24 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ауыл ахуалы – әкімдер жұмысының көрсеткіші

Ауыл ахуалы – әкімдер жұмысының көрсеткіші
Қазақтың қасиетті құтты мекені, алтын бесігі ауылдың әлеуметтік ортасын жаңғырту мақсатында бүгінде өңірлерде «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүзеге асырылуда. Елбасы Жолдауында аталған жоба арқылы қазақстандықтардың жергілікті жердегі еңбегіне қатысты идеологияны қолға алу әкімдіктегілердің міндеті екенін атап көрсеткен болатын.

Осы орайда Түркістан облы­сын­­да­ғы аудан, қалаларға алдағы үш жылда 1 млрд теңге көлемінде қаржы бө­лінбек. Бұл қаражатты дұрыс ба­ғыт­та жұмсап, игерген ауданға ке­йін­­гі жылы 2 млрд теңге берілсе, ал игере алмаған аудан­дардың қара­жа­­ты керісінше қыс­қа­­рып отырады. Аудан әкімдерінің жұ­мысын баға­лауға да бұл бастама сеп­тігін тигі­зе­тін болады.

Ал қаражат халыққа пайдасы тие­­тін, нәтижесі көзге көрінетін, жыл­­дар бойы шешімін таппаған мәсе­­­ле­лерді шешуге жұмсалуы тиіс.

«Ел­басы Н.Назарбаевтың «Ауыл – ел бесігі» жобасына сай, әр аудан­нан үлгілі ауыл жасауымыз керек. Атал­­ған жұмыстар биылдың өзінде аудан, ауыл тұрғындарының өмі­рін жақ­сартуға мүмкіндік бере­ді», – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс­тық мәслихаттың кезекті сессия­сын­да.

Түркістан қала­сын, аудан және ауылдарды да­мыту, облыстың мәдени-рухани саласын жаңғырту, агроөнеркәсіп кешені мен индустриялық аймақ­тар­­ды көтеру – алдағы жылдары өңір үшін басымдыққа ие негізгі ба­ғыт болмақ. Жүйелі нәти­же бе­ре­­тін, өзекті мәселелерді шешуге бағытталған міндеттерді ай­қын­­даған облыс әкімдігі атқа­ры­­латын нақты жұмыстарды да жос­парлап қойыпты.

Бұл орайда өңір­дегі 9 индустриялық аймаққа талдау жүргізіліп, олар­дың арасында нашар немесе мүлдем жұмыс істемейтіндері анық­тал­ған. Сөйтіп жұмысы тұра­ла­ған аймақ­тардың орнына машина құ­рас­тыру, азық-түлік өндірісі мен жеңіл өнеркәсіп, құрылыс ин­дустриясы секілді бағыт­та бел­сен­ді серпін беретін Кентау, Түр­кістан қаласы мен Ордабасы ауда­нын­дағы индустриялық аймақ­тар­­ға басымдық берілмек. Негізгі қаржы да осы жоба­ларға салынатын болады.

Мәсе­лен, Кентаудағы индус­триялық аймақтың көлемі 300 гек­тар­ға ұлғайтылады. Индус­трия­л­ық аймақты арзан энерге­­тикалық қор­мен қамтамасыз ету үшін Кен­тау қаласындағы жылу электр орта­лығы қайта құрылып, газбен қам­ту инфрақұрылымын жүр­гізу жос­парлануда.

Әрине өңір эконо­ми­касының басты драйвері саналатын ауыл шаруашылығы саласы да ерекше назарға алынады. Бүгінде облыс­та ауыл шаруашылығына арнал­­ған 6,7 млн гектар жер бар, оның 5,6 млн гектары жайылымдық жер. Ал 518 мың жер телімі, яғни 425 мың гектар суармалы.

Облыс әкі­мі­н­ің айтуынша, қосымша 250 мың гектар жерді суармалы жер қатарына қосу қажет. Себебі суармалы жерден түсетін кірістер 3-4 есе жоғары болады. Аталған жерді айналымға енгізу арқылы облыс­тың 20 мың тұрғынын жұмыс­пен қамту көзделуде.

Сондай-ақ об­лыс бюджетінің кіріс бөлігі екі есе ұлғайтылмақ. «Облыс тек 53 млрд теңге ғана кіріс табуда. Ме­нің ойым­ша, облыс кірісін 100 млрд теңгеге дейін, яғни 2 есеге ұл­­ғайтуға қабіле­тіміз жетеді. Сон­дық­тан да бюджет­тің кіріс бөлігін ұлғайту жө­нін­­дегі жұмысты жоспарлы түрде жүр­гізу керек. Сон­дай-ақ респуб­ли­ка­лық бюджет қара­жаты қаралған облыстың кешен­ді даму жоспарын қайтадан дұ­рыс­тап қарау қажет», деді Ө. Шөкеев.

Өңірді дамытудағы басымдыққа ие бірінші негізгі бағыт бойынша Түр­кістан қаласы облыс орталығы ғана емес, түркітілдес елдердің рухани орталығына айналуы тиіс. Бұл орайда қаладағы әкімшілік-іскерлік орталығын және рухани-мәдени нысандардың құрылысын уақтылы әрі сапалы жүргізу міндеті тұр. Жалпы, облыс орталығында 89 нысанның құрылыс жұмыстары жүргі­зіледі.

Түркістанның ескі ша­ғын аудандарындағы үлкен 5 көше күр­делі, 27 көше орта жөндеуді қажет етеді, 62 шақырым жол рет­те­леді. Сонымен бірге орталық көше­лердің жан-жағын абаттандыру, шамамен 42 шақырым көшеге жарық­тан­дыру, тротуар салу жұмыстары жүр­гізіледі. Қала­ның ортасынан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистралы өтетіні ескеріле отырып, сауда саласын да­мыту, туристерді көп­теп тарту мақсатында заманауи сауда ке­ше­ні ашылмақ. Бірегей қол­өнер бұйымдарын, ұлттық бұйым­дар­ды даярлайтын, технологиясын оқы­татын ірі қолөнер орталығын салу да көзделіп отыр.

Дереккөз: Егемен Қазақстан
Просмотров материала: 1 651

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 555 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 386 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 027 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 051 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 359 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 493 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 666 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 735 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 927 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 071 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 452 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 328 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 653 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 549 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 358 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 462 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 657 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 325 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 670 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 435 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 431 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 272 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 117 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 363 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 295 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 826 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 174 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 150 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 369 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 697 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 120 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 136 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 178 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 101 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 334 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 485 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930