28 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері

28 октябрь 2019, 16:32
Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері
Халқымыздың ұлттық киімдерінің түрлері өте көп. Кең байтақ даламыздың табиғатына, ауа райына байланысты киім түрлерінде де ерекшеліктер бар.

Жақы – ертеректе ауқатты адамдар киген, қазір өте сирек кездесетін жағалы әрі асыл киімдердің бірі. Ол тек жылқы терісінен тігілетіндіктен, құлын жақы, тай жақы, құнан жақы деп бөлінеді.

Жақты тіктіру үшін қара, торы түсті құлын, тай, құнанды таңдап алып, арнаулы күтімде ұстап, түгі әбден жетіліп, жылтырағаннан кейін сойып, терісін сыдырып алып, илейді. Бір жақыға 4-5 тері кетеді.

Жақы тігу үшін құлыншақ жалын арқасына, екі иығына келтіріп пішеді. Жылы болу үшін оған арасына жұқа мақта салып, астарлайды. Жақыға басқа тері немесе мата қосылмайды, тек өз терісінен құрастырылып тігіледі.

Қазір ел арасында киімнің бұл түрі кездесе бермейді. Алаш көсемі, ақын, қоғам қайраткері М.Дулатов киген тайжақы қазір Торғай қаласындағы А.Байтұрсынов пен М.Дулатов атындағы әдебиет мұражайында сақтаулы тұр.

Шекпен
– тек қана түйе жүнінен тоқылатын жаздық сырт киім. Шекпендік матаны иіріп, оны өрмекпен тоқып, шапан үлгісіне пішеді. Оған мақпалдан немесе басқа қалың матадан қайырма жаға, тік жаға салады.

Шекпеннен су да, жел де өтпейді. Су тигенде түйе жүні ширығып, тығыздала түседі. Ол матадай емес, өте берік әрі жеңіл болады, тез тозбайды.

Ботаның немесе тайлақтың жүнінен тоқылған шекпен өте әдемі болады. Оны шидем шекпен, кей өңірде боз шекпен дейді. Жастар мұны сәндікке киген.

Қазақта шен-шекпен деген сөз бар. Оның мағынасы тереңде жатыр. Өткен ғасырларда қазақ елін отарлаған орыс жымысқылары елді, жерді бөліп, болыстар тағайындап, оларға шен тағайындап, белгі беріп, шекпен (шапан) кигізген. Осыдан барып шен-шекпен киген деген теріс ұғым пайда болған. Оған ұлы Абайдың «Мәз болады болысың, арқаға ұлық қаққанға. Шелтірейтіп орысың шенді шекпен жапқанға» деген сөзі куә.

Күпі – қазақтың ертеден киіп келе жатқан киімдерінің бірі. Ол – ішіне қойдың, түйенің жабағы жүнін салып, бидай шүберекке сырып, сыртына берік бір түсті матадан тігілетін жылы әрі қарапайым киім. Күпі жеңіл әрі ыңғайлы болады. Қажетті бұйымдар мен тігілуі оңай болғандықтан, мұны бұрынғы қазақтардың бәрі де киген. Киімнің бұл түрі көктем мен күзде киіледі.

Қалпақ – ақ киізден немесе қалың матадан тігілген, биік төбелі ерлердің бас киімі. Бұл киім бірнеше сайдан (құрамнан) құралып, жиегі қайырмалы болады. Сайлары ұлттық ою-өрнектермен әшекейленіп, төбесіне салбырап тұратын шашақ тағылады. Мұны көбінесе белгілі, лауазымы биік адамдар киген.

Қамзол – әйелдердің жасына қарай қызыл, көк, жасыл, қара түсті барқыт, шұға, мауыты т.б. маталардан әсем безендіріліп тігілетін киім. Жағалы, жиекті, жеңді немесе жеңсіз тігіледі. Өңіржиек, алқа, тұмарша, үкіаяқ т.б. алтын, күміс зергерлік бұйымдары тағылады, қапсырмалы, түймелі болады. Жағасына, етегіне зерлі оқалар, өрнектер жүргізіледі.

