2 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Халық сенбейді қазір": Д.Назарбаева шындықты айтқан депутатқа жауап берді

26 сентябрь 2019, 13:49
"Халық сенбейді қазір": Д.Назарбаева шындықты айтқан депутатқа жауап берді
Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов "халықтың мұң-мұқтажын естуге құлықсыз" шенеуніктерді сынап тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Астанада отырып, кабинет терезесінен қарап отырған біздің шенеуніктер халықтың мұң-мұқтажын, зарын естуге құлықсыз. Табандылық жоқ, бірізділік жоқ, бірлік жоқ. Халықтың зарын, жағдайын түсініп, оны жүрегінен өткізейін деген ықылас-ниет жоқ. Не айтуға болады?", - деп ашынды депутат сенаттың жалпы отырысында.

Еңсегеновтің бұлай деуіне Атырау облысындағы Азғыр өңірі халқының ауыр тұрмысы себеп болып отыр. Азғыр өңірі Ресеймен шекаралас жерде орналасқан, Кеңес одағы кезінде ядролық сынақтар өткізілген аймақ.

"Кезінде кеңес одағының ядролық сынақ алаңында өмір сүрген, қиындық көрген халық бүгінде ауыр өмір сүріп жатыр. Бұл өңірде он мыңға жуық халық тұрады. Тоғыз елді мекен бар. Аудан орталығынан 300, облыс орталығынан 600 шақырым жерде. Автокөлік жолы, теміржолы ешқашан болған емес, әуе байланысы жоқ. Бүкіл тіршілік сол жерде 60 шақырым жерде орналасқан Ресейдің Қарабайлы қаласы арқылы іске асып келді. Алайда аталған келісім (Қазақстан және Ресей шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісім – Sputnik) бұрынғы байланысқа тұсау салып отыр", - деді ол .

Айтуынша, Азғыр халқы шекарадан өзімен бірге 25 келіден артық тауарды алып өте алмайды. Яғни, 50 келілік бір қап ұн үшін 60 шақырымдағы Қарабайлы қаласына емес, 300 шақырымдағы аудан орталығына баруы тиіс.

"Бүгінде сол жердегі халық елге танымал, сапалы Қаракөл қойын бағып өсіреді. Оның өнімі экспортқа, сонымен бірге көршілес Ресейде де сұранысқа ие. Бірақ, келісімдегі шектеу ол жердегі өнімді Ресейге өткізуге мүмкіндік бермейді. Кәсіпкерлікті дамытуға тежеу болып отыр. 600, кейде 1000 шақырымнан келетін тағам өнімдерінің шығыны жоғары болғандықтан, олардың құны да қымбат. Бұл да ауылдағы адамдар үшін ауыр салмақ", - дейді Еңсегенов.

Депутат құжаттағы шектеулер көршілес Ресей кәсіпкерлері үшін де тиімсіз екенін атап өтті. Себебі олар сол жерге құрылыс материалдарын әкелгісі келеді, сауда-саттық орнатқысы келеді. Ал бұл мәселе шешімін таппайды.

"Ең қиыны, ауырған адамдарды Ресейдің Қарабайлы қаласына апару үшін сол жердегі мемлекеттік жедел жәрдем көлігі өтпейді, келісім бойынша өткізбейді. Әр ауылда жедел жәрдем көлігі бар, оны өткізе алмайды. Науқасты жеткізу үшін сол кісі өзінің тіркелген жеке меншік көлігімен апару керек. Егер баласына сенімхат берсе, оны да өткізбейді. Адам рөлде өзі отыруы керек. Міне, осындай қиындықтар адамдарға үлкен ауыртпалық түсіріп отыр", - деді сенатор.

Еңсегенов осы күнге дейін үкімет басшысына екі депутаттық сауал жолдағанын жеткізді.

"Бірнеше рет тиісті минитстрліктен комитет басшыларын сол өңірге алып бардым. Халықпен кездестірдім. Қиын жағдайды өз көзімен көрді. Бірақ оң шешім жоқ. Оның себебі неде? Себебі – мемлекеттік органдардағы кадр тұрақсыздығы. Комитет төрағалары жылына бірнеше рет ауысады. Келесі келген адам мән-жайды түсінбейді", - деді ол.

Ал, екіншіден, оның айтуынша, мемлекеттік органдар арасында бірлескен жұмыс жоқ.

"Құрметті, Дариға Нұрсұлтанқызы. Бұл мәселені мемлекеттік органдардың басшыларымен пысықтап, сенатта үлкен кеңес өткізген дұрыс па деп ойлаймын. Өйткені менің қолымнан басқа келетін шара қалмады? Халықтың сенімі жоқ қазір", - деді Еңсегенов.

Сенат спикері Дариға Назарбаева депутаттың ұсынысын толығымен қолдады.

"Комитеттермен осы мәселені көтеріп, парламенттік тыңдауға да шығаруға болады. Өйткені бірталай жылдан бері шешілмей жатыр. Тек Ресеймен шекарада ғана емес, Қытаймен шекарада тура сондай мәселелер туып жатады. Халықпен кездескен кезде, осыны естиміз. Келісімшарт бар деген жауап аламыз, бірақ ешқандай шешімі табылмайды. Сондықтан мұны жан-жақты талқылап, жақсы шешімге келуіміз керек деп ойлаймын", - деді сенат төрағасы.
Просмотров материала: 2 479

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 216 088 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 215 760 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 215 259 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 215 304 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 215 673 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 494 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 528 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 852 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 513 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 574 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 764 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 792 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 891 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 557 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 432 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 378 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 672 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 413 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 813 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 612 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 438 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 284 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 136 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 485 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 369 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 854 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 203 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 189 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 433 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 819 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 168 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 116 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 251 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 194 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 420 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 568 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930