21 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда ұрықтандыру жасататын жұптар саны артуда- гинеколог-репродуктолог

14 май 2019, 12:54
Қазақстанда 25 жасқа дейінгі бала туатын жастағы қыздар арасында ерте жүктілік және аборт тақырыбы өзекті болып қалуда. Өкінішке қарай, әйелдер қауымы арасында көпшілігі абортты қажетсіз жүктіліктің алдын алудың бірден-бір тәсілі деп санайды.

Аборттан кейінгі ең қорқынышты диагноз-бедеулік. Бүгінгі таңда елімізде әрбір бесінші отбасы осындай жағдайды басынан өткеруде. Сондықтан репродуктивті денсаулық тәуекелі факторларының алдын алу және оларды басқарудың жүйелі тәсілін қолдану өте маңызды.

Сарапшылар Алматы қаласының жоғарғы оқу орындары студенттерінің арасында зерттеу жүргізген болатын. Респондент-қыздардың көпшілігі, 57%, 20-25 жас аралығында отбасы құруды жоспарлайды екен ал, респондент-ұлдардың 30% 20-25 жас аралығында, 34% 25 жастан кейін отбасы құруды жоспарлайды.

Сауалнама барысында респондент-қыздарда да және респондент-ұлдар да репродуктивті денсаулыққа кері ықпал ететін факторлардың қатарына зиянды әдеттерді (31% қыздар және 30% ұлдар), жыныс жолдарымен берілетін ауруларды (20% қыздар және 18% ұлдар),

тәуекелді жыныстық әрекетті және контрацепциялардың болмауын (9% қыздар және 21 % ұлдар) жатқызды. Қыздардың 44% және ұлдардың 27% барлық факторларды кері ықпал етеді деп санайды.

Алматылық репродуктивті медицина орталығының гинеколог-репродуктологы Ләззат Айтқожина жүздеген әйелге ана болу бақытын сезініп, өмірдің мағынасын табуға көмектескен жоғарғы санатты дәрігер. Қазіргі таңда бедеулік көрсеткіші артып отырғанын да маман жасырмайды.

«Бала барлығына керек. Бедеуліктің себептері әртүрлі болуы мүмкін. Бұл негізінен эндокриндік факторлардан, семіздік, труба факторы, ерлер факторы, жыныстық жолмен берілетін түрлі аурулар қатары, экология әсерінен болуы мүмкін.

Дұрыс тамақтанбау мен салауатты өмір салтын ұстанбау да себепші болып жатады. Жылына біз экстракорпоралдық ұрықтандыру бойынша 4 мың түрлі бағдарлама дайындаймыз»,-деді дәрігер.

Ләззат Айтқожинаның айтуынша, ұрықтандыру- «зергерлік өнер» сияқты, сондықтан эмбриондармен барлық емшаралар микроаспаптарды қолданып, зор ұлғайтумен жасалады.

«ЭКО жасату бала сүюге 100% кепілдік бермейді. Нәтиже 50-50 болуы мүмкін. Алғаш рет нәтиже шықпай қалатын жағдайлар көп кездеседі. Бірақ көптеген ата-аналар берілмейді, біздің барлық ұсыныстарымызды басшылыққа алып, қажетті ем алып қайта оралады.

Мысалы, менде 2007 жылдан бастап жүкті болуға тырысып жүрген пациент бар. 11 жыл бойы ол ана бақытына ие болу үмітімен бізге келуде. Біз онымен бірге осы мақсатқа қол жеткізу үшін барлық мүмкіндіктерді жасап келеміз. Үмітіміз әлі де бар»,-деді маман.

Қазақстанда жыл сайын шамамен 20 мың жұп баласыз болып келеді. Сол себепті әйелдердің орташа 15-20% -ы экстракорпоралдық ұрықтандыруға жүгінеді. Көп адамдар квота кезегін күтуде.

Бұл ретте еліміз бойынша тегін ЭКҰ квоталарының саны небәрі 900. Емделушілер өз кезегін бір жыл немесе одан да көп күтуіне тура келеді.

Осы күні жыныстық қатынасқа түсіп жүрген респонденттердің басым көпшілігі контрацептивтерді пайдаланады (97% қыздар және 99% ұлдар). Оның ішінде респонденттер котрацептивтердің әртүрлі әдістерін пайдаланады.

Мәселен,респондент-ұлдардың 91% презервативтер пайдаланады, респондент-қыздардың 43% бала бітірмейтін таблеткаларды пайдаланатын болып шықты.

«Бедеуліктің салдарларымен күресуден көрі, алдын алу жұмыстарын жүргізу және тұрғындарды ақпараттандыру барынша тиімдірек. Әрбір емделушінің өз денсаулық анамнезі бар.

Әу бастан өз денсаулығына дұрыс қараған адам көптеген қиындықтардың алдын алады. Әрине, ЭКҰ әдісіне жүгінген жандарға біз көмекке келеміз. Алайда,процедура алдымен үлкен қаражатқа келіп тіреледі. Өйткені үнемі анализдер тапсыру, тексеруден өту қажет.

Пациенттердің ыждаhаттылығына да көп нәрсе байланысты. Сенім мен үміт бар жерде, шын мәнінде, ғажайыптар болады»,-дейді маман.

Ләззат Айтқожинаға күніне қабылдауға 25-ке жуық адам келеді. Олардың төртеуі-жаңа пациенттер болса, қалғандары емдеу курсынан өтіп жүргендер мен ЭКҰ жасауға дайындалатындардың қатарынан. Жылына ол 500-ге жуық емделуші қабылдайтынын айтты.

Алматыдағы репродуктивті медицина орталығы орта Азиядағы ең үлкен орталық болғандықтан отбасылар тіптен Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан мен басқа да ТМД елдерінен келуде. 5-6 жыл ішінде 500-ге жуық әйел дәрігердің көмегімен ана болу бақытын ие болды.

«Біз жаңа технологияларды қолданамыз. Сапалы генетикалық талдау жасайтын арнайы аппарат бар. Егер бұрын біз тек 9 хромосомаға талдау жасай алатын болсақ, қазір эмбрионды жатырдың қуысына ауыстырғанға дейін ұрықтың денсаулығын анықтауға болатын,

яғни барлық 23 хромосомалардың генетикасын тексеруге мүмкіндік бар. ДНҚ фрагментациясын тексеретін аппарат та қолданыста»,-деді дәрігер.

Бірнеше жыл бұрын бағдарлама бойынша 10 әйелдің тек 20-30% - ы жүкті болса, бүгінде бұл көрсеткіш 75% - ға дейін өскен. Бұл жаңа әдістер мен заманауи технологияларға да тікелей байланысты.

Мамандар отбасылық жұптар дәрігерге уақытында жүгінсе дейді. Себебі уақытты жіберіп алмау өте маңызды.
Просмотров материала: 1 065

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 144 695 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 144 497 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 144 158 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 144 179 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 144 484 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 569 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 722 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 864 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 384 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 587 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 641 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 896 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 865 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 746 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 566 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 703 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 858 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 525 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 887 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 622 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 627 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 470 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 313 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 561 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 502 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 013 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 425 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 347 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 583 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 935 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 344 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 328 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 370 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 314 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 537 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 685 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930