Жаулық – ақ матадан жасалатын әйелдердің ең негізгі бас киімі. Әз әжелерді, асыл аналарды ардақтап, ақ жаулықты дер атайды. Жаулық – қазақ әйелдерінің ары, ажары, беделі мен көркі. Арқа жерінде ардақты әжелер жоғары және төмен деп аталатын қос жаулық тартқан. Мұндай жаулықтар биік әрі көрнекті болғандықтан, әжелер мәртебесі мен ажарын көтере түседі. Ертеде мұндай жаулықтарды көбінесе бәйбішелер киген.

Әжелер иығына асып тұратын кимешек те киеді. Оның алдыңғы жағы түрлі түсті ою-өрнекті болады.

Бөкебайды әйелдер өздерінше шаршылап , кейде үшбұрыштап, әр түрлі үлгіде із салып, ақ немесе күлгін түсті түбіттен тоқиды. Тоқудың да қарға тұяқ, ирек, айшық, құстаңдай, бұрама деген көптеген түрлері мен үлгілері болады. Жиегіне тоқу арқылы шашақ, емшек салып, селдіретіп те, жиілеп те, тығыздап та білтелеп тоқиды. Жаңа тоқыған бөкебайды жуып, керіп кептіріп, үлпілдетіп түбітін шығарғанда әрі жылы, әрі сәнді бағалы киім болып шығады.

Қазақша көйлек – әйелдер киімі. Түсі ашық жақсы маталардан тігіледі. Ертедегі көйлектер тік жағалы, жеңді әрі ұзын болған. Етегінен жоғары бір немесе екі қатар бүрмелеп қосымша маталар тігіледі. Мұндай көйлекті желбіршек көйлек немесе қос етек көйлек дейді. Көйлек – әйел қауымының «бұйрықты» киімі.

Белбеу – ерлер де, әйелдер де қалың киім сыртынан буынатын өте қымбат бағалы зергерлік бұйым. Ол бояулы былғарыдан жасалып, сырт жағынан алтын, күмістен жасалған бедерлі әшекейлермен қапталады. Ер адамдар белбеуі жалпақ етіп жасалады және оған оқшантай, дәндәку, пышақты қын қосылады. Бұл – кісе белбеу. Оны жез доғамен, кейде әдейі жасалатын ілгекпен буынады. Мұндай кіселердің бағасы кемінде бір жылқыға тең келеді.

Әйелдер белбеуі жұқа әрі жіңішке болса да, өте сәнді, жұмсақ болады. Ұзарып, қысқарып тұратын ілгектер арқылы буынады. Берік маталарды да бірнеше қабат орап, белбеу ретінде пайдаланады.

Жарғақ шалбар – ешкі терісінен тігілетін еркектер киімі. Ол әбден иленіп, қынамен, ешкі талдың қабығымен, жосамен боялып, алды және балағының сыртқы жағы түрлі түсті жібек жіптермен айшықталып, ою-өрнектермен безендіріледі. Байлар, мырзалар, жас жігіттер сәндік үшін киген. Мұндай шалбарлар әдемі әрі жеңіл болады, бағалы киім қатарына жатады.

Етік – былғарыдан, құрымнан тігілетін ерлер мен әйелдердің аяқ киімі. Түрлері: жым етік, қисық табан етік, шоңқайма етік. Мұны қыста да, жазда да киеді. Ерлерге арналған, қонышы тізеден асып қара санға дейін жететін етік жырым етік, ішіне байпақ салатын етікті байпақты етік дейді. Соңғы екі түрін еркектер қыста ғана киген. Соңғы екі түрін еркектер қыста ғана киген. Етікшілер мұндай етіктерді тарамыспен көктеп, ағаш шегемен шегелеп тігеді. Кейбір шеберлер сықырлап жүрсін деп етік ұлтанына тоз салады. Мұндай етікті сал, серілер мен бозбалалар киген.

Дереккөз: bilim-all.kz
Просмотров материала: 3 220

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 145 619 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 145 423 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 145 087 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 145 105 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 145 410 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 616 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 768 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 913 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 450 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 655 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 689 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 925 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 872 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 755 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 575 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 712 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 867 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 534 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 898 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 631 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 635 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 479 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 322 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 571 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 513 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 023 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 438 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 358 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 592 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 945 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 353 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 337 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 380 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 324 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 547 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 698 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930