28 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Байырғы қазақ өлшемдері

01 октябрь 2019, 20:41
Байырғы қазақ өлшемдері
Байырғы қазақ өлшемдері — қазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктеріне, кәсіптік қажеттілігіне байланысты қалыптасқан өлшем бірліктері. Мысалы, «бір қыдыру жер», «түстік жер», «айшылық жол» деген сөз тіркестері қашықтықты білдіреді. Шығыс халықтарының көбісінде ең кіші салмақ өлшеміне арпа дәні алынған, деп жазады bilim-all.kz.

Кейбір жазба әдебиеттерде сақталған мәліметтер бойынша арпа дәні алтын мен асыл тастардың салмағын теңеуге арналған қазыналық өлшем ретінде қолданылған. Оған қарағанда бір арпа дәні шамамен 45 мг болған. Басқа жерде осы арпа дәні ұзындық өлшемі ретінде де пайдаланылған. Ал арпаның алты дәнінің еніне тең өлшем бармақ деп аталған. Сондай-ақ уақыт мөлшерін болжауға Күннің, Айдың немесе басқа да аспан шырақтарының көкжиекпен салыстырғандағы орны алынған.

Егін шаруашылығымен айналысатын аймақтарда уақыт мөлшерін судың белгілі бір ыдыстан ығысып шығу мерзімі бойынша анықтаған. Жетілдіріле келе бұл ыдыстар су сағатына айналған. Мұндай бірліктердің басым көпшілігі адамның көзбен шамалауымен, жұмсалған күш сезімімен, белгілі бір қашықтықты жүріп өту мерзімімен мөлшерленген. Сондықтан халық арасында жылқыға байланысты «ат шаптырым жер», «бие сауым уақыт», «екі елі қазы» тәрізді қашықтықты, уақытты, қалыңдықты білдіретін өлшемдік мәні бар сөздер жиі айтылады.

Халық арасында сұйықтықты (қымыз, шұбат. т.б.) сақтайтын көнек, жанторсық, торсық, мес, саба тәрізді мал терісінен жасалған ыдыстар сол сұйықтықтың мөлшерін шамалауға жиі қолданылған. Мысалы, торсыққа жеті — сегіз аяқ (литр) қымыз сыйса, местің сыйымдылығы екі жарым — үш торсыққа тең. Заманында ата-бабаларымыздың кеңінен қолданған «қолдын қары» өлшемі ағылшын «ярдымен» шамалас. Ал Ресейде 17-20 ғасырларда қолданылып келген ағылшын футы (fооt – табан) байырғы қазақ өлшемі «табанға» жуықтау келеді: «табан» өлшеміне қазақ табанның енін алса, ағылшын футы — табан тұрқына тең.

Сондай-ақ ағылшынның дюйм (голландша – үлкен саусақ) өлшемі қазақ халқынын байырғы «бармақ» өлшеміне («Бармақ елі қазы») сәйкес келеді. Орыстың «верстасы» мен қазақтың «шақырымы», орыстың «долясы» мен қазақтың «мысқалы», сондай-ақ ағылшынның «фунты» мен қазақтың «қадағы» шығу төркіні, атқаратын қызметі жағынан төркіндес, тектес деуге әбден болады.

Орта Азия мен Қазақстанда ұзындықтың ең көп тараған байырғы өлшемдері қолдың қары немесе қары — кеуденің орта тұсынан кере созылған қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралыққа (80-85 см шамасы) тең ұзындык бірлігі. Кейде оң иықтан бүкіл кеудені бойлай өтіп, кере созылған сол қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралық та (шамамен 1 м) қары ретінде алынады. Қарыс — толық жазғандағы бас бармақ пен шынашақ ұштарының арасына тең ұзындық (шамамен 19-20 см) бірлігі.

Ол тұрмыста, құрылыс жұмыстарында пайдаланылған. Мысалы, киіз үйдің уығы он екі — он алты қарыс мөлшерінде жасалады. Қарыстың туынды бірлігі – сүйем, ол кере созылған бас бармақ пен сұқ саусақ ұштарының арасына тең (шамамен 17-18 см). Ал бармақ пен бүгілген сұқ саусақтың арасына тең өлшемді сынық сүйем дейді. Сүйем — шамамен аршынның ширегіне (төрттен бір бөлігіне) тең. Елі — сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 2 см). Қазы майының қалыңдығы, ою-өрнектің мөлшері, т.б. елімен өлшенген. Буын — ортаңғы саусақтың ұшынан оның ортаңғы буынына дейінгі аралыққа тең ұзындық (шамамен 5-6 см) бірлігі. Сәулетті сарайлар мен түрлі ғимараттардағы ою-өрнектін мөлшері осы буынмен өлшенген. Ол тігін, киім пішу жұмыстарында да қолданылған. Қадам — адамның бір адымына тең қзындық (шамамен 60-70 см) бірлігі. Құлаш — иық деңгейіне сәйкес кере созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі.

Орта Азия мен Қазақстанда кеңінен тараған кейбір салмақ өлшемдері: Табақ — шамамен он екі орыс фунтына тең салмақ бірлігі. Ол үлкен табақ ішамамен 11,7-12 кг) және кіші табақ (шамамен 3,9-4 кг) болып екіге бөлінеді. Үлкен табақ астық салығын төлеу кезінде, ал кіші табақ сауда-саттық, алыс-беріс жұмыстарында қолданылған. Қап — негізінен астық мөлшерін өлшеуге арналған салмақ бірлігі. Ол Орта Азия мен Қазақстанның онтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарында шамамен 65-66 кг-ға, ал кей жерлерінде алты пұтқа (96 кг), тең болған. Батпан — Ресейдің шет аймақтарында (негізінен азиялық бөлігінде) пайдаланылған салмақ бірлігі. Көне орыс жазбаларында ол 10 фунтқа тең делінеді. Қадақ – ертедегі шығыс елдерінің көбісінде қолданылған салмақ бірлігі.

Ол Еуропада кең тараған фунт өлшеміне сәйкес келеді. Мысқал — Шығыс елдеріңде кең тараған салмақ бірлігі. Мысқал араб елдерінде, Үндістанда, Шығыс Африкада, Орта Азия мен Қазақстанда қазыналық өлшем ретінде пайдаланылған. Мысқал 4,31 г-ға тең болған, алтын мен күміс ақшалардың, бағалы заттар, дәрі-дәрмектер мен бояулардың өлшемі ретінде қолданылған. Қазақ халқының егін шаруашылығымен айналысқан жерлерінде жер аумағын өлшеу үшін қолданған өлшем бірліктерінің ішінде ең көп тарағаны — танап. Қазақстанның суармалы егіншілік аудандарында (Тараз, Қазалы, Шымкент, т.б.) 1820,83 шаршы метрге тең. Алайда түрлі тарихи себептерге байланысты өлшемдік мәні бар терминдеріміз нақты мәнге ие бола алмаған. Мұның үстіне уақытпен бірге өлшемдер жиі өзгеріске ұшырап отырған.
Просмотров материала: 5 817

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 995 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 813 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 127 469 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 127 487 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 795 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 702 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 872 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 949 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 193 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 342 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 707 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 415 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 686 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 576 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 388 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 512 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 688 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 359 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 699 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 462 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 460 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 297 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 146 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 390 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 326 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 851 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 213 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 175 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 398 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 741 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 154 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 162 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 201 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 137 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 363 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 513 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031