18 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әлмерек бабаға тәу еткен орыс қызы азапты аурудан құтылған

18 апрель 2019, 16:09
Әлмерек бабаға тәу еткен орыс қызы азапты аурудан құтылған
Алматылық Ольга Лысенко күтпеген жерден денсаулығы сыр беріп, анорексия дертіне шалдығады. Тұрса басы айналып, ішкенінің бәрін құсып, іші де тоқтамай, жарты жылдың ішінде 12 келі тастаған Ольга ауруына шипа іздеп әбден шаршайды.

Ольганың сырқатының нақты диагнозын таппай, дәрігерлер де шарасыз күйге түсіпті. Ольганың тұтас ағзасына тексеру жүргізсе де, ағзадағы кінәратты таппайды. Салдарынан қыздың денсаулығы күн санап нашарлап, ақырында құр сүйегі қалған ол есік алдындағы дүкеннің өзіне бара алмайтын халге жетіпті.

«2016 жылы менде диарея болды. Бәрі осы іш өтуден басталды. Алғаш рет дәрігерге қаралғанда, олар бауырда өзгерістер бар деп соған сай ем белгіледі. Бірақ ол еш көмектескен жоқ. Оған артынан жүрек айну, құсу, асқазандағы қыжыл, бас айналу сынды белгілер қосылды», деген Ольга тек арпа ботқасын, сорпа ғана, оны өзін татып қана ішеді екен. Осылайша ол жарты жылда 12 келі салмақ тастап, 42 келіге арықтайды.

Дәрігерлер обыр дертіне де тексереді. Сараптама нәтижесі ағзаның таза екенін көрсетеді. Дәрігердің нұсқауымен ине де салып, түрлі антибиотиктер ішкен Ольга дертіне шипа таппайды.

Осылайша әбден тығырыққа тірелген орыс қызы 2018 жылдың ортасында ерекше түс көреді. Оған Әлмерек бабаның өзі аян беріпті.

«Түсіме бір ата кірді. Әлмерек атамын деді. Қасиетті бұлақ көзі бар, соған бар деді маған. Ап-анық айтты. Әрі үлкен кісі екен. Содан интернетті шарлап, іздеп көрдім. Сөйтсем, ол қала сыртында Покровка елді мекенінде орналасқан екен. Ал мен Алғабаста тұрамын. Ол кезде көлікпен де жүре алмайтын едім. Содан бара алмадым», - дейді ол.

Бірақ интернеттен Әлмерек бабаның батасын алған Сәуле деген массажист туралы мақаланы көзі шалады. Хабарласса, ол кісі өз үйінен 200 метр жерде тұрады екен. Содан түсім бекер емес, бұл кісінің мәліметін де кездейсоқ кездестірмеген шығармын деген ой Оляны мануальды терапевтке алып келеді.

Оля бұл кісінің қарауында 11 ай емделіп жатқанын, қазір денсаулығы жақсарып, тіпті үш келі қосқанын да айтады.

«Сәуле апай маған бірден анорексия, қан айналымының нашарлауы деген екі диагноз қойды. Сөйтіп сол бойынша ем тағайындады. Ол кісінің емі – массаж. Онда да ол жәй уқалау емес, нерв нүктелерімен жұмыс істейді», деген Ольганың қазіргі жағдайы өте жақсы.

«Дәрісіз жүре алмайтын едім. Айына тек дәрінің өзіне 60-100 мың теңге жұмсап қоятынмын. Оның өзінде олар көмектеспейтін еді. Осы тозақтан құтылғаныма Құдайыма мың шүкір айтамын. Әлмерек атаның басына да барып, тәу етіп қайттым өткенде. Қазақта әулие кісілер көп екен ғой, бұл туралы мен бірінші рет біліп отырмын», - дейді Алматы тұрғыны.

Дереккөз: Sputnik.kz


Просмотров материала: 1 611

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 227 147 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 226 843 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 226 349 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 226 393 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 226 753 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 103 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 119 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 471 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 172 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 189 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 394 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 969 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 107 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 710 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 595 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 657 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 832 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 584 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 8 004 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 776 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 593 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 452 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 287 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 657 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 521 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 020 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 468 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 339 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 572 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 975 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 319 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 254 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 398 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 335 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 595 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 709 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30