6 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Тоқал болу» әлеуметтік проблеманы шешіп, некесіз қалудан сақтай ма?

11 апрель 2019, 11:09
«Тоқал болу» әлеуметтік проблеманы шешіп, некесіз қалудан сақтай ма?
Орта Азия елдерінің басым көпшілігінде көнеден жалғасып келе жатқан бір үрдіс бар. Ол - қалтасы мен қарыны қалыңдаған сайын немесе басқа да себептермен көп әйел алуға ұмтылу.

Ел салтында бұл жолға қандай жағдайда рұқсат етіледі және екінші әйелдердің қандай құқықтары бар? Заң бойынша көп әйел алуға мүмкіндік бар ма? Заңға қайшы әрекетке барғандарды қандай жаза күтіп тұр?

Осы сауалдардың жауабы сізді қызықтырса, әрі қарай парақтаңыз.

Көп әйел алу үрдісі ескіден келе жатқан неке мәселесі. Ислам дәуірі қанат жаймай тұрып та, аталмыш түйткілді мәселе Таяу Шығыс елдерінде болған. Мысалы, еврейлердің бұл үрдістен алыс емес екендігін дәлелдейтін дүниелер бар. «Көне өсиет» («Ветхий Завет») кітабындағы келесі жолдар дәлел болса керек: «Ламех те екі әйел алған: біріншісінің есімі – Ада, екіншісі – Цилла...», «Егер кімде-кім екі әйел алса, оның бірі – сүйікті, екіншісі – махаббаттан құралақан».

Ислам діні де көп әйел алу құқығын шектемейді, есесіне оған мүмкіндік береді. Қасиетті Құранда «Егер сіз жетімдерге әділ бола алмаймын деп қорықсаңыз, өзіңізге ұнайтын екі, үш немесе төрт әйел алыңыз» делінген.
Сонымен қатар, шариғатта әйел мен ер адамның құқықтары туралы да айтылады. Егер бірінші әйел келесі некеге разылық бермесе, онда ер адам басқа әйел ала алмайды. Көп жағдайда ұрпақ сүю мақсатында немесе бірінші әйелі науқастанып қалғанда разылық беріледі.

Орта Азиядағы мұсылман елдерінде Кеңес үкіметі орнаған кезде көп әйел алуға және қалыңмал төлеу салтына қатты шектеу қойылды. Уақыт өтті, дәуір алмасты. Кеңестер келмеске кеткеннен кейін ежелгі үрдіс қайта белең алуда.

Көп әйел алу үрдісінің белең алуына не түрткі?

Бұл тенденцияның трендке айналуына бірінші себеп – әйел затының ер адамдардан сан жағынан басым болуы.

Екінші себеп – Орта Азияда әйел затына неке құрмай қалуға болмайды. Сондықтан, өмір бойы жалғыз болғанша, біреудің екінші немесе үшінші әйелі болу бұл аймақта жөн саналады.

Үшінші себеп – әлеуметтік ахуал төмендеп бара жатқан елдерде тоқал болу арқылы бала-шаға асырау, кіріс көзі ретінде саналуы.
Ал негізгі, төртінші себеп – тоқал алудың трендке айналуы. Ескі дәуірде көп әйелді тек жағдайы жеткен ер адамдар алатын. Қазір желіккендер де жар санап жарысуда.

Бірнеше неке құруды заң құптайды ма?

Орта Азия елдерінің барлығында көп әйел алу үрдісіне заңмен тыйым салынған. Ал Түрікменстанда былтыр ғана бұл заң күшіне енді. Жаңа заң бойынша бірнеше әйелі бар ер адамдарды ұзақ мерзімдегі түзету жұмыстары немесе көлемді айыппұл күтіп тұр.
Қазақстанда Кеңес үкіметінің кезінде-ақ көп әйел алуға құқық берілмеген. Тәуелсіздік алғаннан кейін қабылданған Конституцияның 1998 жылы енген «Отбасы және неке» туралы заңында азаматтарға бір ғана неке тіркеуге рұқсат етілгені анық айтылады.

Ал Өзбекстанда көп әйел алған адам үш жылға дейін, Қырғызстанда екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тәжікстан заңы бұл норманы сақтамаған азаматтарды екі жылдық түзету жұмыстарына жегеді немесе әкімшілік айыппұл төлетеді.

Екінші әйел нені талап ете алады?

Екінші неке ешқашан және ешбір жерде тіркелмегендіктен, ол әрқашан заңсыз болып есептеледі. Ажырасу фактісі орын алды делік. Демек, тоқал тағдыры сот отырысында, сот үдерісінде дәлелдермен нақтыланатын болса ғана оң бағытта шешілмек. Оның өзінде тоқалдың тарапында оның балалары және сыйлық есебінде рәсімделген мүліктер ғана қалады. Ол ер адамның жалпы дүниесіне талас туғыза алмайды.

Екінші некедегі балалар турасында

Егер әкесі тоқалдан туған баласын қабылдап, оған өзінің атын, тегін берсе, онда баланың мұрагерлік құқығы бар. Ал «Туу туралы куәлікте» «әкесі» деген орын бос тұрса, онда олардың туыстық қарым-қатынастары жоққа шығады.

Тренд тауқыметі осыншалықты ауыр екен-мыс. Бірақ бұл елдегі әйелдердің, әсіресе екінші некеге тұрған төмен етектілердің өз құқығын белшеден басып жатса да «қыңқ» демейтін көнбістігі - тыныштықты ұстап тұрған бірден бір тірек.

Топан су тобығынан келмейтіндердің тоқалға келгенде тартынбайтыны да осыдан болар, сірә...


Қамшы.kz

Просмотров материала: 1 292

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 151 459 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 151 269 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 150 922 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 150 953 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 151 250 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 920 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 068 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 238 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 882 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 078 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 010 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 111 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 949 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 822 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 647 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 790 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 933 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 599 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 968 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 698 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 703 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 547 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 388 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 643 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 587 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 098 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 525 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 426 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 670 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 015 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 427 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 405 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 445 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 388 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 623 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 765 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30