22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Гульжан Карагусова: «Тек қана орысша айтам»

03 июнь 2019, 15:54
Гульжан Карагусова: «Тек қана орысша айтам»
«Қарақұсова қазақтарға қатты өкпелепті» деген жел сөз желіде желдей есіп жүрген соң, қарадық, тағы. Сөйтсек, рас екен. Өкпелепті. «Қазақшамды қазақтар мазақ қылды» депті. Советтің уағында туғанын сылтау қып, «енді тек орысша сөйлеймін» депті. Бұл туралы abai.kz порталының тілшісі хабарлады.

«Это опять тоже самое… Тек қана орысша айтам. Ну нет интернетте солай жүр ғой… Что вот, Қарақұсова қазақ тіліні білмейді. Ол менікі кінәлім емес. Сағат оқыдық тағы…».



Бұрындағы «Аузыма жалаңдатып тілді бердің, ырзығын теріп жесін, өлмесін деп»деп келетін Тоғжанның «гөй-гөйі» бар еді ғой. Ал бұл енді Гүл апаның «гөй-гөйі». Тек Қарақұсованың қазақ тілін білмеуі өз басына таяқ боп тиіп жатыр-ау…

Жалпы біз осыған дейін Гүлжан Қарақұсова туралы көп жаздық. Оның шата тілде шатып-пұтып сөйлеген сөздерін де сынадық. «Кемпір-шалдарға пансионат салу керек» дегенін де сөктік. «Біздің совет одағы» дегені үшін де шүйліктік. Бәрін жаздық.

Тек осы әр кез тілшілердің сұрағына тілін сындырып, ежіктесе де қазақша жауап беруге тырысатыны үшін ішіміз жылы тартатын.

Рас, Қарақұсованың қазақшасына күле қарап, келемеж қылғандар болды. «Бір бала да, екі бала…» деп былдырлағанына күлкің келеді-ақ, әрине. Былтыр өзінің қазақшасына күлгендерге Қарақұсова: «Қазақ тілін үйрене беремін. Бірақ тілді үйреніп жүргенім үшін қолдау керек. Енді ғана бастадым. Неге? Себебі, 50 жыл бойы мен орыс тілінде ойлап, оқып, жұмыс жасадым» деп жауап берген еді.

Зейнетке жеткен жасында қазақ тілін үйреніп, журналистерге қазақ тілінде сөйлеуге тырысуын қолдағандар болмады емес, болды.

Жалпы Гүлжан Қарақұсова сауатты әрі білікті маман дейді білетіндер. Экономист. Ғылым докторы. Профессор. 16 жыл бойы депутат. Сенатты да көрді, Мәжілісті де көрді. Бір жылдары министр де болды. 3 баласынан 8 немере сүйіп отырған әже. 3-4 орден, 7-8 медалі бар. Қызметіне қарасаң, сауатына шек келтергің жоқ. Кейде, екінің-бірі айта алмайтын мәселелерді Мәжілістің мінберінен батыл айтады. Ал кейде «аузым апамдікі еді» деп қойған жерден салып қалатыны тағы бар.

Қарап отырсақ, Парламент сайтындағы өмірбаянында «ағылшын тілін меңгерген» деп жазып қойыпты. Демек, тіл үйренуге қабілетті адам. Ендеше неге әлі күнге қазақ тілін, өзінің ана тілін үйрене алмай жүр дейміз…

Анығында «енді тек орысша айтамын» деген Қарақұсова Парламенттегі мемлекеттік тілден безінген, қазақша сөйлеуден үзілді-кесілді бас тартқан жалғыз депутат емес. Сөйлегісі келмейтін, келсе де сөйлей алмайтын депутаттар қаншама?!

