28 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Меритократияның теріс жағы: Байлар мен дәулеттілерді дәріптеу

29 октябрь 2019, 16:59
Біз шектен тыс мақтаудың салдары ауыр екенін білеміз бе? Биылғы сәуір айында Париж Құдай-анасының соборы жанып кете жаздағаннан кейін, француз магнаты Франсуа-Анри Пино, өзі айтқандай, «біздің інжу-маржанымызды» қалпына келтіруге 100 млн евро бөліп даңқы шықты. Осыдан кейін жеке адамдар мен түрлі компаниялардан жәрдем ақша сел болып ағылды. Аталған сома қомақты болғанмен, Пиноның бұл салымы оның байлығының 0,3%-і ғана. Егер ол орташа дәулетті адам болса, 0,3% ақша 840 евро шамасында болар еді және бұл қатардағы француз үшін аз сома емес. Дегенмен, бұл садақа дәл Пиноның даңқындай танымалдық әкелетін болса, оны беруден қатардағы француз да бас тартпасы анық.

Иә, біз байлық пен билікті шектен тыс дәріптеу дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Қоғамның жоғарғы эшелоны сый-құрмет пен танымалдық теңізіне шомылуда.

Біз мұны миллиардерлердің лепірме сөздеріне жел беріп, жағымпаздана жалбақтаған жалтырақ журналдар мен тд-бағдарламалардан көріп жүрміз. Біз филантроптардың қайырымдылығы қоғамға соншалық бірдеңе бермесе де, тіпті олар өз байлығын күмәнді жолмен тапса да, оларды мәрттігі, жомарттығы үшін жер-көкке сыйғызбай мақтаймыз.

Біз олардың іс-әрекетінің нәтижесін көрмей жатып, тіпті оның пайдалы боларына күмәнмен қарасақ та, саясатқа араласқаны немесе мектеп реформасын қолдап сөз сөйлегені үшін мәз боламыз.

Міне, осылай байлық пен биліктің алдында иіліп-бүгілуді сынаған кезде міндетті түрде меритократия туралы мәселе алға шығады.

Шынымен, біз қаншалықты дәрежеде меритократия қағидасымен өмір сүріп жүрміз, бұл жақсы ма әлде жаман ба?

Жалпы, меритократия дегеніміз — бұл мақтау пен айыптауға негізделген әлеуметтік ұйымның бір формасы. Адамдар билік пен мәртебеге лайықтыларды мінезі, қабілеті, іс-әрекеті мен мінез-құлқы үшін мақтап, олар туралы белгі береді.

Ал егер олар аяқ астынан сүріне қалса, оларды сол әбес қылығы мен қателігі үшін кінәлап, айыптайды. Яғни, бұл оның мәртебесін төмендетіп, биліктен айыруға лайықты екені туралы берілген белгі.

Егер адамдарға берілген осы баға әділетті болса, жақсылар иерархия бойынша көтеріледі, жамандар төмендейді. Лайықты адамдар күш-қуат пен мәртебеге ие болады. Жүйе жұмыс істеп тұрғанда елді аристократия – элита басқарады. Аристотельден бастап түрлі ойшылдар осылай дейді.

Бірақ бұл жүйе өзінен-өзі жұмыс істемейді және істей алмайды. Ол үнемі мақтау мен айыптауға мұқтаж. Бұл билік пен мәртебенің иерархиясын белгілеп береді, оларды одан сайын салмақтандыра түседі. Мәселе мынада: мақтау мен айыптау айыпталатын адамға және айыптайтын адамға да байланысты.

Меритократия қағидасы бойынша әркім алға ұмтылады, адамдар үнемі алға жылжуға көмектесетін бір нәрсеге тәуелді болады. Басқаша айтқанда, күштілер мен құрметтілер марапатталады, ал билігі мен мәртебесі жоқтар айыпталады (немесе жамандалады).

Кезінде ақ нәсілділер мен патриархаттың артықшылығы туралы идеяға негізделген жүйенің тағдыры осындай болды – бұл нәсілдік және гендерлік белгі бойынша құрылған иерархия болатын. Бұндай жүйеде өмір сүретіндер өз түсініктерін заңды деп есептейді.

Меритократиялар жүйенің мүшелерін өзі ұстанатын моральдық өлшемдерді объективті және дұрыс деп санауға сендіреді, ал шын мәнінде олар күштілердің ықпалымен қалыптасады («Күштінің арты диірмен тартады»).

