8 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстандық шенеуніктердің креслолары қанша тұрады?

05 ноябрь 2019, 17:17
Қазақстандық шенеуніктердің креслолары қанша тұрады?
Мемлекеттік сатып алулар сайтындағы ең қымбат былғары орындықтардың бірі Степногорсктегі шенеунікке бұйырған, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

«Басшыға арналған былғары орындықты» Степногорск қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы, автокөлік жолдары мен тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Степногорск-су арнасы» мекемесі сатып алды.

Мекеменің өзі ұсынған баға – 310 000 теңге. Бұл лотты 243 000 теңге ұсынып, Нұр-Сұлтанда орналасқан LM Management компаниясы жеңіп алды. Осылайша, шағын қаладағы су арнасындағы басшылардың бірі 243 000 теңгенің былғары орындығында отыр.

Бұдан 1 мың теңгеге арзан былғары орындықты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы комитетінің мемлекеттік сараптама жүргізу республикалық мекемесі алды. Өздері ұсынған 280 000 теңгенің орнына 242 мың теңгеге кресло алынған.

Түркістандық шенеуніктердің де талғамы зор

Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Түркістан облысындағы департамент басшысына орындық алу үшін бюджеттен 223 000 теңге төленген. Жеңімпаз – бір көзден сату алу жолы арқылы анықталды. Бұл сома да еліміздегі ең төменгі жалақыдан 5 есеге артық.

Судьялардың да былғары орындығы арзан тұрмайды. Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі мекемесінің төрағасы 200 000 теңгенің былғары орындығына жайғысқысы келген. Бірақ, мемлекеттік сатып алулар ережесіне сай, ұсынылған ең төменгі баға 50 000 теңгеге дейін түсіп, қазір мекеме басшысы осы бағадағы креслоны місе тұтып отыр.

165 000 теңгенің былғары орындығына конкурс жүріп жатыр

Түркістан облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының креслосы үшін мемлекеттік сатып алулар сайтында 164 000 теңгеге конкурс жарияланып тұр. Тендердің аяқталуына үш күн қалды, департамент жетекшісіне қандай кресло бұйыратыны да сол уақытта белгілі болады.

Қостанай облысына қарасты Федоров ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік сатып алулар сайтында жеңімпаз анықталмағаннан соң, бір көзден тендер өткізген. Тендер «сәтті» өтіп, лотты «Albero Bello» ЖШС жеңіп алады. Қазір Тәубе Исабаев басқаратын аудан басшылығы 151 000 теңгенің креслосын сатып алды. Еліміздегі ең төменгі жалақыдан 3 есе қымбат креслодағы басшылар «тәубе» деп отырғанына күмән жоқ.

«Түсін өзім таңдаймын»

Өскемен қаласының білім басқармасы жуырда, 1-қарашада біреуі 129 000 теңге тұратын 4 кресло сатып алды. Тапсырыс берушінің талабы – былғары орындықтың түсін тапсырыс берушімен міндетті түрде келісу керек. 4 креслоға бөлініп отырған бюджет ақшасы ең төменгі жалақы деңгейінен 12 есеге көп, яғни, 518 мың теңге. Тендер бір көзден сатып алу тәсілімен өткен. Қаражатты «Р.Т.Z.» компаниясы алды.

Жалпы, мемлекеттік сатып алулар сайтында кресло «хит-тауарлар» арасында. Еліміз бойынша бағасы 10 мыңнан басталып, 400 мыңға жуықтайтын былғары орындықтар лоты 6 мыңға таяу. Қазақстандық басшылар креслоны мүлік деп қана емес, орынтағым деп ерекше бағалап, жаңа шенге тағайындалса, ырымдап жаңа орындыққа жайғасатын қалыптасқан дәстүр бар сияқты көрінеді.
Просмотров материала: 1 857

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 151 692 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 151 502 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 151 157 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 151 186 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 151 484 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 934 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 081 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 251 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 899 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 094 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 025 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 120 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 954 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 826 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 652 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 796 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 937 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 603 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 973 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 702 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 708 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 552 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 392 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 648 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 592 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 103 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 529 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 430 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 675 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 019 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 431 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 409 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 450 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 393 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 627 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 769 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30