8 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Айналайын халқым, басыммен жауап беремін!» - Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті

«Айналайын халқым, басыммен жауап беремін!» -  Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласының тұрғындарымен кездесіп, халықты сабырға шақырды.

«Бұл – өте күрделі апат. Бір қаланы түгел алып шығу деген оңай шаруа емес. Айналайын, халқым, біз сіздердің бастарыңыздағы ауыртпашылықты түсінеміз. Біз ел болып, жұрт болып осы қиындықты көтереміз. Қазір үлкен де, кіші де Арысқа алаңдап отыр. Біз қиын жағдайдан шығып келе жатырмыз. Өз-өзіміздің абыройымызды түсірмейік. Арыстағы қару-жарақ қоймасы түгел жойылады. Бұдан былай Арыста мұндай жағдай ешқашан болмайды», – деді Өмірзақ Шөкеев.

«Басыммен жауап беремін!» Өмірзақ Шөкеев Арыста радиация жоқ екенін тілге тиек еткенде осылай деді.

«Арамызда арандатушылар бар, солар жалған сөз таратып жүр. Арыста радиация жоқ, мен бұған басыммен жауап беремін!», – деді ол.

Облыс әкімінің айтуынша, әскери қызметкерлер аулаларды, көшелерді, қоғамдық орындарды тексеріп, жарылмаған снарядтарды жинап жатыр.

«Бұл жердің барлығы қауіпті. Дәл қазір баруға болмайды. Мен әскери қызметкерлерді асықтырып жатырмын. Олар күн демей, түн демей жұмыс істеп жатыр.

Кеше бір күнде 5 мыңнан астам жарылғыш зат табылды. Түсініп тұрсыздар ма, әскери қызметкерлерге үйлерге, аулаларға кіру керек. Бірақ заң бар. Заңға қайшы келмеу үшін облыс прокуроры жекеменшік үйлерге кіруге рұқсат берді. Әскери қызметкерлер тұрғындардың қауіпсіздігі үшін үйлерге кіруге міндетті. Сондықтан сіздерден де үйлеріңізге кіруге рұқсат сұраймыз», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Әскери қызметкерлер қауіпсіздікке толық кепілдік берген кезде Арыс тұрғындары қалаға бірінші болып кіретінін баяндаған Өмірзақ Шөкеев:

«Қалаға белгіленген тәртіппен кіреміз. Әскери қызметкерлер қалаға кіруге сағат алтыда рұқсат береміз десе, біз сағат төртте жиналып, барлығымыз ұйымдасқан түрде, автобуспен барамыз. Қалаға кірген кезде әр адамға қауіпсіздікке қатысты жадынама береміз.

Сіздерді сапер, әкімдік қызметкері және учаскелік полиция қарсы алады. Олар үйлеріңізге сіздермен бірге кіреді. Үйдің ішін, сыртын суретке, видеоға түсіріп, қауіпсіздікке көз жеткізеді. Хаттама толтырады. Сіздер оған қол қоясыздар. Хаттама толтырылғаннан кейін келтірілген шығын анықталады. Кейін сол үйге жөндеу жұмысы жүргізіледі», – деді облыс әкімі.

Өмірзақ Шөкеевтің мәлімдеуінше, Арыс 17 секторға бөлінген. Әр секторда 400-450 үй бар. Ол үйлерге Президенттің тапсырмасымен 17 облыстан құрылыс мамандарынан құралған мамандар келеді. Олар палаткада жатып, жұмыс істейді. Қала бір айда қалпына келтіріледі.

«Мен күнде сіздермен бірге боламын. Бір ай осы жерде тұрамын. Барлығы аяқталғанша сіздермен жүремін. Арандатушылардың сөзіне сенбеңіздер, біз елміз ғой, елдігімізді танытайық.

Айналайын халқым, сіздер жалғыз емессіздер, барлығы көмектесіп жатыр, сабыр сақтайық. Айналайын, халқым, берекемізді бұзбайық. Әрі кетсе бір-екі күнде қалаға кіресіздер.

Снаряд жарылмайды, оның 70 пайызы жарылып бітті. Қалған қару-жарақтың барлығын алып кетеді. Қару-жарақ қоймасы түгел жойылады. Саперлар кезекшілікте болады. Күдікті нәрсе көрсеңіздер, бірден 112 деген номерге хабарлау керек», – деп қорытты сөзін облыс әкімі.

Опубликовано Бейсен Тәжібаев Четверг, 27 июня 2019 г.


Опубликовано Айдос Кулмаханулы Кулмаханов Четверг, 27 июня 2019 г.
Просмотров материала: 1 800

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 439 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 024 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 193 542 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 193 600 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 193 949 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 316 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 416 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 708 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 145 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 254 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 604 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 453 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 576 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 387 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 224 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 706 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 471 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 160 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 561 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 336 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 264 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 097 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 240 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 161 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 660 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 470 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 994 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 249 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 625 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 004 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 946 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 032 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 992 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 198 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 355 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930