Мадақтау мен айыптау – меритократиялық иерархияның легитимділігін қолдайтын идеологиялық перде. Біз өзімізге, өзіміздің моральдық ұстанымдарымызға барынша сын көзімен қарайтын болсақ қана көзімізді тұмшалаған осы бөгесінді жоя аламыз.

Қоғамның жоғарғы бөлігін меңдеген мақтау-мадақ – жарымжан санадан туындаған кесел. Біз, адамдар, басқаларды мақтауға және мақтайтын себеп іздеуге бейімбіз, себебі айналамыздағыларға жақсы атанғымыз келеді. Оның үстіне, бізде байлар мен ықпалды адамдарды мақтауға бұдан да күшті стимул бар: олардың көзіне түсіп, қолдауына ие болған адам байлар мен ықпалдыларды одан әрі мадақтауға кіріседі.

Кім де кім элитаға жақынырақ болған сайын, оның мақталатын адамдар тобында болуға мүмкіндігі мол. Біздің жаппай теңсіздік заманында байлар мен ықпалды адамдардың одан әрі бәсі өсе беруі заңдылық, демек шектен тыс мақтау тасқынына еш тоқтам жоқ деген сөз.

Міне, шырғалаң шеңбер осылай пайда болады: байлар мен ықпалдыларды мадақтау олардың өз байлығына лайық адамдар екенін дәлелдейді. Бұл үрдіс олардың байлығы мен ықпалын одан әрі күшейте түседі, олар күшейген сайын оларға табыну да күшейе береді.

Шектен тыс мақтаудың мінез-құлыққа ықпал ететіні жаман. Адамдарды мақтау, тіпті ол оған лайық болса да, шынымен олардың мінез-құлқына теріс әсер етеді. Өйткені, адамдар моральдық компенсация қисынымен әрекет етеді.

Психологиялық зерттеулер көрсеткендей, өзінің мінезін жақсы деп ойлайтын адам жаман қылық жасауға да құқылымын деп ойлайды. Керісінше, адамдар өзінің мінезін жаман деп есептеген кезде, жақсы әрекет етіп, оны түзетуге тырысады.

Аталған зерттеулерге сенетін болсақ, адамдарды шектен тыс мадақтау оларды жаман әрекетке итермелеуі мүмкін, ал кінәлау, айыптау жақсы мінез-құлықты күшейтеді. Ендеше, өзінің ресурстары мен мүмкіндігінің арқасында үлкен әрекеттерге бара алатын ауқатты және ықпалды адамдарды мадақтауға қатысты айтар болсақ, олардың жаман әрекетінің зияны анағұрлым күштірек.

Меритократия әлеуметтік иерархияны ақтау үшін объективті сылтаулар табуға тырысады. Қазіргі күні элитаға кіру үшін негізінен түйіндемең дұрыс болуы керек: Оксфорд-Кембридж дипломы, үздік консалтинг фирмасында немесе инвестициялық банкте тағылымдамадан өту, саясатпен айналысу немесе үкіметте жұмыс істеу, кітап жазу немесе өз жұмысың туралы TED-конференцияда сөз сөйлеу.

Мұндай түйіндемесі бар адамдар жылдам мойындалады, қадір-құрметке ие болады. Амбициясы бар адамдар үшін түйіндемедегі бұл тармақ – барынша билік пен мәртебеге ие болудың кепілі. Бірақ осы үшін ғана оны мақтаудың негізі жоқ.

Егер біз нағыз демократиялық қоғам – бір-бірімізге тең адам ретінде қарайтын қоғам құрғымыз келсе, шектен тыс мадақ пен оны туғызатын зиянды түсініктерді тізгіндеуге тиіспіз.

Мақтау мен мадақты тоқтатуға ұмтылып, қоғамдағы теңдікті қалпына келтіру үшін байлар мен күштілерге көзқарасымызды өзгертуге тиіспіз.

«Алтындатылған ғасырдың» куәгері болған судья Луис Брандейс айтқандай, біз не демократия құрамыз, не сол баяғы бір топ адамды мақтай береміз, ал «екі кеменің құйрығын ұстаған суға кететіні» белгілі.


Идеономика

Аударған Дина ИМАМБАЕВА



Просмотров материала: 1 611

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 998 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 815 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 127 471 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 127 489 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 797 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 702 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 872 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 949 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 193 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 342 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 707 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 415 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 686 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 576 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 388 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 512 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 688 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 359 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 699 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 462 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 460 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 297 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 146 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 390 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 326 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 851 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 213 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 175 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 398 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 741 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 154 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 162 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 201 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 137 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 363 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 513 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031