2 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Бәрі түсінікті": министрден көңілі қалған Нығматулин қолын бір-ақ сілтеді

09 октябрь 2019, 15:25
"Бәрі түсінікті": министрден көңілі қалған Нығматулин қолын бір-ақ сілтеді
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін мәжілісте "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы қаралды. Сұрақ-жауап барысында депутат Сергей Симонов сумен қамту жүйелерін салу және қалпына келтіру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың едәуір қысқартылғанына алаңдады. Айтуынша, он нысанның құрылысын аяқтауға бағытталған қаражат азайып қалған.

"Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысындағы Пресновка топтық су құбыры құрылысының бірінші кезегінде 2,60 миллиард теңге қарастырылған. Ал қазір бұл сома 81 миллион теңгеге дейін қысқарды. Сонда үкіметтің 2019 жылғы республикалық бюджетті орындау туралы есебі 99,99 процентке шығу үшін осындай түзетулер енгізілетіні көрініп қалды. Ақшаны игеру жағын әдемілеп көрсеткенмен, нәтиже жоқ. Осылайша біз Елбасының 2020 жылға қарай елді мекендерді ауыз сумен қамту туралы тапсырмасын орындамай отырмыз", - деді Симонов жалпы отырыста.

Депутат Мағзұм Мырзағалиевтен бөлінген қаражаттың 50 процентінің неге игерілмей қалғанын сұрады. Экология министрі мәжілісменнің сөзімен келісіп, екі-үш себепті атады.

"Біріншісі, жобалық-сметалық құжаттаманың сапасыз дайындалуы. Екіншісі, сот шешімдері, мердігер дұрыс таңдалмаған", - деді ол.

Мырзағалиев Солтүстік Қазақстандағы су құбыры екі кезектен тұратынын атап өтті. Айтуынша, екінші кезек бойынша ешқандай проблема байқалмайды. Құрылыс жүріп жатыр, келесі жылдың басында аяқталады.

"Бірінші кезек бойынша мәселе жоқ емес. Қазір біз басқа мердігер таптық, ол жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл мәселе біздің бақылауымызда болады", - деп сендірді министр.

Алайда Мырғазалиевтің жауабына мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің көңілі толмады.

"Мағзұм Маратұлы, сіздің емес, біздің бақылауымызда болады. Ал сіздер оны іске асыруыңыз керек. Депутаттың айтқанын неге қайталап отырсыз? Себептерін атаңыз", - деп ұрысты Нығматулин.

Мырзағалиев жобаны іске асыру процесінде техникалық қателік байқалып отырғанын алға тартты. Айтуынша, құрылыс алаңына барған кезде, жобалық-сметалық құжаттаманың техникалық міндеттерге сәйкес келмейтіні анықталады. Ал құжаттаманы мердігер ұйым әзірлейді екен.

"Енді мердігер таңдауда бақылауды күшейтеміз", - деді министр.

"Жаңа ғана депутат қаржының 50 проценті игерілмегенін айтты. Қалайша сонда? Бұл сіздің жұмысты қалай ұйымдастыруды мүлде түсінбейтініңізді көрсетеді. Берген жауабыңыздан осындай ой түюге болады. Мағзұм Маратұлы, бұл іспен тиіп-қашып емес, кәсіби түрде айналысу керек. Бұл өте маңызды жұмыс жобалық-сметалық құжаттамадан басталады. Кәсібилікті, міне, осы тұста көрсеткен жөн. Кәсіби деңгейіңіздің қандай екенін көрсетіп қалдыңыз, министр мырза", - деген Нығматулин "бұл жерде бәрі түсінікті" деп, қолын бір-ақ сілтеді.
Просмотров материала: 1 464

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 841 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 490 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 205 978 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 035 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 402 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 010 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 060 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 363 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 001 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 082 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 264 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 725 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 468 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 331 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 091 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 567 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 274 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 680 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 492 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 048 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 875 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 338 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 716 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 084 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 157 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 306 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031