22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Ауылдың балалары қатты қиналады": Ағылшын тілі қазақша неге оқытылмайды

03 июнь 2019, 16:48
"Ауылдың балалары қатты қиналады": Ағылшын тілі қазақша неге оқытылмайды
Бүгінде ауылдан келетін жастардың көбісі ағылшын тілін үйренуге келгенде қатты қиналып жатады. Себебі шет тілді тікелей қазақ тілінде меңгеруге мүмкіндік беретін әдістеме тапшы, мамандар да некен-саяқ. Ресми тілдің көмегімен де үйренуге болады. Алайда оған да біраз уақыт кетеді. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген "Болашақ" бағдарламасының түлегі, педагогика ғылымдарының кандидаты Досым Байдрахманов осы саланың негізгі мәселелерін айтып берді.

"Шыны керек, әдебиеттердің басым көпшілігі орыс тілінде жазылған. Ал ауылдан келген балалар үшін ағылшын тілін орыс тілі арқылы үйрену біраз қиындық туғызып жатады. Олар екі есе жұмыс істеуге мәжбүр. Мысалы, мен студент кезімде күні-түні жұмыс істедім. Өйткені көп сөзді түсінбедім. Содан қазақ-орыс сөздігін кәдімгідей жастанып жататынмын. Онсыз ағылшын тілін үйрену мүмкін болмады", - дейді Байдрахманов.

"Тілді мүлдем білмей кететін жастар бар"

Маманның айтуынша, ауылда мектепті қызыл аттестатпен бітіруге болады. Алайда ауылда орыс тілінен алған "5" деген баға қаладағы "3"-тің деңгейінде болуы әбден мүмкін. Себебі таза қазақ ауылында орыс тілін білу дәрежесі жоғары деңгейде деп айту қиын. Ал ресми тілді білмегеннен кейін ағылшын тілін де үйрену оңай шаруа емес.

"Бүгінде жоғары оқу орнына ағылшын тілін үйренемін деген ниетпен келіп, тілді мүлдем білмей кететін жағдайлар да болады. Себебі ағылшынды ана тілінде үйретпейді. Сондықтан тілге көп мән беру керек. Ағылшын тілінде кірме сөздер көп. Ол сөздердің түп-төркінін түсіну үшін қазақша баламасы болуы қажет", - деп атап көрсетті Байдрахманов.

Ағылшынды қазақ тілі арқылы үйренуге болады

Бүгінде ағылшынды тікелей қазақ тілі арқылы үйренуге әбден болады. Оған барлық мүмкіндік бар. Маман қазақ тілін жақсы білсе, ағылшынды ешбір қиындықсыз ана тілінде үйрете алады. Екі тілдің грамматикасын да салыстырып, түсіндіруге болады. Қазір ондай мамандар бар, бірақ көп емес.

"Сосын жоғары оқу орындарында қазақ бөлімдерін орыс бөлімінен бөлек оқыту керек. Өкінішке қарай, кейбір жерлерде барлық топты бірге оқыта береді. Ондайда ауылдан келген балалар қатты қиналады. Өйткені орыс тілін жетік білмейді. Енді, бұл - жоғары оқу орнының ішкі мәселесі. Бірақ оны сыртқа көп шығара бермейді", - деді Байдрахманов.

Проблеманы шешу жолдары қандай

Ендігі бір мәселе – кітаптар. Бүгінде "beginner", "elementary", "pre-intermediate" сияқты ағылшын тілін үйренуге арналған оқу құралдары көп. Бірақ қазақ тіліндегі нұсқалары жоқ. Сосын сөздік мәселесін де өзекті болып тұр. Бүгінде ағылшынша-қазақша сөздіктер бар. Ал қазақша-ағылшынша сөздікті табу қиын. Ондай сөздіктерді даярлау да оңай емес. Себебі қазақ тілі бай, сөздері өте көп. Соның мағынасын ағылшын тілінде жеткізе білу керек. Мәселен, "ә" әрпінен басталатын "әліппе", "әлімжеттік" деген сөздердің бәрін ағылшын тіліндегі мағынасын жеткізу оңай емес. Ал ондай сөздіктер көп болса, ауылдан келетін жастар қиналмайды.

"Мысалы, ауылдан келген бала "үлкею" деген сөздің орысшасын білмейді. Оны не істейді? Қазақша-орысша сөздікті қарағанша бірден қазақша-ағылшынша сөздіктен үйрене салады. Сөйтіп, уақытын да, энергиясын да үнемдейді. Ағылшын тілін жылдам меңгереді. Сол сияқты басқа да сөздердің баламасын бірден ағылшын тілінде қарай салады", - дейді Байдрахманов.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде көп нәрсе қаражатқа тіреледі. Мәселен, кейбір мамандар үлкен қорлардың көмегімен өз еңбектерін шығарып жатады. Дегенмен, бұл мәселені мемлекет деңгейінде шешу керек. Мемлекет конкурс жариялап, арнайы кітаптарды шығарса, ағылшын тілін үйрене алмай жүрген ауыл жастарының проблемасын шешуге болатын еді.

Ағылшын тілін үйрену үшін кемінде 800 академиялық сөз керек

Ауыл жастарының үлкен бір артықшылығы сол, олар қиялшыл, арманшыл болып келеді.

"Олар ауылда отырып, сонау Лондонды көремін, Американы бағындырамын деп армандайды. Сол жерге барып, оқимын деп, мақсат қоя алады. Мысалы, менің кейбір шәкірттерім ауылдан келіп, ағылшын тілін меңгеруге ден қойған. Қазір Америкада тұрып жатыр. Сол жақта бизнестерін де дөңгелетіп отыр. Сондықтан таза қазақ тілінде ағылшын тілін меңгеріп, жақсы жетістіктерге жетуге болады", - деп атап көрсетті Байдрахманов.

Оның сөзіне қарағанда, ағылшын тілін жақсы үйрену үшін 700-800 сөз жетіп жатыр. Осы сөздердің бәрін біріктіріп, ағылшынша әжептәуір сөйлеуге де, жазуға да болады. Сондықтан тілді үйрену үшін сөздік қорды барынша арттыру қажет.

"Енді, ағылшын тілін үйренгенде орыс тілінің пайдасын да айтпай кетуге болмайды. Мысалы, мен өзім оның көмегіне жүгінбей, ағылшын тілін меңгердім деп айтсам, өтірік болады. Әрине, орыс тілінің көмегі бар. Бірақ ағылшын тілін қазақ тілі арқылы үйренуге ден қою қажет. Бірақ ол үшін көп еңбектену керек", - дейді Байдрахманов.
Просмотров материала: 1 549

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 151 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 122 983 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 625 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 650 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 956 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 468 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 647 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 714 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 900 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 047 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 425 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930