25 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматыда «7-20-25» баспанасының былығы ашыла бастады

21 май 2019, 11:26
Алматыда «7-20-25» баспанасының былығы ашыла бастады
Алматыда өткен жылы ғана үйлі болған 72 отбасы баспанасыз далада қаламыз ба деп үрейленіп отыр. Бұл шуды естіген тағы 72 жанұя пәтерлеріне көшіп келу-келмеулерін білбей, жандарын шүберекке түйіп отырғанын айтуда.

Олардың басым бөлігі өткен жылдан бері жыр болған «7-20-25» және «Бақытты отбасы» бағдарламасымен үйлі болғандар, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Бірақ, былық тек адамдар пәтерді алып қойғаннан кейін ашылып отыр. Сөйтсе, ол көпқабатты үйлер бой көтерген жер телімін қолдануға тыйым салынған екен.

Ол жерде тұрғызылған үйлер былтырдан бастап пайдалануға беріліп қойған. Көпшілігі пәтерді «7-20-25» және «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша алып, қоныс тойын тойлап та қойыпты. Бірақ, баспаналы болдық деп қуанған тұрғындар бүгінгі күні үреймен отыр.

Себебі, көпқабатты үйлер басқа компанияға тиесілі жерге заңсыз салынған болып шығып, бұл іс сотқа бір-ақ жеткен.

Өздерінің тұрғын үйінің заңсыз жерге тұрғызылғанын естіген жұрт енді бізді үйден қуып шықпақ деп шырылдауда.

«Құрылыс компаниясы біздің үйдің орналасқан жерін сотқа берген. Енді бәрімізді тоқтатпай сотқа шақырып жатыр. Олар бізді үйімізден қуып шықпақ. Не пәтер үшін төлеген ақшаны да қайтарып бермейміз деп отыр.

Онда біз далада, тіземізді құшақтап қаламыз ғой»,- дейді баспаналы болған Алматы тұрғыны Дәния Ысқақова.

Ал, жоспар бойынша ол жер учаскесінде 3 бірдей көпқабатты үй салынуы керек екен. Олардың бірі аяқталып пайдалануға берілгенімен, үй

иелері бүгінде сергелдеңге түсіп жүр. Бұдан бөлек, екінші тұрғын үйдің де құрылысы аяқталып қалыпты. Бірақ, соңында жерге байланысты мынадай дау туғаннан кейін қалған үй иелері пәтерлеріне не көшіп келерін, не келмесін білмей дал болуда.

«Пәтердің кілтін алып, жөндеу жұмыстарымен айналысып жатырмыз. 4 моллионға банкке кепіл қойғанмын. Жөндеу жұмыстары да 2-3 аптаның ішінде біткелі тұр. Ал, қазір осындай сұмдықты естіп отырмыз», - дейді Алматы тұрғыны Бағдат Қаленов.

Жаңа қоныс иелерінің қорқынышына айналған құрылыс компаниясы болса, ол жер телімін 2 жыл бұрын сатып алғандарын айтады.

Алайда, Алматы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорыны бұған дейін рәсімделген 2014 жылғы келісімді заңсыз деп, сотқа жүгініпті.

«Бұл жерді біз салып алып, тіркеуден өтіп қойғанбыз. Сондай-ақ, келісім кезінде де үшінші тарап деген сөз болған емес. Құжат бойынша да жердің заңды иесі біз.

Бұған дейін не болғанында хабарым жоқ, ол жерді біз 2017 жылы салып алғанбыз»,- дейді «ЖВК» ЖШС директоры Саяуш Нұртазин.

Арызданушылардың мәліметіне сүйенсек, дау туған жер телімін 2008 жылдан бастап пайдалануға тыйым салынған. Бірақ, біраз жылдардан кейін жер иесі жерді біреуге сыйға беріп, кейін бірнеше рет саудаға салыпты.

«Қазір жердің қандай себептермен бірнеше мәрте сатылғанын анықтаудамыз. 2014 жылы 1 аптаның ішінде жер телімінің 3 рет иесі ауысып, келісім жасалған болып шықты.

Осыдан күдік туындап отыр. Ал оған қандай жағдайда негізделіп тыйым салынғаны әлі белгісіз.

Бірақ тұрғындарға қарсы ешқандай шағымымыз жоқ»,- дейді «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС заң басқармасының басшысы Максим Бакулов.
Просмотров материала: 1 731

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 192 363 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 191 927 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 191 468 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 191 515 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 191 861 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 189 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 300 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 578 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 964 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 080 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 493 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 376 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 553 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 369 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 199 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 610 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 444 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 132 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 539 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 299 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 243 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 919 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 208 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 139 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 639 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 388 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 968 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 228 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 594 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 981 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 926 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 964 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 179 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 330 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031