19 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бірғаным Әйтімова: Менің саяси карьерам аяқталды

15 август 2019, 13:06
Бірғаным Әйтімова: Менің саяси карьерам аяқталды
Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірлі-жарым ауыс-түйіс жасады. Зейнет жасына жеткені бар, асқаны бар, төрт-бес сенаторды қызметінен алды. Орнына ескі һәм жаңа сенаторларды тағайындады, білесіздер.

Әкім бала Әбдірахымов секілді "сенімнен" жұрдай боп кетпесе де, сенаторлығының соңы көрінгендердің бірі - Әйтімова дейтін әйдік әже еді.

Тұп-тура 66 жастағы Бірғаным Әйтімова пәлен жыл депутат болып дәу креслода отырған. Елші болып ел аралаған. Министр болып мінберде сөйлеген. Үкіметбасыға көмекші болған (орынбасары). Елші дейтін дипломатиялық шені бар. Ағылшын тілінің "супер" маманы. Саяси қызметтері үшін бірнеше орден-медальмен марапатталған. Сәнді киім киінгенді жаны сүйетін, кейде артық қыламын деп тыртық қылып алса да түк болмағандай жүре беретін, саясатағы "хайыпшыл" апалардың бірі.

Әйтімованың әйдік сөздерін, бізді қойып бөтеннің әзілкештері әтірін сепкендей әдемілеп әжуалады да. Қойшы, мың айтқаннан бір көрген артық:



Сөйтіп, ақпанда алпыстың алтауына келген Әйтімова, кеше ғана сенаторлықпен қоштасты. Қоштасып тұрып, өзінің саяси карьерасының аяқталғанын айтыпты. Tengrinews.kz сайты жариялаған Бірғаным апаның орысша сұхбатын қазақшаға қотарып бергенді жөн көрдік.

"Мен мұны дұрыс қабылдадым. Заң бойынша Сенат депутаттары Мемлекет басшысының жарлығымен тағайындалады. Ал мандат мерзімі аяқталғанда олардың өкілеттіктері тоқтайды. Мұның барлығы заң жүзінде болды. Мен Елбасыға, Президентке, Дариға Назарбаеваға менің саяси карьерамның барлық кезеңінде маған мүмкіндік бергені үшін алғысымды айтамын", дейді ендігі экс-сенатор.

Ұзақ жылдан бері саяси қызметте болған Бірғаным Сарықызы енді осымен саясат дегенді қойып, бинезпен айналыспақ көрінеді. Өзі солай депті.

"Тіпті, өмірімде алғаш рет өзімнің таңдау құқығым бар десем де болады. Қазір нақты қандай бағытта қызмет жасайтынымды кесіп айта алмаймын. Бірақ, қол қусырып қарап отырмаймын. Өзімнің жаныма жағатын, қолымнан келетін бір іспен айналысамын.

Менің мемлекеттік, саяси, дипломатиялық қызметтерде үлкен тәжірбием бар. Енді өзімді жаңа бір бағытта сынап көргім келеді.

Мен ешқашан бизнеспен, сервистік, консалтингтік қызметтермен айналыспағанмын. Нақты қай бағытты таңдаймын, әзірге айта алмаймын. Жаһандық коммуникациялардың мүмкіндігін пайдаланып көргім келеді", дейді Бірғаным Әйтімова.

"Иә, мұң бар. Менің салмақты саяси карьерам аяқталғандай сезімдемін. Сондай бір әсердемін. Бірақ, соңғы жылдар шенінде мен осыған дайын болдым. Нешеме жыл әр түрлі салада қызмет жасап, Сенатқа қайта келдім. Мен 1996 жылы сайланған ең алғашқы сенаторлардың бірі болдым ғой. Бұл мен үшін үлкен абырой. Мен өзімнің бар білімімді, тәжірбиемді, шетелден жинаған тәжірбиемді Заң шығару ісіне пайдаландым", деп түйіндепті экс-сенатор.

Естеріңізге сала кетейік, Бірғаным Әйтімова 2013 жылы Сенат депутаты болып қайта тағайындалған. Ал кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев оның өкілеттігін тоқтату туралы шешім шығарды. Президент бұл туралы өзінің "Твиттер" желісіндегі парақшасында жазды.

Айтпақшы, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев биыл маусымда Қазақстанның "Құрметті Сенаторы" атанған еді. Сол жиында сөз алған экс-президент Назарбаев ендігі экс-сенатор Әйтімова туралы да айтқан еді.

"Бүгін әр түрлі оқиғаларды есіме алып отырмын. 20 маусымда менің Мемлекет басшысы болғанғаныма тұп-тура 30 жыл толады. Бұл ерекше дата. Дәл сол күннен бастап, сол сәттен бастап біз Бірғаным Сарықызымен таныспыз. Жап-жас қыз еді. 1990 жыл, естеріңізде ме...Содан бері Бірғаным жанымды жұмыс жасап келеді. Мен тағайындаған түрлі қызметтерді атқарды. Соның ішінде дипломатиялық қызметтерде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мен сіздермен бірге жұмыс жасағаныма разымын, әлі де бірге жұмыс жасай береміз", деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.


Дереккөз: аbai.kz
Просмотров материала: 1 701

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 303 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 124 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 161 758 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 161 798 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 088 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 543 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 685 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 895 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 736 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 918 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 703 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 513 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 158 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 017 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 837 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 005 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 120 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 787 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 164 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 894 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 901 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 738 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 580 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 836 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 784 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 290 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 735 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 614 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 877 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 206 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 616 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 593 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 628 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 583 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 816 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 955 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031