Мәжілістің VI-шақырылымындағы ұлы өзге депутаттарды алдымен тізіп шығалық. Олар:

Ирина Аронова,

Галина Баймаханова,

Владимир Божко,

Светлана Бычкова,

Сергей Звольский,

Наталья Жылқышиева,

Сенежанна Имашева,

Павел Казанцев,

Роман Ким,

Иван Клименко,

Евгений Козлов,

Владислав Косарев,

Магеррам Магеррамов,

Наринэ Микаелян,

Ахмед Мурадов,

Екатерина Никитинская,

Василий Олейник,

Артур Платонов,

Альберт Рау,

Сергей Симонов,

Ирина Смирнова,

Александр Суслов,

Юрий Тимощенко,

Ирина Унжакова,

Шакир Хахазов,

Тарас Хитуов,

Михаил Чирков,

Петр Шарапаев,

Геннадий Щиповских,

Ольга Шишигина,

Глеб Щегельский,

Татьяна Яковлева.

Пәлен жылда екі-ауыз сөз қазақша айтқан болар деген үмітпен, сойы қазақтарды тізімдеп жатпадық. Ұлтаралық азардықты тудыру да ойымызда жоқ. Бұлар Қазақстан Республикасының азаматтары. Қазақстанның негізгі Заң шығарушы органында жұмыс жасайтын адамдар. Осы азаматтардың ішінде қазақ тілінде, Қазақстанның мемлекеттік тілінде мүдірмейтін жалғыз адам – Геннадий Щиповских шығар, бір білсек. Геннадий қайсыбір жылы тіпті, қазақша білмейтін қазақ министрі Қалмұхамбет Қасымовқа шүйліккен.

Өткен жылы президент Назарбаев Үкімет пен Парламентке қазақша сөйлеңдер деп тапсырма бергенде Наринэ Микаелян, Магеррам Магеррамов пен Ирина Унжакованың тіл сындырып, қазақша сөйлегенін көрдік. Басқалары ше? Қашан, қай жерде сөйледі, қазақша? Бәлкім біз естімеген шығармыз. Көрмеген-білмеген шығармыз…

Мәжілістің соңғы сайлау 2016 жылы болды. Содан бері 3 жыл өтті. Осы азаматтардың қайсысы қазақ тілінде сөйлеп, қазақ тілінде сұрақ қойды?

Мемлекеттің Ата Заңында, 7-бапта «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деген сөз тайға таңба басқандай жазылған. Ол аз десеңіз, 1997 жылғы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң бар. Сол Заңның 4-бабында: «Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы» деп жазылған.

Ал біздің депутаттар «енді тек орысша сөйлеймін» дегенді бедірейіп тұрып бетіңізге айтады. Сонда депутаттар үшін жоғарыдағы Заң талаптарын орындау міндетті емес пе?

2018 жыл. Үкіметте есеп берген ҚР Мәдениет және спорт министрі Қазақстан халқының 83,1 пайызы қазақ тілін еркін меңгергенін айтты. Бұл шындық. Бұл факті. Бұл статистика. Қоғам қазақыланды. Мемлекет қазақтілді болды. Қазақ тілі – доминантты тілге айналды. Енді сол мемлекеттің депутаттары да қазақша үйренетін уақыт жетті.Өйткені – аудитория қазақ тілінде сөйлейді.

Әрісін айтпай-ақ, қояйық. Тәуелсіздік алғанымызға биыл 28 жыл. Ағылшын тілін 6 айда үйренуге болады. Қазақ тілін үйрену үшін – 28 жыл жетпей ме, сонда? Өздері өмір сүріп, жұмыс жасап, нан тауып жүрген елдің мемлекеттік тілін білуі міндет. Мемлекеттік тіл емтиханы – президенттен ғана емес, барлық лауазымды шенеуніктерден алынуы керек. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі! Қазақ тілін білмейтін, қазақ тілінде сөйлемейтін депутаттар орындарын босатуы енді талап!
Просмотров материала: 2 609

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 261 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 093 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 734 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 758 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 066 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 474 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 651 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 718 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 906 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 052 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 431 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930