22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Айлығым – мың доллар": астаналық ұстаз қалай жоғары жалақы алып отырғанын айтты

30 сентябрь 2019, 18:00
"Айлығым – мың доллар": астаналық ұстаз қалай жоғары жалақы алып отырғанын айтты
Ал жаңартылған білім мазмұны үшін тағы 30 проценттік үстемақы төлейді. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Шынар Берденова астанадағы мектепте айына қанша ақша табуға болатынын айтып берді.

70 проценттік үстемеақы қалай берілді?

Шынар Берденова №76 мектеп-гимназияда жұмыс істейді. Осыдан бес жыл бұрын Қостанай қаласынан ауысып келген. Сол жақта жүргенде "Назарбаев зияткерлік мектептері" автономды білім беру ұйымы мен Кембридж университетінің бірлескен бағдарламасына қатысып, кәсіби біліктілікті көтеруге арналған үш айлық курстан да өтті. Соның арқасында 30-100 проценттік үстемеақы алуға мүкіндік болған. Ол екінші деңгейден өтіп, 70 проценттік қосымша ақы алды.

"Әлі есімде, біз ол бағдарламаны желтоқсан айында бітірдік. Ал келесі жылы қаңтар айынан бастап айлығымызға 70 проценттік үстемеақы қосылды. Сонда бұрыңғы жалақымызға 50 мың теңгедей қосымша ақша берілді", - дейді Берденова.

Айтуынша, бұрынғы жерде бала саны да, сабақ уақыты да аз болды. Ал астанаға ауысқаннан кейін жүктеме көбейді. Жалақы да көтерілді.

"Қостанай қаласында ең көбі 24 сағат болды. Ал осы мектепке ауысқаннан кейін 36 сағатты алып отырмын. Бес жылдан бері солай жұмыс істеймін. Мен өзім жоғарғы санатты мұғалім болып келгенмін. Өткен жылы аттестацияны өтіп, шебер-педагог санатын алып шықтым. Тест тапсырдым. Жетістіктерім де осы санатқа сәйкес келді. Еңбек өтілім – 25 жыл", - деп атап көрсетті Берденова.

Осылайша, Шынар Берденова 45 жасында шебер-педагог атанды. Бүгінде 5, 10 және 11-ші сыныптарға сабақ беріп жүр. 36 сағаттың басым бөлігі жаңартылған білім мазмұны бойынша өтеді. Келесі жылы оған 11-сыныптар да қосылады.

Шебер-педагогтың жалақысы қанша?

"Негізі, жаңа білім мазмұнын балалар жақсы қабылдап жатыр. Енді, ең бастысы оқушыларды еш қиындықсыз жаңа бағдарламаға кіргізе білу керек. Ал біз шебер-педагог болғаннан кейін сан алуан әдіс-тәсілдерді іздейміз, қиындықты жеңуге тырысамыз. Сонда балалар бәрін тез түсінеді. Міне, еңбегімізге қарай үкімет те мұғалімдерді қолдап жатыр. Мен өзім ризамын", - дейді Берденова.

Шебер-педагог өзінің жалақысын да ашып берді. Оның қазіргі айлығы - 188 000 теңге. Аттестациядан кейін 94 000 теңгедей ақша қосылады. Бұдан бөлек, жаңа білім мазмұны үшін төленетін 30 проценттік үстемеақы тағы бар. Оның көлемі – 51 000 теңге.

"Сосын менің Кебридж бағдарламасы бойынша алатын 70 процентім бар ғой. Ол бес жылға есептелген. Биыл желтоқсан айында ол ақша тоқтайды. Дегенмен, осы жылы қосылып отырған ақша соны жабады екен. Сонда менде ешқандай минус болмайды. Жалпы, 380 000 теңгедей шығады. Сосын мен Абайтану кабинетін жүргіземін. Оған да 5 000 теңгеден астам ақша аламын", - деді Берденова.

Оның сөзіне қарағанда, жұмыс барысында қағазға, бояуға және тағы басқа кеңсе заттарына ақша шығарудың қажеті жоқ. Себебі барлығы мектептің өзі сатып алып береді. Соның арқасында жалақыны толығымен отбасыға жұмсауға мүмкіндік бар.

"Өз-өзіме есеп беріп отырамын"

"Осы кәсіпті таңдағаннан кейін біздің негізгі мақсатымыз – балаларға дұрыс білім беру, саналы ұрпақ тәрбиелеп шығару. Балалар алған білімін өмірде пайдалана білуі керек. Бұрын оқушы жай оқып, мазмұнымен ғана танысса, қазіргі жаңартылған білім мазмұнының бір жақсы жері сол, алған білімді қалай пайдаланамыз, белгілі бір жағдайға түссек, одан шығу жолдары қандай және тағы басқа мәселелерді шешіп, жеке қарым-қабілетті шыңдайды", - дейді шебер-педагог.

Бұдан бөлек, мұғалім бұрынғыдай біржақты білім берумен шектелмейді, балалармен сұхбаттасып, өзара пікір алмасады, ойын тыңдайды. Сөйтіп, балаларға жақын болады.

"Мен өзім сабақтан кейін үйіме бара жатқанда, немесе, бос уақытта өз-өзіме есеп беріп отырамын. Бүгін балаларға не үйреттім? Педагог ретінде оларға не бердім? Ол да керек нәрсе екен. Сосын бізде балалардың жетістіктеріне қарай сыйақы беріледі. Бұл да жақсы мотивация. Мысалы, 60 мың теңгеге дейін сыйақы алуға мүмкіндік бар", - деп атап көрсетті Берденова.

Отбасылық мамандық

Шебер-педагог 25 жыл бұрын болған отандық білім саласын да еске алды. Оның айтуынша, бас кезінде өте ауыр болды. Қазақ тілі мұғаліміне сұраныс та төмен болған. Бүгінде жағдай түбегейлі өзгерді. Шынар бұрынғы қиыншылықтарға қармастан, өз таңдауын өзгерткен жоқ.

"Әрине, адамның өзіне жасап алған жағдайынан шығып тұрғаны да дұрыс. Бірақ маған осы мұғалімнің жұмысы қатты ұнайды. Жолдасым да тарих пәнінің мұғалімі. Үш ұлым бар. Үйленген бір ұлым - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, келінім де мұғалім. Ең кіші ұлым да мұғалімнің жолын қалап отыр. Осылайша, мұғалім отбасылық мамандығымызға айналып отыр", - деп түйіндеді сөзін Берденова.
Просмотров материала: 2 220

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 154 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 122 986 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 628 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 653 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 959 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 468 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 647 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 714 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 900 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 047 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 425 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930