22 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мектеп директорын сайлау қажет пе?

16 апрель 2019, 17:15
Мектеп директорын сайлау  қажет пе?
Директорларды арнайы дауыс беру арқылы әр 5 жыл сайын жаңартып тұрған дұрыс па, әлде директор сайлау мәселесін басқаша тұрғыдан реттеп, ойластырған жөн бе? Осы сұрақ аясында өз пікірлерін білдірген ұстаздардың басым бөлігі мектеп басшысын белгілі бір уақыт аралығында ауыстырып тұрғанды құп көреді. Ал бес жыл сайын басшылықты ауыстыруды қолдамайтын мұғалімдердің де өзіндік айтары жоқ емес.

Қазақстанда мектеп директорын сайлу тақырыбы кеше -бүгін көтерілген жоқ. Бұл мәселенің айтылып, жазылып келе жатқанына ондаған жыл болды. Мектеп басшысын дауыс беру арқылы сайлау ұсынысы да себепсіз пайда болмады. Соңғы жылдардағы еліміздің әр аймақтарында мектеп директорына қатысты түрлі даулы мәселелер туындап, мұндай жайттар жиілеп те кетті.

Мектеп директоры дегеніміз Қазақстанда жартылай Құдай екені жасырын емес. Әр мектеп директорының басқару жүйесі әртүрлі болғанымен, түптеп келгенде, біздің елдегі директорлардың ұқсас тұстары көбірек.

Мәселен, мектепке жаңадан мұғалім болып орналасу үшін директорға әр аймақта әртүрлі көлемде «сыйақы» ұсыну дәстүрге айналғаны шындық. Ақша бермей, мұғалімдік жұмысқа тұру Қазақстанда қиямет-қайыммен бірдей десек, артық айтқандық емес.

Сонымен қатар, әр директордың «ішкі тәртіп, ереже» деп аталатын басқару құралы да жоқ емес. Ұстаздарға көше сыпырту, мұғалім міндетіне кірмейтін түрлі іс- шараларға қатыстыру және «адам санын толтыру» сияқты тапсырмалар еш бітпейді.

Бұл аз десеңіз, біздегі білім саласы қағазбастылықтан арылудың орнына, керісінше батып барады. Қағазбастылықтың да қомақты үлесі мектеп директорының «бұйрықтарында» болатыны рас. Ал тамыр-танысын салып жүріп, қыруар қаржы беріп директорлыққа қол жеткізген басшының кеткен шығын орнын толтыру үшін мұғалімді жұмысқа тек ақшамен алу үрдісінің етек жайғаны сонша, бұл жағдай жазылмаған заңға айналғандай.

Білім саласындағы осындай олқылықтың орнын толтыру, реттеу мақсатында және коррупцияны жою үшін мектеп басшысын белгілі бір мерзімге сайласа, жоғарыда сөз болған проблемалардың біразының түйіні тарқайды ма?

Facebook әлеуметтік желісіндегі «Қазақстан ұстаздары» тобында осы мәселеге байланысты сауалға пікір жазған мұғалімдердің басым бөлігі бұл ұсынысты қос қолмен қолдайтынын білдіріпті.

Желі қолданушы Гүлнар Жумаева:«Дұрыс, директорды жоғарыдан тағайындауды тоқтатып, біліктілігіне, іскерлігіне қарай сайлауды енгізу уақыты жақындаған сияқты.Кеңес кезінде депутат Федотованың арқасында жүктеме 14 сағат болып, бірақ ұзаққа бармаған.Сол кез тиімділігін дәлелдеген, бірақ мұғалімге ақша қимайтындар оны да көп көрді» деген пікірде.

Ал Maksat Zhumagali атты желі қолданушы: «Директорлар өздері орнынан түспеу үшін, ұжымдағы адамдарды дауыс беру кезінде түрлі айла тәсілдерімен қайтып отыру үшін барын салмай ма», - деген қаупін жасырмайды.

Мектеп директорын сайлау  қажет пе?
Біздің директорды сайлау туралы сауалымызға Шымкент қаласындағы №1 Пушкин атындағы мектептің ұстазы Айнұр Абдулхаева (суретте): «Еліміздегі мектеп директорларын жаппай сайлау керек дегенді жан-жақты қарастыру қажет деп санаймын. Директордың атқарған жұмысына баға беру арқылы анықталуы қажет бұл мәселе», - деген ол ауқымды жобалар бойынша жүйелі түрде жұмыс істеп отырған директорлар бар екенін алға тартады.

«Егер сондай басшыны бес жылдан кейін ауыстырар болса, әлгіндей жобалар жүзеге аспай, жарты жолда қалып қоймай ма? Сондықтан меніңше, мектеп директорын сайлау үшін сол мектеппен тығыз байланыстағы ата-аналар, оқушылар және мұғалімдер директордың атқарған жұмыстарына баға берсе. Сосын жасырын дауыс арқылы сол ата- аналар, оқушылар мен мұғалімдер директордың орнында қалу қалмауын шешсе», - дейді Айнұр.

«Директорлықты мансап көретін және елімізде көптеп кездесетін, көкесінің арқасында мектеп басқарып отырғандар сол кезде өзінің шамасын байқар еді. Түк бітірмей, күркіреп бастық болып жүрген директорлар көп. Алайда оқушының оқуына, тәрбиесіне қайтсем елеулі үлес қосам деп, тынбай еңбек етіп жүрген директорлар да жоқ емес. Әлгіндей сайлау сондай мықты директорларға кесірін тигізбесе екен», - деген шымкенттік мұғалім Абдулхаева директорды сайлау мәселесін халықтың талқысына салу керек деп санайды.

Меруерт ХУСАИНОВА, Матрица.kz

Просмотров материала: 4 283

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 209 851 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 209 515 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 209 001 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 209 045 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 209 421 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 178 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 212 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 510 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 163 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 242 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 423 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 721 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 780 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 494 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 367 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 165 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 595 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 317 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 723 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 527 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 376 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 216 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 076 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 412 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 298 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 780 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 965 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 132 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 367 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 748 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 108 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 050 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 185 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 337 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 497 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031