9 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Тәртіп орнатыңыз": білім министрі Нығматулиннен сөз естіді

05 июнь 2019, 12:53
"Тәртіп орнатыңыз": білім министрі Нығматулиннен сөз естіді
Мәжіліс депутаттары білім және ғылым министрлігінен ағылшын тілін білмейтін мұғалімдерге үстемақы төлемеуді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін мәжілісте үкімет пен республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қаралды. Сұрақ-жауап барысында депутат Жәмила Нұрмамбетова мектептерде үштілділікке көшу мақсатында мұғалімдерге ағылшын тілін оқыту мәселесін көтерді.

"Үкіметтің есебіне сәйкес, 2018 жылы тілдік курстан өткені туралы сертификат алған 6740 мұғалімге үстемақы төлеу үшін республикалық бюджеттен 1,6 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. 6740 мұғалімнің бәрі B және одан жоғары деңгейдегі сертификат алған. Алайда олардың тек 818-і ғана, бұл нәбәрі 12 процент, сабақты толығымен ағылшын тілінде беріп жүр. Ал қалған 5922 педагог тек жарым-жартылай ғана, яғни сабақтың тек жекелеген элементтері ғана ағылшынша өтеді. Бірақ, осы екі санаттағы мұғалімдер айына бірдей үстемақы – 35 394 теңге алады", - деді депутат.

Нұрмамбетованың айтуынша, қолдарында сертификаты бар мұғалімдердің дені ағылшын тілін жетік меңгермегендіктен, сабақты бастан-аяқ ағылшынша өткізуге көше алмай отыр.

"Ең қызығы, мұны ешкім проблема ретінде қарастырып отырған жоқ, тіпті мұғалімдердің өзі. Осыдан кейін үстемақы алудың жалғыз критерийі білім сапасы емес, сертификат қана ма деп қаласың. Осыған байланысты айтыңызшы, ағылшын тілін әртүрлі деңгейде оқытатын мұғалімдер неге бірдей ақша алады?", - деп сұрады ол білім және ғылым министрінен.

Шәмшидинова мектептерде пәндерді ағылшын тілінде оқытуға қатысты көп мәселе туындағанын атап өтті.

"Ағылшын тілінде оқыту, тым құрығанда, екі шартты орындаған кезде басталуы тиіс еді. Біріншісі – мұғалімдер дайын болған кезде, екіншісі оқушылардың дайындық деңгейі жеткілікті болғанда. Сол себепті биыл 352 мектепте ғана пәндер толығымен ағылшынша өтеді", - деді министр.

Ол о баста үстемақыны барлығына бірдей төлеу туралы шешім қабылданғанын айтты.

"Сондықтан біз қазір үстемақыны кімге қанша төлеу керек екенін анықтап, талқылап жатырмыз", - деді білім министрі.

"Онда талқылайтын не бар? Сіздер талқылап жатқанда, 1,6 миллиард теңге төленіп қойды", - деді Нығматулин.

"Мен түсінемін. Бірақ шешім қабылданып қойғандықтан, оқу жылының ортасында тоқтата алмадық", - деп ақталды Шәмшидинова.

Министрдің жауабы Нығматулиннің ашуын тудырса керек, мәжіліс төрағасы ведомствоның жұмысын сынға алды.

"Сіздер тіл білгені үшін емес, сертификат деп аталатын А4 форматындағы қағаз үшін ақша төлеп отырсыздар. Ашығын айтқанда, мұның бәрі не үшін жасалып жатқаны белгілі. Бұл стратегиялық жоспардың есебіндегі көрсеткіштерді жақсарту үшін қажет", - деп айтып салды спикер.

Нығматулин министрліктің бұған атүсті қарауынан білім сапасы нашарлайтынын қадап айтты. Халықтың үштілділікке үрке қарайтыны да осыдан, деді ол.

"Мектепте пәндерді ағылшын тілінде оқытпаңдар деп ешкім айтпайды. Бірақ мұны есеп үшін емес, дұрыс, ақылға салып істеу керек. Оқушылар мен ата-аналар бұдан хабарсыз деп ойлайсыздар ма? Міне, осыдан кейін олар бізге баға береді. Тәртіп орнатыңыз", - деп талап етті спикер.
Просмотров материала: 1 924

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 182 993 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 507 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 085 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 135 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 452 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 622 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 750 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 996 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 217 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 361 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 931 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 129 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 461 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 288 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 114 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 335 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 372 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 056 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 451 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 182 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 172 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 003 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 840 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 116 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 054 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 556 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 099 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 872 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 144 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 511 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 898 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 844 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 904 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 859 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 091 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 229 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031