5 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Банкомат ақша бермесе немесе картаны "жұтып қойса" не істеу керек

13 июнь 2019, 14:05
Банкомат ақша бермесе немесе картаны "жұтып қойса" не істеу керек
Банкоматтан ақша алуға барып, қиындыққа тап болған қазақстандықтардың оқиғалары жайлы көп айтылып та, жазылып та жүр. Кейде карта "жұтылып", сынып немесе "шайналып" қалады, ақша дұрыс саналмайды, шықпай қалады. Tengrinews.kz тілшісі мұндай жағдайда не істеу керектігін баяндайды.

20 жастағы алматылық Әсел таяуда банкоматтан 100 мың теңге ақша алмақ болған. Бірақ картасын салған да, ақшасын бермеген. Экранға "Сіз ақшаңызды алып үлгермедіңіз" деген мағынада жазу шыққан екен. Ал шоттан іс жүзінде ақша алынған. Әселдің айтуынша, банкоматтан ақша саналып жатқаны естілген, алайда шығармаған.

"Дәл уақыты есімде жоқ, бірақ бір сауда үйінде үйге жиһаз қарап жүргенбіз. Мен және әпкем. Ақшаның бәрі менің картамда болатын. Тапсырыс берген соң, төлеу керек болды да, жақын маңдағы банкоматқа бардық. Керек қызмет пен соманы көрсеткеннен кейін, ақша шығуы тиіс болған.

Банкомат ішінде ақша саналды, бірнеше минут процесс үздіксіз қайталана берді де, экранға "Сіз ақшаңызды алып үлгермедіңіз" деген мағынада жазба шықты. Нәтижесінде банкомат ақша бермеді, бірақ қызмет бойынша менің картамнан ақша алынған", - дейді қыз. Мұндай жағдайда 2 сағаттың ішінде шотқа ақша түсуі керек.

"Кейін банкке хабарластық. Олар "2 сағат ішінде шотыңызға ақша қайта түседі, болмаса келіп арыз жазуыңыз керек" деді. Екі сағат күттік, түспеді. Кеш болғандықтан, келесі күні арыз жаздық. Бір күннің ішінде ақшаны қайтарып берді", - дейді Әсел.

Банк қызметкерінің айтуынша, бұл банкоматтан шыққан ақау.

Банк ақшаны "жұтып" қойса

Алматыда үш банкомат ер адамның 240 мың теңгесін "жұтып" қойған оқиға да болған. Мұндайда банк қызметкерлері қате көбіне ақша салып жатқан адамнан болады дейді.

Қаржы мекемесі қызметкерлерінің айтуынша, клиенттерге ыңғайлы болуы үшін банкомат экранына тиісті нұсқаулар шығады. Тілді таңдап, қойылған талаптарды мұқият оқу керек. Қабылдау құрылғысына бір уақытта 50 купюра ақша салуға болады, ал қолда бар ақша одан көп болса, клиентке қаражатын бөліп, бірнеше операциямен салу керек.

Карта банкоматта қалып қойса

Кейде банкомат картаны кері шығармай қояды. Оның себебі сан алуан.

Олар:

- Бірнеше рет PIN кодын қате терсеңіз;

- Мерзімі өткен немесе бұғатталған картаны пайдалансаңыз;

- Картада механикалық зақым бар;

- Банкоматқа күдікті операция жасауға тырыссаңыз, мысалы, шоттағы барлық қаражатты шығару;

- Экранында көрсетілген уақыт өткенше картаны алып үлгермесеңіз;

- Банкомат бұзылған немесе ұзақ жұмыс істейді, ақауы бар;

Мамандардың айтуынша, соңғы жағдайда банкомат мүлде жұмыс істемей қалады немесе операция кезінде ақау болғаны немесе техникалық ақау болғаны хабарланады. Одан кейін картаны қайтармаса, кей жағдайда банкоматтан түбіртек шығады. Оны тастамау керек, арыз жазғанда керек болады. Ал түбіртек шықпаса, уайымдаудың қажеті жоқ. Алдымен банкоматтағы "Кері" батырмасын басып көру керек. Сонда операция жойылып, карта қайтуы мүмкін.

Сонда да картаны алу мүмкін болмаса, банкке хабарласу керек. Олар тиісті шараны қолданады. Кейін банктің саясатына қарай белгілі бір уақытта картаны қайтара аласыз.

Банкомат картаны "шайнап" тастаса

Мұндай оқиға сізге қызмет көрсететін банктің банкоматында болса, картаны қайтару рәсімі әдеқайда оңай.

"Ол үшін алдымен банкке болған оқиғаны хабарлап, өзіңіз және карта туралы ақпарат беріңіз. Банк қызметкерлері қартаны қайтару үшін қандай құжаттар керек екенін айтады. Картаны бұғаттап қою міндетті емес, бірақ жан тыныштығыңыз үшін жасауға болады. Сосын картаны алу үшін не істеу керек екенін сұраңыз. Көп жағдайда бұл "жұтылып" кеткен картаны қайтарғаннан тезірек жүзеге асады", - дейді банк қызметкері.

Картаны басқа банктің банкоматы қайтармаса ше?

Карта бөгде банктің банкоматында қалып қойса, екі банкке де хабарласу керек. Алдымен банкомат қызмет көрсететін банкке телефон шалып, картаны қалай қайтаруға болатынын сұраған жөн.

"Кейін өзіңіздің банкке хабарласу керек. Себебі бірінші банк анықтама қағазын сұрауы мүмкін. Бұл жағдайда картаны міндетті түрде бұғаттау керек. Өзіңіздің банктен қосымша карта сұраңыз. Себебі карта қайтару рәсімі өте ұзаққа созылуы мүмкін. Кей банктер бөгде картаны жеке адамға емес, тек оны шығарған банк арқылы қайтарады", - деп түсіндірді қаржы орталығындағылар.

Банкомат ақшаны дұрыс шығармаса

Мұндайда банкомат берген түбіртекті тастамау керек. Болған жайтты видеоға түсіріп алған да артық етпейді.

"Алдымен банк операторларына хабарласқан жөн. Олар көмектесе алмаса, банкке барып, ақшаны қайтаруға өтініш жазу керек. Оған жеке куәлік және түбіртектің көшірмесі керек. Кейін банк зерттеу жұмысын тағайындайды. Банкоматта инкассация жасағаннан кейін, ішінде артық ақша қалса, бұл дерек құжаттарға жазылады, мұндайда ақшаны қайтару мүмкіндігі артады", - дейді банк қызметкері.

Банк ақшаны қайтарудан бас тартатын жағдайлар да болады. Ондайда сотқа шағымданған дұрыс.
Просмотров материала: 1 713

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 216 478 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 150 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 215 650 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 215 696 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 063 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 514 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 548 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 873 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 536 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 593 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 785 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 797 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 898 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 562 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 436 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 386 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 676 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 417 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 822 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 617 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 443 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 287 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 141 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 488 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 372 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 862 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 211 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 192 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 437 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 822 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 170 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 123 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 254 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 197 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 427 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 573 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930