиі хабарласады, балаларын оқытқысы келеді екен. Ол жағын да ойланып жүрмін. Қоғам қалай қабылдайды? Біздің қоғам «кеудесін ашқан қыздан не үйренеді?» деп қабылдайды ғой. Мен бірақ өте білікті маманмын. Бұл саланың майталманымын. 6 жылдан асып кетті жұмыс істеп жүргеніме. Қаншама рет шетелде болдым. Оның өзінің техникасы бар. Қалай дұрыс жүру керек, қалай дұрыс қозғалу керек, қалай дұрыс тоқтау керек, қалай дұрыс көрсету керек? Камераның алдында өзін қалай ұстау керек? Аяқпен қалай дірілдемей жүру керек, кез келген аяқкиіммен? Басты көтерудің өзінің техникасы болады. Қалай күлу керек? Мұның бәрін 1-2 күнде үйренетін нәрсе емес. Осыдан 1 жыл бұрын кәдімгідей сабақ беретінмін. Ақылы курстар өткізетінмін. Қазір оған уақытым жоқ. Модель болуға ұмтылатын қыздар, жігіттер модельдік агенттікке жазылып, оқысын. Егер ұсыныс көп болса өзім ашып оқытамын. Қолымнан келгенше үйретемін, оқытамын, тәжірибемді бөлісемін. Менің тек емшек ашудан басқа да талай мықты өнерлерім бар. Оны көбісі білмейді. Шешіну оңай ғой, ал менің ішкі жан дүнием әлі ақтарылған жоқ. Оны ешкім білмейді.
Просмотров материала: 2 536

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 350 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 165 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 821 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 839 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 147 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 669 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 839 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 917 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 157 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 301 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 669 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 397 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 571 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 501 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 353 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 692 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 457 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 455 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 290 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 140 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 384 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 733 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 155 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 195 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 131 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 356 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031